Практикалық сабақ 10. Қазақ халқының отаршылдыққа қарсы халық-азаттық күресі. ХІХ ғ. ІІ жартысы мен ХХ ғ. басындағы саяси-мәдени ой-пікірдің қалыптасуы
10.1.ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы ұлт-азаттық күрестегі халық ақындарының рөлі.
10.2. Саяси жер аударылған орыстардың (Г.С.Карелин, М.М.Муравьев-Апостол, Ф.М.Достоевский, Е.П. Михаэлис және т.б.) Қазақстан мәдениетіне қосқан үлесі.
10.3.Ағартушы ғалым Шоқан Уәлиханов және оның Қазақстанның тарихы, географиясы, экономикасы мен мәдениетіне қатысты ғылыми мұрасы. Ы.Алтынсарин – ұстаз, ағартушы, жазушы, ғалым, этнограф, оның өмірі мен шығармашылығы. Ы.Алтынсариннің қазақ әдеби тілінің, этнографиясының дамуына қосқан үлесі. Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметінің маңызы. Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, ұлы ақын-ағартушы Абай Құнанбаев.
10.4.ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағыҚазақстан мәдениетіндегі ағартушылық және реформаторлық бағыт.
10.5.Ресей империясындағы мұсылман қозғалысының қалыптасуы.Ресей мұсылмандарының қоғамдық-саяси қозғалысының қалыптасуындағы «Иттифак-эл-муслимин» (мұсылмандар одағы) рөлі.
10.6. Уақытша үкімет органдарындағы ұлттық интеллигенция өкілдерінің қызметі.
10.7. Бүкілресейлік құрылтай жиналысы мен Алаш партиясы депутаттарын сайлау.
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ:Практикалық сабаққа дайындалу барысында қазақ халқының ұлт-азаттық күрестегі халық ақындарының алатын орны мен ролін ашып көрсету қажет. Олардың шығармаларын келтіріңіз. Сонымен қатар, қазақ жеріне жер аударылған саяси тұлғалардың қазақтың қоғамдық өміріне тигізген әсерін баяндау.
Шоқан, Ыбыра, Абайдың ғылыми-педагогикалық, саяси-қоғамдық қызметтерін ашып көрсету. Қазақ қоғамындағы ағартушылық пен реформаторлық бағыттың маңызын ашып көрсету. Ресейдегі мұсылмандық қозғалыстың пайда болуы мен қызметін баяндау. Ұлттық интеллигенция өкілдерінің Уақытша үкімет құрамындағы қызметін ашу, Бүкілресейлік құрылтай жиналысына қазақтардың белсенді ролін көрсету.
Әдебиеттер: Кенжалиев И. Исатай-махамбет. А., 1991.
Козыбаев М.К. Ақтандақтар ақиқаы. А. 1992.
Койгельдиев М. Алаш қозғалысы. А., 1995.
Омарбеков Т.«Қaзaқстaн (Қaзaқ елі) тaрихы» 3-кітaбы Қазақстанның отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағындағы мәселелерін оқытуғa aрнaлғaн. Алматы, КНУ им.Аль-Фараби, 2016, 454 бет