1. Ұйымдастыру кезеңі. (1 мин)
2. Кестені толтыру (3 мин)
Мақсаты: Үй тапсырмасын тексеру.
Сынып 4 топқа бөлініп, әр топ келесі топқа арнап түрлі форматтағы 8 файлды жазады да сағат тілімен келесі топқа толтыруға жалғайды.
Мақсаты: Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.
Ребусты көрсету үшін белсенді тақта қолданады.
4. Оқушылар кестенің бірінші бағанын толтырады KWL. (2 мин)
Мақсаты: Дифференциация жүргізу үшін оқушылардың деңгейін анықтау.
Файлдарды мұрағаттау туралы не білемін?
Файлдарды мұрағаттау туралы не білдім?
Файлдарды мұрағаттау туралы не білгім келеді?
Жаттығулар көрсетілімі немесе видео материалдар.
Сабақтың ортасы 8 минут
1 минут 5 минут 3 минут 16 минут
Жаңа сабақты түсіндіру . Файл дегеніміз не? Файл — аты бар бірқатар байттар тізбегі. Файл не бағдарлама. не құжат болуы мүмкін. WINDOWS-та бағдарламалардың басқа атауы — қолданба да колданылады.
Әр файлдың аты болады. Оның аты оң және сол бөліктен тұрады. Оң жақ бөлігі үш символдан тұрады және оның типін анықтайды. Сол жақ бөліктің ұзындығы 1-255 символға дейін болады.
Файл типтерінің кейбір негізгі "құжат ретінде" белгіленулерінің тізімі төменде келтірілген:
* . bmp Раіt графикалық қолданбасының суреті
*.doс Word және WordPad мәтіндік редакторларының құжаттары
*.txt Блокнот қолданбасының құжаты
*.wav Фонограф қолданбасының дыбыстық файлы.
*.avi Бейне-клип
*.xls Ехсеl кестелік процессорының құжаттары
*.ррt РоwerРоіnt қолданбасының тұсаукесері
Қапшықтар - бұл қандай да бір белгісі бойынша файлдарды бірлестіру, мысалы, тақырыптық белгісі бойынша: бір ғана ойынға немесе редакторға жататын файлдар. Баска сөзбен айтқанда, қапшық - бұл аты аталған файлдар тобы. WINDOWS98-ДІҢ Қапшықтары каталог рөлін атқарады. Тұрмыстық денгейде қапшықты кәдімгі ішіне қағаз беттерін — файлдарды салатын қапшықпен салыстыруға болады. WINDOWS'98- дегі барлық файлдар, құжаттар мен бағдарламалар қапшықтарда сақталады, Қапшықтың аты, файлдың аты сияқты оның мазмұнын көрсете алады.
Қапшықтың пиктограммасы болуы мүмкін. Қапшықтарда таңбашалар. файлдар және басқа қапшықтар да болуы мүмкін. Қапшық бос болуы да мүмкін. Қапшықта аты бірдей объектілер болмауы керек. Қапшықтың ішіндегісін қарап шығу үшін, маустың батырмасын онда екі рет басу жеткілікті.
Қапшықтар екі түрде болады:
- кәдімгі қапшық-каталогтар;
- арнайы қапшыктар (Менін компьютерім, принтерлер және т.б.).
Қапшықтарды құру және оның құрылымы:
Қапшық элементтері:тақырып, меню, терезені басқару батырмалары, айналдыру жолағы, құрал-саймандар тақтасы, қалып-күй жолы, Қажет элементтер жиынын мына жолмен тандауға болады: Түр - Құрал-саймандар тақтасы және Түр => Қалып-күй жолы.
Терезеде жаңа қапшық кұру.
Қапшықты Файл => Создать => Папка командасымен құрады. Мұны орындағаннан кейін осы терезенің қапшықтары мен файлдарының тізімінің соңында жаңа қапшық белгішесі пайда болады. Қапшықтың атын оны құрғаннан кейін бірден енгізуге болады. Файлға ат берілмеген жағдайда оған автоматгы түрде "Жаңа файл" аты меншіктеледі.
Жұмыс үстелінде жаңа қапшық құру
Жұмыс үстелінің жаңа қапшықты орналастырмақшы болған жерінде маустың оң жақ батырмасын басу — контексті меню пайда болады.
Создать => Папка командасын орындау. Жұмыс үстелінде қапшық белгішесі пайда
болады.
Қапшықтың атын енгізіп, енгізу пернесін басу
Таңбаша — бұл бағдарламаларды іске қосу немесе файлды ашу қасиеті бар пиктограмма, объектінің тамғасы, компьютер үшін объектіге жол нұсқайтын командалық файл, ал пайдаланушы үшін жұмыс үстеліндегі немесе терезедегі жай белгіше, ол WINDOWS'98-дегі қандай да бір объектіге: файлға, қапшыққа, дискіге, компьютерге, принтерге т. б. сәйкес келеді.
Таңбаша жеке бір объект емес, ол файлға сілтеме ғана. Сондықтан оны жойғанда файлдар жойылмайды.Таңбашада мауспен екі рет шерту, файлға немесе қапшыктың белгішесіне екі рет шерту әсерімен бірдей (бағдарлама іске қосылады, құжат немесе қапшық ашылады.)
Ағымдағы терезеде таңбаша құру.
Ағымдағы терезеде таңбашаларды Файл => Создать => Ярлык, Файл => Создать ярлык немесе контексті менюдің Создать - Ярлык командасының көмегімен жасауға болады. Таңбашаны жасағаннан кейін оны қажетті орынға, орналастыруға болады.
Жұмыс үстелінде таңбаша құру.
1. Жұмыс үстелінің бос жеріне меңзерді орналастырып, маустың оң жақ батырмасын
басса, контексті меню пайда болады.
2. Создать => Ярлык опциясын тандағанда, "Создание ярлыка"("Таңбашаны құру")
диалог терезесі пайда болады.
3. "Шолу" (Обзор) батырмасын басу, "Шолу" диалог терезесін ашады. Файлдар
мен қапшықтар арасынан объект табу.
4. "Ашу" батырмасын басу арқылы "Таңбаша жасау терезесі" ашылады. Онда, файлға
жол толық көрсетілген.
5. "Далее" ("Одан әрі") батырмасын басу - "Таңбашаның атын таңдау" (Выбор названия
ярлыка) диалог терезесін ашады. Мұнда объектінің жүйелік атын өзгертуге болады.
6. "Дайын" (Готово) батырмасын басу - Жұмыс үстелінде жаңа таңбаша пайда болады.
Тапсырмалар:
1. Жұмыс үстелінде өз есіміңізбен аталатын қапшық құрыңыз. Сол қапшықтың ішінде текстік құжат құрып, оның ішіне өзің туралы мәлімет жаз. Қапшықтың атын өзгертіңіз.
2. Жұмыс үстелінде бірнеше таңбашалар құрыңдар және оларды ашып көрсетіңдер
3. Жұмыс дәптеріндегі 3.4.1, 2, 3, 4 тапсырмаларды орындау