Модуль 1 «Проекциялау әдісі» Практикалық сабақ
1 Тақырып: «Біріңғай конструкторлық құжаттар жүйесі туралы түсінік (БКҚЖ)».
Сұрақтар
1. Форматтар.
2. Масштабтар.
3. Сызық түрлері
4. Сызба шрифті (қарпі).
Форматтар. Масштабтар. Сызықтар Форматтар. Сызбалардың өлшемдерін келісім бойынша тағайындалған қағазға салады. МЕСТ 2.301-68* бойынша негізгі және қосымша сызба форматтары, басқа да құжаттар бекітіледі.
Формат сыртқы жіңішке қоршау сызығымен анықталады. Сызба форматтарының ішкі қоршауы кағаздың үстіңгі, оң және төмеңгі жақтарынан, формат шетінен 5 мм қашыктықта, ал сол жағынан 20 мм қашықтыкта үздіксіз жуан сызықпен жүргізіледі (1.1.1-сурет).
1.1.1-сурет – А4 форматынан басқа форматтарды безендіруге мысал
Ауданы 1 кв.м, өлшемдері 1189×841 мм формат және оның қысқа кабырғасына параллель тең екіге бөлу арқылы жасалған форматтар негізгі форматтар ретінде алынады. Негізгі форматтардың белгілеулері мен өлшемдері 1.1.1-кестеде көрсетілген.
Қажет болған жағдайда жиектерінің өлшемдері 148×210 А5 форматын пайдалануға рұқсат етіледі. Қосымша форматтар негізгі форматтардың қысқа қабырғаларын бүтін n-рет үлкейту арқылы алынады, ондағы n-бүтін сан.
Ішкі қоршаудың оң жақ бұрышының төменгі жағына сызбаның негізгі жазбасы жазылады. Негізгі жазбанын мазмұны, орналасуы және өлшемдері СТП 02073458-0104-92 бойынша көрсетіледі.
1.1.1-кесте – МЕСТ 2301-68* бойынша негізгі форматтардың белгілеулері мен жиектерінің өлшемдері
Негізгі жазба және қоршау сызбасы (тұтас жуан негізгі сызық) тұтас жіңішке сызықпен жүргізіледі (1.1.3-сурет). Тапсырмадағы негізгі жазба 1.1.3-суретте көрсетілген (штамп).
1-ші бағанда – сандарды № 7 сандармен жазады, 14×70 бағанында да осы биіктікті қолданады.
2-ші, 4-ші бағанда – сызба аталуы № 5 әріптермен жазылады.
3-ші бағанда – № 3,5 әріптермен үш жол жазады.
Формат түрлері