Сабақ 1-2 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: Сабақ тақырыбы


Жоспарланған сабақ кезеңдері



бет170/183
Дата19.08.2023
өлшемі6,03 Mb.
#105397
түріСабақ
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   183
Байланысты:
7 сын Физ КМЖ обно

Жоспарланған сабақ кезеңдері:

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басталуы



Оқушыларды сабақ мақсатымен таныстыру. Бағалау критерилерін бірлесіп анықтау. Оқушыларға бір іс – әрекетті орындау алдында міндетті түрде дене мүшелерін қыздыру керек екенің ескертеміз.
Оқушыларға жалпы дамыту жаттығуларын жұппен, бірнеше топпен орындауға болады.

Үлкен кеністік, ысқырауық.



Сабақтың ортасы



Оқушылар жұпқа бөлініп, лақтыруға арналған бірнеше бастапқы, көмекші жаттығуларды орындайды.
1. Бастапқы тұрыс аяқтың арасы кең, бір – біріне жанмен тұрады. Оқушы өзінің әріптесіне баскетбол добын денесін бұру арқылы лақтырады. Осы жаттығуды 10 – 20 рет қайталау керек.
2. Бастапқы тұрыс екі оқушы бір – біріне қарама – қарсы тұрады. Бірінші нығыздалған допты (2 кг) оң немесе сол қолмен астынан лақтырады. Лақтыру алдында жартылай отырады. Әріптесі допты екі қолмен ұстап, бір қолмен лақтырып қайтарады.
3. Екі оқушы бір – біріне қарама – қарсы отырады. Бірінші оқушы нығыздалған допты (1 кг) кеуде тұсынан өзінің әріптесіне лақтырады. Оқушылардың ара – қашықтығы дайындық деңгейлеріне байланысты орнатылады.
Тапсырманы орындау барысында қауіпсіздік ережесі ескертіледі.
«Лақтыру және жүгіру». Оқушылар екі командаға бөлінеді. Одан бөлек әр команда екі топқа бөлініп бір – біріне қарама – қарсы тұрады. Сәйкесінше қарама – қарсы тұрған кезде, бірінің артына бірі тұрады. Екі топтың ара – қашықтығы 6 – 8 метр. Бірінші топқа доп беріледі. Белгі бойынша, бірінші тұрған оқушы допты жоғары тұсқа көтеріп, допты лақтыру керек. Доп 3 – 4 метр белгіленген жерге тиіп, қарама – қарсы тұрған команданың ойыншысының қолынан табылу керек. Екінші топтың оқушысы дәл солай қайтарады. Допты лақтырғаннан кейін, оқушы қарама – қарсы жақта орналасқан топтың артына тұрады. Мұғалім оқушылардың дұрыс лақтырғаның қадағалайды. Ережені бұзған командаға айып ұпайы беріледі. Өз орнына бірінші болып жеткен топ жеңіске жетеді. Ойын кезінде доп белгіленген нүктеге жету керек. Екі топтың ара – қашықтығы жас ерекшеліктеріне сәйкес өзгереді. Ойынның ұзақтығы мұғалім анықтайды. Допты белгіленген нүктеге тигізбеген үшін айып ұпайы беріледі. Допты тек бастан асырып лақтыру керек.

Үлкен кеністік, ысқырауық.
Ысқырауық, жалауша т.б. керекті құралдар.

Сабақтың соңы



Оқушылар қалыпқа келуге арналған жаттығулар түрлетін орындайды. Сабақтың аяғында оқушылар сабақта қай тапсырмаларды орындай алды, қай жаттығуларды орындау үшін біраз жұмыс істеу керек екенің өзара талқылайды. Оқушыларға орындалған жұмысқа байланысты өз бағаларын береді.

Үлкен кеністік, ысқырауық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет