(Ж.ж+ Ұ) Тапсырма Мәтінді мұқият оқып, мазмұн бойынша өз бұрышыңызға бір сұрақ құрастырып жазыңыз. Дастарқанды сағат тілімен айналдырып, көршіңіздің сұрағының астына жауап жазыңыз. Топта ақылдаса отырып, мәтіннің тақырыбын анықтаңыздар.
Дескриптор
-мәтін мазмұны бойынша 1 сұрақ құрастырады;
-көршісінің сұрағына мазмұн бойынша жауап береді;
-топта ақылдаса отырып, мәтінге тақырып қояды.
(Ұ) "Қос шеңбер" әдісі. Оқушыларды ішкі және сыртқы шеңберге тұрғызады.(Ішкі шеңбердегі оқушы сыртқы шеңбердегі оқушыға қарама-қарсы қарап тұруы қажет).
Оқушылар мәтінге байланысты сұрақтарға жауап алады (Сыртқы шеңбердегі оқушыға ішкі шеңбердегі оқушылар,ішкі шеңбердегі оқушыға сыртқы шеңбердегі оқушылар және ішкі шеңбердегі оқушылар мұғалімнің берген белгісімен қозғалады).
(Ж) Тапсырма . "РАПТ" әдісі.
ІІІ.
Р-оқушы
А-досы
П-сөйлем
Т- Қазақстанның өсімдіктері туралы
Берілген суреттер мен тірек сөздерді қолдана отырып, басқа қалада тұратын досыңызға Қазақстанның өсімдіктері туралы сөйлемдер жазыңыз .
Тірек сөздер: алуан түрлі, шалғын, қайың, пайдалы өсімдіктер, емдік өсімдіктер, көпжылдық
Сандар сөйлейді» стратегиясы. Толтырылған кестедегі сан есімдерді тірек етіп, оқушылар ақ аю туралы естіген мәліметтерін жұпта, топта баяндайды.