Сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық ахуал туғызу. "Ыстық алақан" тренингін өткізу. Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып, сәттілік тілейді.
Топқа бөлу. "Пазл" әдісі арқылы 3 топқа бөлу
( ағаштар, гүлдер, шөптер)
Өткенді қайталау."Ыстық орындық" әдісі.
Қызығушылықты ояту. «Өсімдіктер әлемі" деректі фильмінен үзінді көрсету. Ой шақыру сұрақтарын қою.
-Өсімдіктер әлемі жайлы не білесіңдер?
-Қандай гүлдерді ұнатасыңдар?
( Ұ) Тапсырма: Сөздерді суреттермен сәйкестендіру, орыс тіліндегі баламасын айту.
Бәйшешек
Астра
Қызғалдақ
Түймедақ
Сарғалдақ
Раушан
Сабақтың тақырыбын анықтау:
Жұмбақ жасыру Жайқалып тұр саяжай мен далада
Ұнатады бұл гүлді, үлкен –кіші, бала да.
Атауында “қыз”деген тағы бар
Ойландағы гүлді тауып ал.
(Жауабы: Қызғалдақ).
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
(Ұ) "Қызғалдақ" кластер құрастыру.
Сөз тіркестерін құрастыру.
Сөйлемдер құрастыру (ауызша)
Мәтінмен жұмыс.
Кең байтақ қазақ даласы табиғи байлықтарға, алуан түрлі өсімдіктерге аса бай. Соның бірі- даланың сәні, көктемнің белгісіндей болып шығатын қызғалдақ. Біздің жерімізде қызғалдақ гүлінің 32 түрі кездеседі. Оның 12 түрі эндемикалық , яғни тек қана қазақ жерінде ғана өсетін қызғалдақ болып саналады. Сондықтан Қазақстан "Қызғалдақтың отаны" деп аталады. "Қай ел қызғалдақтың отаны?" деген сұрақ бойынша талас та бар. Дүниежүзінде қызғалдақтың тұқымын алып, өсіріп жатқан елдер көп. Бірақ Қазақстандағы қызғалдақтар табиғи таза, көпжылдық өсімдік болып саналады. Сондықтан олар хош иісті, айналасына ерекше жұпар шашып тұрады. Олардың биіктігі 30-35 см болады. Қызғалдақтың түстері де алуан түрлі болып келеді: қызыл, сары, қызғылт, қызыл сары және т.б. Қызғалдақтың ішінде көп кездесетіні-қызыл мен сары түстілері. Біздің жерімізде өсетін қызғалдақтардың 18 түрі "Қызыл кітапқа" тіркелген. Сондықтан қызғалдақтарды көздің қарашығындай сақтау керек.