Сабақ №13. Тақырыбы: Аллельді гендердің өзара әсерлесуі. Аво жүйесі бойынша қан топтары және резус-жүйесі



бет1/7
Дата18.10.2023
өлшемі77,18 Kb.
#118983
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Аллельді гендердің өзара әсерлесуі


Тәжірибелік сабақ № 13.


1. Тақырыбы: Аллельді гендердің өзара әсерлесуі. АВО жүйесі бойынша қан топтары және резус-жүйесі


2. Мақсаты: студенттерде гендермен (генотип) және олармен бақыланатын белгілер (фенотип) арасындағы өзара әсердің мәнін түсіну үшін генотиптегі гендердің өзара әсері жайлы білімді қалыптастыру. 


3. Оқытудың міндеттері:
- студенттерге генотип, фенотип, аллельді гендер терминдерін, көптік аллельдерді түсіндіру, сипаттау және түсінігін қалыптастыру;
- фенотиптік белгілердің қалыпты және патологиялық дамуына аллельді гендердің әсерінің рөлін көрсету;
- медицина тәжірибесінде тұқым қуалайтын патологияның немесе клиникалық белгілердің дамуын түсіну үшін науқас (генотипіндегі) ағзасындағы гендер әсерінің механизмдері мен типтері жайлы білімнің қажеттілігін түсіндіру.


4. Тақырыптың негізгі сұрақтары
1. Генотип, фенотип: анықтамасы, өзара әсері.
2. Аллельді гендер
3. Аллельді гендердің өзара әсерлесуі: доминанттылық, рецессивтілік, толық доминанттылық, толымсыз доминанттылық, аса жоғары доминанттылық, кодоминанттылық.
4.Көптік аллельдер
5. АВО жүйесі бойынша қан топтары және резус-жүйесі, медициналық маңызы
6.Фенотиптік белгілердің дамуына аллельді гендердің әсерінің маңызы және рөлі


Ақпараттық-дидактикалық блок
Фенотип бұл адамның барлық қалыпты сыртқы (бойы, көздің түсі, аяқ-қол саусақтарының саны, әртүрлі физиологиялық, биохимиялық және молекулалық сипаттамалары) және патологиялық (тұқым қуалайтын аурулар және оның симптомдары, мысалы, құлақ қалқанының жетіспеуі, талма, ақыл есінің кемістігі және т.б.) белгілерінің жиынтығы.
Генотип бұл адамға генетикалық ақпараттың тұқым қуалау арқылы ұрпаққа берілетін гендердің немесе ағзаның барлық гендерінің жиынтығы. Фенотип генотиппен анықталынады, ал гендер – фенотиптің жеке белгісі.
Фенотип тіршілік барысында өзгереді, генотип өзгермейді. Адамның фенотиптік алуан түрлілігі тұқым қуалау арқылы берілген генотиппен қоршаған орта факторларының арасындағы айырмашылықпен анықталынады: нәрестенің өсуіне ұрыққа анасына берілетін қоректік заттардың, туылғаннан кейін балаға ортаның, күн сәулесінің, физикалық жүктері әсер етеді. Сонымен фенотип ағзаның генетикалық құрылымдарымен қоршаған ортаның әсеріне тәуелді болатындықтанда дәрігерлер үшін бұл ауруларға диагноз қою да маңызды.
Геннің өнімі – ақуыз, ол басқа ақуыздармен өзара әсерлесуі қажет. Гендердің өніміне қоршаған ортаның факторларыменде өзара әсер ете алады.
Гомологтық хромосомалардың бірдей локусында орналасқан гендер аллельді гендер деп аталады. Аллельді гендердің өзара әрекеттесуі аллель ішілік әрекеттесу деп те аталады. Аллельді гендердің өзара әрекеттесулерінің негізгі типтері: 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет