Іс-шаралар (мағынасын ажырату, сабақтың ортасы) 25 минут
Қорытынды бағалау 3 минут
Топқа бейнефильм көрсету «Аралдың ажары кіре ме?» 2минут
«Күз, Қыс» тобы – Қазақ тілі бойынша 8 тірек сөздерді табады.
«Көктем, Жаз»тобы –География бойынша бейнефильмнен 7 сұрақ құрастырады. 2 минут
Сұрақтар 1.Аралға құятын өзендер?
2.Арал теңізі көлемі жағынан нешінші орын алады?
3.Арал қай дүние бөлігінде орналасқан?
4.Амудария мен Сырдария суын не үшін пайдаланды?
5.Жылына қанша млн. Тұз бен құм жан-жаққа таралуда?
6. Арал қаласы қай облыста орналасқан?
7.Арал теңізінің айналасында қанша ел бар?
Тыңдалымнан кездескен тұрақты сөз тіркестері Аққу ұшып, қаз қонған, шағаласы шаңқылдаған
Тас түскен жеріне ауыр
Бекіренің бел кеспесін, құнан қойдың сорпасына айырбастамайтын
Тауқыметті тағдыр
Асыра сілтеуді адам көтерер, Жер-Ана көтермес
Сор басқан ойпат
Залал зардабы
Өртеніп тұрған өзекті мәселе
Қатысушылар тапсырманы орындағаннан кейін интерактивті тақтадан жауаптарын көрсетеміз. Жұмыстармен алмасады. Бір-бірінің жауаптарын тексереді, топта талқылайды. Сұрақтар қойылып, тақырып жан-жақты талданады, нақтыланады.5 минут
«Климат және сен» тақырыбында бейнефильм көрсетіледі. 4 минут
Әр топ «Қазақстанның климаттық өзгерісіне Аралдың әсері» тақырыбында постер жасайды.10 минут
Жұмыстар ілінеді, олар топ атынан бағаланады. 1 минут
БАҒАЛАУ. Таратылған формативті бағалау үлгілері бойынша бағаланады. 1 мин
Тапсырма: 1-тапсырма. Бейнефильмді мұқият көріңіз және тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Арал көлемі жөнінен көлдер арасында нешінші орында тұрады?
А. Екінші
В. Үшінші
С. Төртінші
D. Бесінші
2. Арал қаласының тарихына неше жыл?
А. Жүз елу жылдық тарихы бар.
В. Ғасырлық тарихы бар.
С. Жүз жылға жақын тарихы бар.
D. Екі жүз жылдық тарихы бар.
3. Қолдан жасалған асыра сілтеуді адам көтерер, не көтермес? Жауабын жазыңыз.
______________________________________________________________________________________
4. Арал теңізінің суы тартылғаннан кейін неге айналды? Жауабын жазыңыз. _____________________________________________________________________________________
5. Аралдан ғайып болып кеткен құстарды табыңыз.
А. Торғай, кептер, қаз.
В. Аққу, үйрек, дуадақ.
С. Шағала, қарлығаш, қаз.
D. Аққу, шағала, қаз.
6. Тіпті кезінде Арал көлінің бетінде қалқыған ....... бар деседі.
А. Қонақүй
В. Мейрамхана
С. Қайық
D. Балық дүкені
7. Қалада тұратын тұрғындар саны қанша?
___________________________________________________________________________________
8. Арал теңізінің тартылу себебі неде? Бейнероликке сүйене отырып, жауабын жазыңыз.
______________________________________________________________________________________
9. Жел арқылы жер жаһанға таралатын тұз бен құмның мөлшерін анықтаңыз?
А. 121 млн. т.
В. 119 млн. т.
С. 120 млн. т.
D. 125 млн. т.
10. Осы күнге дейін Арал теңізі суының түбегейлі тартылып кетпеуінің себебі неде деп ойлайсыз? Жауабыңызды бейнероликке сүйене отырып жазыңыз.
_____________________________________________________________________________________
11. Аралдың ең басты мақтанышы.
А. Ақ тұз, кварц құмы
В. Шыны, құм
С. Ақ тұз, пойыз жолы
D. Кварц құмы, емдік сулары.
12. Арал теңізінің тағдырымен ұқсас әлемде қандай теңіз-көлдерді білесіз? Бұл мәселені Сіз қалай шешер едіңіз?