Сабақ №1. Қозғыш тіндер физиологиясы. Қозғыштықтың өлшемдері. Мембраналық потенциал, оның пайда болу теориясы. Әрекет потенциалы, кезеңдері, иондық механизмі. Балаларда ерекшелігі. Сабақ соңында студент қабілетті болады
Сабақ №1. Қозғыш тіндер физиологиясы. Қозғыштықтың өлшемдері. Мембраналық потенциал, оның пайда болу теориясы. Әрекет потенциалы, кезеңдері, иондық механизмі. Балаларда ерекшелігі.
Сабақ соңында студент қабілетті болады:
1. Қозғыш тіндер физиологиясы, қозғыштықтың өлшемдері және қозғыш тіндердегі биоэлектрлік құбылыстар жайында білімдерін қалыптастыру.
2. Биопотенциалдарды зерттейтін негізгі әдістердің мәнін түсіну: жүйке-ет препаратын дайындау, Гальванидің 1 және 2 тәжірибесі, Маттеучи тәжірибесі, қозу табалдырығын тура және жанама тітіркендіру арқылы анықтау.
Әдебиеттер, сонымен қатар электронды ресурстар: Негізгі: 1.Сәтбаева Х.Қ., Өтепбергенов А.А., Нілдібаева Ж.Б. Адам физиологиясы (Оқулық). – Алматы.: Издательство «Эверо», 2015. -608 б. 7-38, 49-60 беттер.
2. Қалыпты физиология: Оқулық / К.В Судаковтың редакциялық басшылығымен қазақ тіліне аударған Мендубаева М.К. М: ГЕОТАР-Медиа, 2015-880б. 14-28 беттер.
Қосымша: 1. Адам физиологиясы. Динамикалық сызбалар атласы / К.В Судаковтың редакциялық басшылығымен қазақ тіліне аударған М.Қ. Қанқожа. М: ГЕОТАР-Медиа, 2014-464 б. 14-20 беттер.
2. Физиология негіздері. Балаларда жас ерекшеліктері. (Мәтін): Оқу құралы / -Рослякова Е.М, Байболатова Л.М. Алматы: Эверо, -200б, 10-15 беттер.
3. Квантталған мәтіндер. Қозғыш тіндер физиологиясы. (Мәтін): Оқу құралы/ - Рыспекова Ш.О, Жумакова Т.А, Жунистаева Д.Д. Алматы: Ақнұр, 2017, 6-76 беттер.
Электронды ресурстар: 1. Краткий курс физиологии органов и систем: https://meduniver.com/
2.Сайт Кинезиолог: http://kineziolog.su/content/fiziologiya
4. Видеогалерея - http://kingmed.info/vidyeogaleryeya
Сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар: 1. Физиология-анықтамасы, оның басқа ғылымдармен байланысы.
2. Физиологиялық зерттеу әдістері (ЭМГ, ЭКГ, ЭЭГ және т.б.)
3. Қозғыш тіндер. Қозғыш тіндердің сонымен қатар жүрек етінің физиологиялық қасиеттері.
4. Қозу мен қозғыштық.
5. Қозғыштықтың кезеңдері және өлшемдері.
6. Мембраналық тыныштық потенциалы, оның пайда болу теориясы.
7. Әрекет потенциалы, кезеңдері, кезеңдердің пайда болуының иондық механизмі.
8. Жүрек еті әрекет потенциалы кезеңдері, олардың сипаттамасы (типті және атипті кардиомиоциттер).
9. Әрекет потенциалы мен тін қозғыштығы кезеңдері арақатынасы.
10. Қозғыш тіндердің жасқа байланысты ерекшеліктері.
Сабақты өткізу үлгісі: 1.Тақырып сұрақтарын ауызша талқылау.
2.Тест сұрақтарына жауап беру.
3.Тақырып бойынша кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы дайындаған бейнематериалдарды көру және түсіну:
Физиология. Әрекет потенциалы: https://www.youtube.com/watch?v=4aSthvWPdwk&t=37s
Бақылау: Бағалау парағы бойынша қойылады.
БОӨЖ арналған тапсырмалар: Тәжірибелік сабақта кеңес беру кезінде кері байланыс, ААЖ. kaznmu. платформасында орындалады, хаттама толтыру.
БОӨЖ бақылау: ААЖ. kaznmu платформасында БОӨЖ хаттамасының болуы.
Бағалау парағы бойынша қойылады. БОӨЖ сұрақтары аралық бақылау сұрақтарына енгізіледі.
БӨЖ арналған тапсырмалар: Оқу әдебиеттерімен жұмыс. Сабақтың негізгі сұрақтарына бойынша дайындалу.
БӨЖ бақылау: Формативті баға.