Сабақ №14. Буынаяқтылар типі эктопаразиттер және адамның трансмиссивті ауруларын тасымалдаушылар. Кенелер


Иксод тұқымдасына жататын өкiлi -



бет6/8
Дата27.03.2023
өлшемі130,5 Kb.
#76423
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Иксод тұқымдасына жататын өкiлi - жайылым кенесi (тайга кенесi – Ixodes persulcatus)
Қазақстанның қылқан жапырақты және аралас жапырақты ормандарды(Солтүстік Қазақстан, Іле Алатауының тау бөктерлерінде) аймақтарында, негiзiнен, Сiбiрде және Қиыр шығыста, ТМД солтүстік- шығыс аймақтарында кездеседi. Денесi дөңгелек, алдына қарай қысыңқы, ұзындығы 3 мм-ге дейiн, аналығының арқа қалқаншасы денесiнiң алдынғы жағын ғана,аталығының - бүкіл арқасын жауып тұрады. Денесiнiң алдында буынды пальпiден, хели­церден және гипостомнан тұратын ауыз аппараты орналасқан. Паль­пiлер сезiм мүшесiнiң қызметiн атқарады, кененiң қай жерге жабысатының таңдайтын мүше. Тұмсығымен (гипостомамен) кене терiге бекiнедi. Құрсақтың орта бөлiмiнде жыныс тесiгi, ал денесiнiң артқы жағында аналь тесiгi орналасады. Дененің артқы бөлігінде аяқталатын, тесіктерінің алдынан өтетін доға тәрізді жүлгесі жақсы анықталады. Денесiнiң екi бүйiрiнде тыныс алу пластинкалары бар, олардың құрылысы кенелердің түрін анықтауға көмектеседі.
Жайылым кенесi адамның, көптеген сүтқо­ректiлердiң және құстардың уақытша эктопаразиттерi. Үшиелiк кене. Қоректенген соң ұрғашы кенелер 1500-20000 жұмыртқаларын кемiрушiлердiң iндерiне, топыраққа салады. Жұмыртқадан шыққан личинкалар майда омыртқалылардан (кемiрушiлер, кiрпiлер, құстар) қан сорған соң топыраққа түсiп түлейдi. Келесі нимфа сатысының қорек көзі - ала тышқандар, тиiндер, қояндар. Ересек кенелер iрi қара малдарға және адамға табиғатта демалысқа шыққанда жабысады, олар кенелiк энцефалиттiң қоздырғыштарын (вирустарын) негізгі тасымалдаушылары және резеруарлары болып табылады.
Аргас тұқымдасына жататын өкiлi - ауыл кенесi (Ornitodorus papillipes) (2 сурет). Қазақстанның және ТМД елдерінің оңтүстік аймақтарында, негізінен, Орта Азия, Кавказда кеңiнен таралған. Жабық баспаналарда, үңгірлерде тіршілік етеді.
Арқасында қалқаншасы болмайды, денесi қатты ұсақ бұдырланған жамылғымен жабылған. Кейде денесiнiң шеттерi өрнекпен көмкерiлген. Үстiнен қарағанда тұмсығы көрiнбейдi, жыныс тесiгi 1-шi жұп аяқтарының деңгейiнде, аналь тесiгi құрсақтың ортаңғы бөлiгiнде орналасқан. Анальдық жүлгесі жоқ.
Ауыл кенесiнің қорек көзі - әртүрлi сүтқоректiлер (қорқау қасқырлар, кемiрушiлер т.б.). Қан соруы аз уақыт, бiрақ көп қайталанады. Сондықтанда ұрғашылары иксод кенелерiне қарағанда аз мөлшерде бiрнеше қайтара жұмыртқа салады. 10 жылдан артық аштыққа төзiмдi, қайталамалы кенелiк сүзектiң спирохеттерiн трансмиссивтi және трансовариальды жолдармен тасымалдайды. Ауру тыныс алу жүйесiнiң қабынуымен, орталық жүйке жүйесiнiң зақымдалуымен сипатталады. Науқас зақымдалғаннан кейiн 2,5-4 айдан кейiн ғана жазыла бастайды. Жоғарыда аталған ауруларды алдын алу және диагноз қою үшiн кенелердi сыртқы белгiлерi бойынша ажырата бiлу керек.
Акариформды туыстықтарының өкiлi - қотыр кенесi (Sarcoptes scabiei) - адамның тұрақты паразиттi тiршiлiк ететiн кенелер тобына жатады. Оларға тән белгiлер: кененiң мөлшерi кiшi (0,1-0,4 мм), аяқтары қысқарып редукцияға ұшыраған, аз қозғалады және даму циклы толығымен иесiнде өтедi. Ауру қоздырғыштарын тасымалдамайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет