MicrosoftPowerPoint презентациясында гиперсілтемемен жұмыс істей алу; веб-беттерге ауысу, ақпараттарды іздеу және сараптамалау, анимациялық қорларды көрсету үшін веб-браузерлердің мүмкіндігін қолдану.
Алдын ала білім
Компьютерлік құрылғылармен жұмыс кезінде эргономика ережесі және денсаулықты сақтау (5-6 сыныптар); процессор мен қатты дискінің орны (5 сынып); бағдарламалық қамтамасыз ету түрлері – веб-браузерлер (5 сынып).
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері (Сабақтың типі - сабақты бекіту және білімді жүйелеу, білік пен дағдыны қалыптастыру)
Сабақта жоспарланған іс-әрекет
Қорлар
Сабақ басы
0-3 мин
Мұғалім не істейді?
Ортақ орта құру, тақырып пен мақсатты белгілеу:мұғалім сыныпты екі топқа бөліп, тақырыпты анықтауға оқушыларға тапсырма орындауын ұсынады. Топтарға компьютер құрылғысына арналған суреттерімен үлестірмелер таратады. Оқушылар қандай қызмет атқаратынын көрсетіп, құрылғы суретін таңдайды.
Тапсырма:
1 топ – ақпараттың кіру құрылғысы бейнеленген үлестірмені таңдау;
2 топ - ақпараттың шығу құрылғысы бейнеленген үлестірмені таңдау
Сабақтың түйінді терминді анықтау үшін сұрақтарға жауап беру ұсынылады: қай үлестірме тиіспелген қалпы қалды? Қалай бір сөзбен бұл құрылғыны атай аламыз? Олар қандай қызметке қолданылады?
Мұғалім оқушыларға ребусты шешіп, аталған термин дұрыстығын тексеруді ұсынады. Қорытындысында оқушылар сабақ тақырыбын жасады.
Сабақ презентациясы
(слайд № 1-4)
http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/f94504de-9f7f-4c2c-8ae2-2155adee914c/%5BINF_007%5D_%5BAM_01%5D.swf
Оқушы не істейді?
1-топ оқушылары ақпаратқа кіру құрылғысы суретін таңдайды, 2-топ шығу құрылғысы суретін алады. Оқушылар ребусты шешеді.Сұрақтарға жауап бере отырып, жұмыс қорытындысы бойынша олар сабақ тақырыбын жазады.