Сабақ 13. Тақырыбы: Дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстары және спорттағы материалдық-техникалық базасын дамыту және қаржылық қызмет



Дата10.12.2023
өлшемі20,59 Kb.
#136033
түріСабақ
Байланысты:
Тәжірибелік сабақ 13



Тәжірибелік сабақ 13. Тақырыбы: Дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстары және спорттағы материалдық-техникалық базасын дамыту және қаржылық қызмет


Дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарының материалдық техникалық базасын дамыту міндеттері.
Елде материалдық-техникалық базаны дамыту екi бағытта – сауықтыру тұрғысында бұқаралық спорт үшiн және жоғары жетiстiктер спорты үшiн жүзеге асырылуы қажет. Халықтың дене жаттығуларымен шұғылдануға деген сұранысын қанағаттандыру үшiн қажеттi сервистiк қызметтердiң деңгейiн жақсартып әрi халықтың қалың жiгiнiң қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ете отырып, спорт ғимараттарымен қамтамасыз ету деңгейiн арттыру қажет. Балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектебiнiң және спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың, елдiң құрама командаларына спорт резервiн даярлау жөнiндегi негiзгi жұмысты қамтамасыз ететiн олимпиадалық даярлау орталықтары мен олимпиада резервiн даярлау орталықтарының жаттықтырушы-оқытушылар құрамының жемiстi жұмыс iстеуi үшiн қажеттi жағдай жасау, оларды сапалы құрал- жабдықпен жарақтандыра отырып, спорт ғимарттарын жаңадан салу және қолдағы барын қайта жаңарту қажет. Әрбiр аудан орталығы мен республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда бiр үлгiдегi дене шынықтыру-сауықтыру кешендерiн салу.
Осы мiндеттердi шешу үшiн: әрбiр аудан орталығы мен республикалық және облыстық бағыныстағы қалаларда бiр үлгiдегi дене шынықтыру-сауықтыру кешендерiн салу; қазiргi бар спорт ғимараттарын, жұмыс iстеп тұрған спорт алаңдарын қайта жаңғырту және жаңалау, спорт залдары мен спорт кешендерiн жабдықтау; спорт түрлерi бойынша ел құрама командалары мен өңiрлердiң құрама командалары, балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектебi, спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттар және олимпиадалық резерв даярлау орталықтары үшiн жаңа мүкәммалдармен және жабдықтармен жарақталған және халықаралық стандарттарға сай келетiн қазiргi заманғы спорт базаларын салу; Қазақстанның бiрқатар өңiрлерiнде басқа да спорт объектiлерiн салу. Саланы мамандармен қамтамасыз ету керек.
Халықтың түрлi әлеуметтiк-демографиялық топтарымен спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру жұмысын одан әрi жетiлдiру, халықаралық спорт аренасында шетелдiк спортшылармен бәсекелесуге қабiлеттi спорт резервiн даярлау және халықаралық дәрежедегi спортшыларды тәрбиелеу жөнiндегi жұмыстарды жандандыру мақсатында: әлемдiк спорттың даму үрдiсiне және бiлiктiлiгi жоғары спортшыларды даярлаудың ең жаңаша әдiстерiне сай келетiн бағдарламалар бойынша елдiң жоғары оқу орындарында мамандар даярлауды қамтамасыз ету; спорт саласына орта кәсiптiк бiлiмi бар мамандар даярлауды жетiлдiру; шетелдiң спорт клубтарында жаттықтырушы кадрлардың қайта даярлаудан өткiзу шараларын әзiрлеу; халықаралық дәрежедегi спортшыларды тәрбиелеуде тәжiрибесi бар және алдыңғы қатарлы технологияларды меңгерген жоғары бiлiктi шетелдiк мамандарды республиканың құрама командаларына жұмысқа тарту. Ұйымдық, ғылыми-әдiстемелiк және медициналық әдебиеттермен қамтамасыз ету. Дене шынықтыру және спорт - ел азаматтарының денсаулығын нығайтудың, жастардың рухын тәрбиелеудiң және дене тәрбиесiнiң, салауатты өмiр салтын қалыптастырудың маңызды құралдарының бiрi.
Сол себептi мемлекеттiң осы саладағы бiрiншi кезектегi мiндетi - ел халқының қалың жiгiнiң дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануына қол жеткiзу. Өңiрлердегi бұқаралық-спорт және дене шынықтыру-сауықтыру жұмысы тұрғындардың барлық жастағы топтары (еңбек ұжымдарында, халықтың тұрғылықты жерi мен демалыс орындарында, бiлiм беру мекемелерiнде) үшiн бұқаралық спорт түрлерiнен қолжетiмдi жарыстардың санын көбейтуге бағытталуға тиiс. Мұндай iс-шаралардың басты мiндетi - адамдардың күнделiктi дене шынықтыру-сауықтыру жаттығуларына деген талпынысын ынталандыру, оларды жарыс қызметiне тарту.
Халықтық және ұлттық спорт түрлерiн, өзiндiк дене жаттығулары мен ойындарды дамыту мәселесiне ерекше назар аудару және оларды халықтың дене шынықтырумен және спортпен белсендi түрде шұғылдануына пайдалану қажет. Дене шынықтыру-сауықтыру, спорт клубтары елдегi дене шынықтыру мен спорт қозғалысының негiзi болуға тиiс. Дене шынықтыру-спорт клубтарымен қатар барынша ыңғайлы жағдай, қызметтiң көптеген түрлерiн ұсынатын спорт орталықтары да қатар дамуы қажет. Оның үстiне, келешекте Қазақстан дүние жүзiнiң бәсекеге қабiлеттi елу елдiң қатарына кiруi үшiн республика спортшыларынан халықаралық аренада жоғары нәтижелерге жетудi талап етедi.

Дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстары және спорттағы қаржылық қызмет

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет