Сабақ №3-4: хд, хр типпен тұқымқуалайтын моногенді аурулар (ТҚЖ аурулары негізінде) Сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар



бет6/7
Дата04.10.2022
өлшемі49,18 Kb.
#41390
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
инф блок kz cbccae6f55a848cd176e494238eaee93

Диагностикалау әдістері:

  • Қанның биохимиялық талдауы (креатинфосфокиназа ферментінің

мөлшері айтарлықтай артқаны байқалады. Барлық аурулардың сарысуында КФК белсенділігі 20-100 есе артқан. Оның мөлшері туылғанда көп болады, ауру асқынғанда бүлшықет массасының азаюы мен қозғалыстың аздығынан төмендейді);

  • Оңтайлы диагностикалық әдіс бұлшықет ұлпасында дистрофинді зерттеу болып табылады;

  • Дистрофин мөлшері мен ұзындығын иммуноблоттинг әдісімен анықтайды;

  • Дистрофинге антиденелерді қолданып иммуноцитохимиялық бояу әдісімен сарколеммадағы дистрофин жетіспеушілігін анықтауға болады;

  • Мутацияны тасымалдаушылардан кейде мозаицизмді анықтауға болады.

  • Биопсия әдісімен бұлшықет талшықтарының әртүрлі калибрлі

болатыны, сонымен қоса, некроздалған және регенерацияланған талшықтар көрінеді; бұлшықет талшықтарының көпшілігі дәнекер және май ұлпаларына алмасқанын байқауға болады. Диагнозды дәлелдейтін биоптаттағы дистрофиннің жетіспеушілігі немесе молекулалық-генетикалық әдіспен мутацияны анықтау болып табылады.
Пренатальді тестілеу

  • Харион биопсиясы (CVS) көмегімен зерттеу 11-14 аптада жүргізіледі.

  • Амниоцентезді 15 аптадан кейін қолданады.

  • Ұрық қанын талдау 18 аптада алынады.

  • Генетикалық кеңес алу көмегімен ата-аналар тиімді зерттеу әдістерін таңдап алады.

  • Жүктіліктің ерте кезеңінде тестілеу жүргізіліп, үрықта ауру анықталса жүктілікті тоқтату жеңілірек болады. бірақ, осындай әдістерді қолдану келесі жүктілікте түсіктің болу мүмкіндігін арттырады.

Емдеу әдістері.

  • преднизолон және дефлазакорт сияқты картикостероидтарды қолдану

  • Рандомизирленген бақыланатын зерттеулер көрсеткендей, бета 2-антогонисттерді қолдану бұлшықет күшін арттырады, бірақ, аурудың үдемелілігін баяулатпайды.

  • Бір қалыпты физикалық белсенділік ұсынылады, жүзуге рұқсат беріледі.

  • Бұлшықет күшін, икемділігін, буындардың функционалдылығын бірқалыпты ұстау үшін физиотерапия қажет;

  • ортопедиялық заттарды қолдануға болады.

Тыныс алу үдерісін бір қалыпты қамтамасыз ету үшін ауру үдеген сайын арнайы респираторлы механизмдерді қолдану маңызды болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет