Сабақ №13. Тақырыбы: Аллельді гендердің өзара әсерлесуі. Аво жүйесі бойынша қан топтары және резус-жүйесі



бет3/7
Дата18.10.2023
өлшемі77,18 Kb.
#118983
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Аллельді гендердің өзара әсерлесуі

Аса жоғары доминанттылық: доминантты геннің гетерозиготалық жағдайда гомозиготтық жағдайына қарағанда айқын дәрежеде көрініс беруін айтады. Мысалы: дрозофил шыбынының рецессивті аллельді гені (а)-гомозиготтарын өлімге әкеледі, ал доминантты гендері А бойынша гомозиготтар (АА) өмір сүруге қабілетті, гетерозиготтары (Аа) өнімді ұрпақ беріп, өмір сүруге қабілетіліктері доминантты гомозиготтарға қарағанда жоғары болады. Мұны гендік белсенділіктің өнімдерінің өзара әрекеттесуімен түсіндіруге болады. 
Орақ тәрізді жасушалық анемия бойынша гетерозиготалы адамдардың доминантты аллелдері бойынша гомозиготтарға қарағанда тропикалық безгекті қоздыратын қоздырғыштарына  (Plasmodium vivax, Pl. falciparum) төзімділіктері жоғары болады: HbA/HbAHbS/HbS.
Кодоминанттылық:Аллельді гендердің активтілігі бірдей. Кодоминанттылықтың мысалы - адамның АВО жүйесі бойынша IV қан тобы А және В антигендерінің бірдей деңгейде жарыққа шығуы. (I топ) антигендердің болмауымен немесе. басқа қан топтарында антигеннің біреуінің А ( II топ) антигеніменен немесе В ( III топ) антигеннің болуымен анықталынады. 
Көптік аллелизм аллельаралық өзара әсердің ерекше бір түрі. Популяцияда бір мезгілде екіден көп аллельдердің яғни артық аллельдер болады. Көптік аллелизм деп хромосоманың бір локусының бірнеше рет мутацияға ұшырауынан екі немесе бірнеше аллельдік жағдайда бола алуын айтады, соның себебінен доминантты және рецессивті гендерден басқа аралық сипаттағы аллельдер пайда болып, доминантты генге рецессивті күй, рецессивтіге доминанттылық көрсетеді.
Көптік аллелизмге тән: 

  • хромосоманың бір локусында орналасуы

  • бірдей белгілерді детерминациялауы,

  • кроссинговердің болмауы

  • аралық сипаттағы аллельдің болуы. 

Көптік аллелизмге мысалы ретінде қоянның түгінің түсінің тұқым қуалауы жатады:
С - жабайы (сұр немесе агути),cch- шиншилл (күміс түстес), сh - гималай, c – ақ. 
Көптік аллелизм, мысалы адамда АВО жүйесіндегі қан тобының тұқым қуалауы үш аллель мен анықталады (О, А, В) анықталады, АВО жүйесі бойынша 4 түрлі қан тобын А, В, АВ, О. қарастыруға болады.
Адамда О (І) кан тобының эритроциттердің беткейінде А және В антигендері синтезделмейді, бірақ қанында бұл антигенге қарсы антидене бар. Сондықтан да оған үш басқа (А, В, АВ) қан тобын құйылмайды, қан құйылатын эритроциттердің аглютинациясы жүреді. 
В (ІІІ) қан тобына А және АВ, ал А (ІІ) –қан тобына В және АВ құюға болмайды.
АВ (IY) қан тобы бар дараларға кез келген қанды құюға болады, себебі А, В антигеніне қарсы қарсы антидене жоқ. АВ қан тобы бар адамдарды әмбебап рецепиент, ал О – қан тобы бар адамдарды әмбебап доннор деп атайды. АВО қан тобы – полиморфты генетикалық жүйе, оны К. Ландштейнер ашты. 
Кесте
АВО қан топтарының генетикасы; гемотрансфузия негізі





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет