Монитор — компьютер жадындағы мәтіндерді, бейнелерді экранда көрсететін құрылғы; оны дисплей, экран, ал кейде бейне-блок деп те атайды. Монитор электронды-сәулелік түтікшеден, бейнекүшейткіштен, жайма генераторы, қоректендіру бөлшегі және оларды басқару сұлбаларынан тұрады. Монитордағы кескінді құрастыру бөлшегі дербес компьютердің негізгі қорабында – жүйелік блогінде орналасады. Кейбір тұрмыста қолданылатын компьютерлерде Монитор орнына қосымша модуляторлық құрылғымен толықтырылған үйдегі телеэкранды пайдалануға болады. Мониторлар мәтіндік және график. режимде жұмыс істей алады Мәтіндік режимде – Монитор экранына тек символдар шығарылып, олар таңбалық генератормен қалыптастырылатын ASCІІ-кодтарының ұлттық әріптермен кеңейтілген символдар жинағынан тұрады. Графикалық режимде – экранда өте майда мозаик. бейнелер шығарылады