Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
10.2.3.7 - кері тригонометриялық функциялары бар қарапайым теңдеулерді шеше алу
Сабақ мақсаттары
- кері тригонометриялық функциялары бар қарапайым теңдеулерді шеше алады
Сабақ барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Басы 5 минут
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру.
«Ой қозғау Санның арксинусын, арккосинусын, арктангенсін және арккотангенсін есептеу дағдыларын пысықтау үшін оқушыларға әртүрлі формадағы есептерді жеткілікті көлемде ұсыныңыз.
Мысалы, «true, false» тапсырмасы.(Ақиқат-жалған)
Негізгі бөлім Тақырыпты ашу
10 минут
Жаңа ұғымды ұғындыру: ТРИГОНОМЕТРИЯЛЫҚ ТЕҢДЕУ – белгісіз аргументтің тригонометриялық функциясына қатысты алгебралық теңдеу. Тригонометриялық теңдеуді шешу үшін тригонометриялық функциялардың арасындағы әр түрлі қатынастарды пайдалана отырып, тригонометриялық теңдеулерді ізделініп отырған аргументтің тригонометриялық функциялары біреуінің мәнін анықтауға болатындай түрге келтіру керек. Осыдан кейін тригонометриялық теңдеудің түбірлері кері тригонометриялық функциялардың көмегі арқылы табылады
Анықтама:sin x=a, cos x=a, tg x=a, ctg x=a түрінде берілген теңдеулерді қарапайым тригонометриялық теңдеулер деп атайды.