Сабақ №1 «Жас тілші» үйірмесі Сынып: 9-сынып Сабақтың тақырыбы


Рефлексия «инсерт» кестесі арқылы жүзеге асады



бет4/4
Дата06.01.2022
өлшемі27,58 Kb.
#14374
түріСабақ
1   2   3   4
Рефлексия «инсерт» кестесі арқылы жүзеге асады.

«V» - «Білемін»

«-» «мен үшін түсініксіз»

«+» - «мен үшін жаңа ақпарат»

«?» - «мені таңғалдырады»



Бұршақ салынған қапшық.

«Инсерт» кестесі



Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе табысты болды? (Оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

  1. Сабақ барысында «Дыбыссыз кино» әдісі оқушыларға тиімді болды.

  2. Оқушылар тиімді ұйымдастырылған оқу әрекеттері арқылы білімдерін көрсете білді.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды?

Таратпа материалдары

  1. мәтін

Журналист мамандығы – қиындығы мен қызығы мол, жан-жақты білімділікті талап ететін жауапты сала. Өз шығармашылығы арқылы қоғамға да, адамға да қызмет ететін, ешқашан қателесуге болмайтын, қашанда жаңаның, жаңалықтың жақтаушысы, қолдаушысы бола алатын осы бір кәсіп иелерінің қатары жыл өткен сайын көбейіп келеді. Бұл әрине, қуантарлық жәйт. Ал сіз журналист деген кім және оның алғашқы ұшқындарының қалай пайда болғандығын білесіз бе? Журналист мамандығы қызықты әрі күтпеген кездесулермен, саяхатпен, ақпараттар теңізімен тығыз байланысты және бұл мамандықтың иесі бәрінен де бірінші хабардар болуы керек. Журналист болу – мақсаткер, талапшыл әрі бір уақытта тез тіл табысқыш, ықыласты, бауырмал болу деген сөз. Қоғамдағы құбылыстарды зерттеп-зерделеу жолында өзіңнің күшің мен уақытыңды аямайтын дәрежеге жеткенде, өзіңнің шын талантыңмен оқырманды баурап алатын шабытың шыңдалғанда ғана жақсы журналист бола аласың. Қаламың мен қағазың арқылы қорғансызға пана болып, әділеттік тапқанда, біреуге үміт ұялатқан сәтте осы мамандықтың құдіретін сезінуге болады. Журналистиканың нақты анықтамасы жоқ. Әркім оған өзінше анықтама беруге тырысады.

Мәселен: Журналистика – романтика... Журналистика – төртінші билік... Журналистика – газеттер мен журналдар... Журналистика – дүрліктіру, таңқалдыру және өтірік... Журналистика – радио және телевидение... Журналистика – репортер... Журналистика – шығармашылық....
Мәселен: Журналистика – романтика... Журналистика – төртінші билік... Журналистика – газеттер мен журналдар... Журналистика – дүрліктіру, таңқалдыру және өтірік... Журналистика – радио және телевидение... Журналистика – репортер... Журналистика – шығармашылық....

Журналист — бұл жаза алатын адам. Айтпағымыз аспаздыққа арналған кітапқа мәзір немесе туыстарына әдемі құттықтау жазуға икемі барлар емес. Ол әлемде болып жатқан алуан құбылысты зерттеп, саралай алатын, оны жазбаша әдемі жеткзіе алатын болуы керек. Құпия толы күнделіктерін, жазбаларын жазу үстелінде сақтап, өзін "қалам шеберімін" деп атайтындар журналист емес. Аталған мамандық иегерлері бұқаралық ақпарат құралдарына, интернет басылымдарға жаңалықтар, фотоесептер, мақалалар дайындайды. "Журналистика" термині француз тіліндегі «journal» сөзінен шыққан. Бұл – "күнделік", "журнал" деген мағынаны білдіреді. Ағылшын тілінде осыған ұқсас «journalism», неміс тілінде «Journalistik» деген сөздер бар. Ел аузында журналист мамандығын "екінші көне" мамандық деп атау қалыптасқан. Сөздің жаны бар, себебі Ежелгі Рим мен Грекия жерінде "журналистер" – шешендер, жаршылар мен хабаршылар бар болатын. Олар патша жарлығын халыққа жеткізу үшін қызмет ететін. Ежелгі Египеттегі перғауындар сарайында папирустан оралған газеттердің шығып тұрғандығы белгілі. Рим жерінде Юлий Цезарьдың айтқандары бірнеше дана болып жазылып, халыққа таратылғандығы да тарих беттерінде айтылады.
https://massaget.kz/layfstayl/bilim/zharatylystanu/11663

  1. мәтін



Қазақ баспасөзі ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың І жартысы аралығында қалыптасты. Қазақ баспасөзінің де халықтың саяси ой–пікірін оятып, дүниетанымын байытуға едәуір әсері болды. Газеттің ақпарат жеткізуші, үгіт–насихат саласындағы қызметі жөніндегі А. Байтұрсыновтың: “Газет –халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, қасында құлағы жоқ керең, тілі жоқ мақау, көзі жоқ соқыр сықылды” (Қазақ, 1898, №10) деуі, газеттің әлеуметтік–қоғамдық өмір саласындағы алатын орнын, қызметін нақты бағалаудан туындаған. Алдымен аударма ретінде шығып, бірте-бірте дербес газет дәрежесіне дейін жетіп, қазақ тілінде шығарылған «Түркістан уалаяты» газеті (1870-1882) мен «Дала уалаяты» газеті (1888-1902) қазақ баспасөзі тарихының алғашқы бет ашарлары деп есептелінеді. Оның ізімен пайда болған «Серке», «Қазақ» газеттерінің, «Айқап» журналының қазақ баспасөзін дамытудағы орны өте ерекше.

Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/bilim/zharatylystanu/11663

Қазіргі таңда публицистикалық стильдің, яғни бұқаралық сипаттағы газет-журнал басылымдарының, әсіресе теледидар мен радиохабарлардың функционалдық сипаты артып, әлеуметтік мәнділігі күшейе түсті. Бұқаралық ақпарат құралдарының бұл түрі тілдік қарым-қатынастың өзіндік жүйесі мен құрылымдық ерекшеліктері бар айрықша типін қалыптастырып, тілдік ортада бұқаралық қатынас тілі деген терминдік атаумен орныға бастады.

Қазақ тіл ғылымында публицистикалық стиль жетілген әдеби стильдердің бірі ретінде әбден қалыптасып, оның функционалдық-прагматикалық табиғатын тануға бағытталған іргелі зерттеулер жүргізілуде. Публицистикалық стильдің негізгі жанры болып есептелетін тұңғыш қазақ газеттерінің тілін Б. Әбілқасымов, 1920 жылдардағы мерзімді баспасөз тілін С.Исаев, қоғамдық публицистикалық стильді О.Бүркітов, т.б. ғалымдар зерттеген. Қазіргі қоғамдағы коммуникативтік қызметі ерекше публицистикалық стильдің әр түрлі мәселелеріне байланысты, мәселен, газет лексикасы А.Алдашеваның, Б.Момынованың, газет тілінің прагматикасы Б.Жұмағұлованың, Ф.Жақсыбаеваның, т.б. зерттеу еңбектерінде біршама сөз етілген. Ал теледидар тілі де бірқатар еңбектердің зерттеу нысанына айналды. Мәселен, теледидар хабарлары тілін лингвопрагматикалық аспектіде зерттеген ғалым Г. Машинбаева, сондай-ақ теледидардан берілетін хабарлардың тілін cөз мәдениеті тұрғысынан Д.Бисмильдина талдап қарастырған. Белгілі ғалым Н.Уәли «Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері» атты ғылыми еңбегінде публицистикалық дискурс және оның тілдік, коммуникативтік нормалары мәселелеріне назар аударып, жаңа бағыт-бағдарлар тұрғысынан публицистикалық стильдің сөз мәдениетімен арақатынасын тиянақты зерттеген.

ХІХ ғ. ІІ жартысында негізі қаланған функционалды стиль түрі – бүгінде қоғамға аса қажетті, маңызды мәселелерді насихаттап, көпшілікке кеңінен қызмет етіп отырған қазіргі әдеби тілдің ең жүгі ауыр, елеулі саласы.

Публицистикалық стильдің өз ішінде шағын жанрлық түрлері жайында қазіргі тілтаным ғылымында әрқилы пікірлер айтылып, түрліше пайымдаулар жасалуда. Бірқатар зерттеушілер негізінен публицистиканың жанрлық түрлерімен (газет тілі, радио тілі, теледидар тілі, кино тілі, т.т.) байланыстырып, оларды стилішілік түрлері деп есептейді: үгіттік публицистикалық шағын стиль; саяси-идеологиялық публицистикалық шағын стиль; саяси-бұқаралық публицистикалық шағын стиль. Бұқаралық қатынас тілінің әрқайсысының бір-бірінен ерекшеленетін лингвистикалық белгілері болады, кейде тілдік-стилистикалық тұрғыдан ортақ тұстары да байқалады.

Ғылымда орныққан таным-түсініктер бойынша публицистикалық стильдің барлық жанрларына ортақ мынадай қызметтері айқындалып қалыптасқан:

- ақпараттық (түрлі деректер мен хабарларды жеткізу);

- түсініктеме-баға берушілік (берілетін деректер көбінесе түсіндірумен, талдаумен немесе баға берушілікпен жеткізіліп отырады);

- танымдық-ағартушылық (мәдени-тарихи және ғылыми материалдарды жариялай отырып, БАҚ тыңдармандардың, оқырмандардың, көрермендердің білім қорын толықтырып отырады);

- ықпал ету қызметі (көпшіліктің саяси-әлеуметтік көзқарасына, санасына әсер етушілік);

- гедонистикалық (әдетте, мұндай қызмет көңілді хабарларды жеткізу кезінде байқалады, әсіресе, радио мен телевизия арқылы кез келген хабардың тыңдарман мен көрермендердің көңіл-күйін көтеретіндей, эстетикалық қажетін өтейтіндей тартымды, әсерлі жүргізілуі).

Публицистикалық стильдің экстралингвистикалық сипаты төмендегідей:

- ақпараттың жедел қабылдануы;

- хабардың толыққанды жеткізілуі;

- баяндаудың:

а) нақтылығы;

ә) фактографиялылығы;

б) логикалылығы;

в) ықшамдылығы;

г) экспрессивті-эмоционалдылығы;

ғ) қимыл-әрекетке итермелеуі.

Публицистикалық стильдің (бұқаралық ақпарат құралдарының) жазбаша түріне мерзімді баспасөз (визуалдық), ауызша түріне радио (аудиалдық), теледидар хабарлары, деректі кино (аудиовизуалдық) жататыны белгілі. Ал жанрлық түрлері: бас мақала, ақпараттық хабар, очерк, халықаралық шолу, памфлет және сұхбат, т.т. Әрқайсысының өзіндік сөз қолдану ерекшелігі, экстралингвистикалық, лингвистикалық белгілері айқындалады. Басты стильдік сипаты: мұнда қолданылатын сөз үндеу мәнінде жұмсалады. Сөз эмоционалды-экспрессивті сипатта болады (еңбек ардагері, дем беруші, көшбасшы, нық қадаммен, т. б.). Тілдің осындай эмоционалды-экспрессивтілік сипаты жағынан көркем стильге жақын, ал фактіні толық және жүйелі баяндау тәсілі жағынан ғылыми стильге жақын екендігі көрінеді.

Публицистикалық стильдің әдеби ауызша түріне радио-теледидардан берілетін хабарлар жатқызылатыны белгілі. Зерттеушілер телехабарлардың құрылымы тетрададан (төрттіктен) тұратындығын атап көрсетеді:

- сөйлеу тілінен;

- табиғи дыбыстан;

- музыкадан;

- көріністен (М. Серғалиев).

Олай болса, аудиовизуалдық хабарлардың адресаттары көрермен, тыңдарман, кей реттерде бұған қоса оқырман болып келеді. Бұқаралық ақпарат құралдарының осындай ерекшеліктеріне байланысты ол хабарлардың тілдік сипаты да әртүрлі дәрежеде көрінеді.

Публицистикалық стильдің барлық түрлеріне ортақ лингвистикалық ерекшеліктер төмендегідей: лексика мен фразеологияда – қоғамдық-саяси терминдер мен сөздер (хабар, репортаж, ереуіл, парламент, демократия, сұхбат, диктор), бағалауыштық мәндегі лексикалық бірліктер (ұлтжандылық, көшбасшысы, бәсекеге қабілетті, ұрпақтар сабақтастығы, ақпараттар ағыны, т.т.), эмоционалды-экспрессивті сөз орамдары, перифразалар (халық қалаулылары, ақ халатты абзал жан, былғары қолғап шебері, дала кемесі, т.б.), стандарт тілдік бірліктер (арнайы тілші репортажы, жаһан жаңалықтары, тілшіміз әңгімелейді, т.т.); грамматикада – қосарлы сөздер (бұқаралық-саяси, үгіт-насихаттық,т.б.), бұйрық рай тұлғалы сөздер (жүзеге асырайық, оңды нәтижеге жетеміз, іске жұмылдырылсын), сөздердің инверсиялануы, қаратпа сөздердің, риторикалық сұрақтардың, әртүрлі қайталамалардың, көркемдік құралдардың қолданысқа түсуі, ықшамдалған сөйлемдер мен түрлі синтаксистік құрылымдардың пайдаланылуы, өзге де стиль түрлеріне тән белгілердің кездесуі жиі байқалады. Мәселен, ақпараттың толық әрі нақты жеткізілуін қамтитын синтаксистік құрылымдарға негізделген баспасөз тіліне қарағанда, теледидардан көрсетілетін жаңалықтар мен ақпараттар легі қысқа әрі нұсқа үлгісіндегі сөйлемдермен жеткізіледі, онда стандарт тілдік бірліктер, дәстүрлі қалыптасқан сөз үлгілері жиі жұмсалады: Бүгінгі көретіндеріңіз; Арнайы тілші репортажы; Назарларыңызға ұлттық арнаның қорытынды жаңалықтары; Тікелей эфирде «Хабар» арнасының қорытынды жаңалықтары; Хабарымызды жалғастырамыз; Тілшіміз әңгімелейді; Ендігі кезек спорт жаңалықтарында; Жаһан жаңалықтары; Бүгін сіздермен Айзада Жақсыбек, Медетжан Ызғұтты, т.б. Мұндай құбылыс – теледидар хабарлары тілінің табиғатына тән ерекшелік.

Публицистикалық стильдің ауызша әдеби түрі шаршытоп алдында сөйленетін, ресмилік сипаты бар тіл тәжірибесіне негізделеді. Демек, ана тіліміздің сөздік қорын байытып, әдеби тілімізді дамытып кеңейтетін, сөйлеу мәдениетін көтеруге пайдасын тигізетін теледидар тілін ғылыми тұрғыдан зерттеп-зерделеу мәселесі аса маңызды болып отыр. Осы бағыттағы түбегейлі ғылыми зерттеу жұмыстары бірінші кезекте радио-теледидар тілі дейтін мәселелердің жете сөз етілмей, қарастырылмай келе жатқандығын алғаш рет таныған ғалым М. Серғалиевтың бірқатар мақалалары мен ой-тұжырымдарынан басталады [1,134 б.].



Демек, публицистикалық стиль – әлеуметтік үні бар мәселелерді насихаттап, саясат пен идеологияның құралы ретінде қызмет етіп қоймай, түрлі саяси ақпараттар мен жаңалықтарды дер кезінде жеткізіп, оған баға беру, адресат қабылдауына тиімді ықпал ету тәрізді маңызды міндеттерді де қоса атқарады. Публицистикалық стильдің басты функционалдық ерекшелігі: тіл мәдениеті дамуының көрсеткіші, яғни ұлттық әдеби тілдің жетілуіне, сөздік қазынасының толығуына зор ықпал етеді, сол арқылы бүгінгі әдеби тілдің лексика-грамматикалық жүйесінің даму сипаты, жаңа тұлға-бірліктердің нормалану үрдісі айқындалады.

http://www.rusnauka.com/46_PWMN_2015/Philologia/7_204887.doc.htm

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет