Зәр шығару жүйесi – түрi өзгерген метанефридиялар.
Жүйке жүйесi – буылтық құрттардағы сияқты, құрсақ жүйке тiзбектерiнен тұрады, бiрақ олардың жинақталуы жоғары болады.
Шаянтәрiздiлер класы екi топқа бөлiнедi: жоғарғы және төменгi сатыдағы шаяндарға. Төменгi сатыдағылардың (дафниялар, циклоптар, есек құрттар) құрсағында аяқтары болмайды. Олар судың терең қабаттарында тiршiлiк етедi және балықтарға қорек болып табылады. Жоғарғы сатыдағы шаяндардың көбiсiн тағам ретінде пайдалануға болады, еттерi дәмдi (шаян, креветкалар, лангустар, крабтар).
Медициналық маңызы. Кейбiр төменгi сатыдағы шаяндар гельминттердiң аралық иесi болып табылады, мысалы, циклоптар – ендi таспа құрт пен риштаның аралық иесi, ал жоғары сатыдағы шаяндар - шаяндар және крабтар - өкпе сорғышының аралық иесi.
Өрмекшiтәрiздiлер класының (Arachnoidea) жалпысипаттамасы.Өрмекшiтәрiздiлердiң денесi баскөкiрек және құрсақтан тұрады, бiрақ дене бөлiктерiнiң бөлiнуi әр түрлi өкiлдерiнде әр қалай болады. Сарышаян дене бөлiктерiнiң бөлiнуiмен ерекешелiнедi, баскөкiрегi бiрiккен және құрсағы 12 сегменттен тұрады. Өрмекшiлердiң құрсақ сегменттерi бiрiккен, денесi баскөкiрек пен бiрiккен құрсақтан тұрады. Кенелерде сегменттер толығымен жойылған, денесi бiртұтас. Өрмекшiтәрiздiлердiң баскөкiрегiнде алты жұп аяқтары орналасқан. Алдыңғы екi жұбы ауыз аппаратына - хелицер мен педипальп айналған. Қалған төрт жұбы жүру қызметiн атқарады. Кенелердiң ауыз аппараты паразиттiк тiршiлiк етуiне байланысты өзгерiске ұшыраған.
Өрмекшiтәрiздiлердiң арасында улы өкiлдерi: құршаяндар, бүйiлер және қарақұрттардың медицинадағы орны ерекше.
Құршаян (Scorpionidae). Iрi өрмекшiтәрiздiлерге жатады, ұзындығы 15 см жетедi. Денесi сары немесе қоңыр түстi болады. Құршаянның қурсағы сегменттелген майысқақ, ұшында тельсон орналасады. Тельсонның iшiнде жұп улы безi болады, олардың өзектерi үшкiр қайқы ұшында ашылады. Құршаян өз қорегiн педипальпiмен ұстап, құрсағын иiп ұшындағы инесiн денесiне шаншиды. Құршаянның шаққан жерi бiрден ауырады, қызарады (гиперемия), iседi, жансызданады. Кейде құршаян әсерi бүкiл денеге тарайды: тыныс алу, жұтыну, сөйлеу қиындайды, дене дiрiлдеп сiреседi, құсқысы келедi, жүрегi дүрсiлдейдi. Бұл белгiлер бiрнеше күн байқалуы мүмкiн.
Құршаяндар Қазақстанның оңтүстік аймақтарында және басқа ТМД елдерінде де (Қырымда, Кавказда, Орта Азияда) кездеседi. Күндiз жердегi тесiктердi, iндердi мекендейдi, түнде активтi қозғалып, қоректенедi.