Психологиялық ахуал орналастыру. Топқа біріктіру. Кабинетке билет арқылы кіру. Билетке ақпараттың көлемі және типі жазылады.
Бағалау парағы таратылады.
Үй жұмысын тексеру.
Жетелеу сұрақтарын қоя отырып тақырыпты ашу.
Сабақтың мақсатын қою. (файлдардың көлемін есептеп, салыстыра алады).
Смайлмк
Сабақтың ортасы
Файл. Бағдарлама сияқты сондай атау берілген мәліметтер жинағы, бағдарлама пайдаланатын мәліметтер жинағы немесе пайдаланушы дайындаған құжат. Файл мәліметтердің бір жинағын екіншісінен ажыратуға компьютерге мүмкіндік беретін сақтаудың негізгі бірлігі болып саналады. Файлға жинақталған мәліметтерді пайдаланушы шығарып оқиды, өзгертеді, жояды, сақтайды немесе принтер, электрондық пошта бағдарламалары сияқты шығару құрылғыларына жөнелте алады.
Қапшық. Пайдаланушының графикалық интерфейстеріндегі бағдарламалар мен файлдарға арналған, кеңсе қапшығының түріндей таңбаша көмегімен экранда бейнеленетін, контейнер. Қапшықтар дискідегі бағдарламалар мен құжаттарды ретке келтіру үшін пайдаланылады және файлды да, сондай ақ басқа қапшықтарды да қамти алады.
Қапшықтарда типтері әр түрлі файлдар – құжаттар, музыкалық клиптер, кескіндер, бейнелер, бағдарламалар және б. болады. Жаңа қапшықтар дайындауға және оларға басқа орындардан – басқа қапшықтардан, басқа компьютерлерден немесе Интернеттен файлдарды көшірмелеуге немесе орын ауыстыруға болады. Қапшықтардың ішінде қапшықтар дайындауға болады.
Мысалы, егерде файлдарды дайындау мен сақтау үшін «Менің құжаттарым» қапшығы пайдаланылса, онда осы файлдарды орналастыру үшін осы қапшықтың ішінде жаңа қапшық дайындауға болады. Егерде жаңа қапшықты басқа орынға ауыстыру қажет болса, онда оны еш қиындықсыз ішіндегілермен бірге мауспен жаңа орынға тасымалдауға болады.