Сабақ 3 Бухгалтерлік баланс



Дата19.02.2023
өлшемі27,68 Kb.
#69135
түріСабақ
Байланысты:
Семинар 3


Тәжірибелік сабақ 1.3 Бухгалтерлік баланс


Есеп 1.3.1. «Қарлығаш» компаниясының 01.05.20_ж. қалдықтары бойынша баланс құру:

Көрсеткіштер

Сома

1) Ғимарат

1000000

2) Құрал - жабдықтар

450000

3) Көлік құралдары

200000

4) Шикізат және материалдар

350000

5) Қосалқы бөлшектер

51000

6) Аяқталмаған өндіріс

320000

7) Жарғылық капитал

1010000

8) Банк несиелері(5 жылдық)

560000

9) Алынған аванстар

40000

10) Берілген аванстар

50000

11) Салық бойынша бюджет алдындағы берешек

20000

12) Кассадағы қолма – қол ақша

2000

13) Жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысу

320000

14) Еңбекақы бойынша есеп айырысу

200000

15) Есеп айырысу шоттағы ақшалар

250000

16) Резервтік капитал

408000

17) Алуға тиісті шоттар

25000

18) Қорытынды табыс

240000

19) Дайын өнім

100000



Есеп 1.3.2. «ЖАН» компаниясының 01.09.20_ж. қалдықтары бойынша баланс құру



Көрсеткіштер

Сома

1) Ғимарат

2000000

2) Бағдарламамен қамтамасыз ету

200000

3) Көлік құралдары

100000

4) Шикізат және материалдар

150000

5) Дайын өнім

150000

6) Аяқталмаған өндіріс

55000

7) Жарғылық капитал

1200000

8) Банк несиелері

500000

9) Алынған аванстар

100000

10) Берілген аванстар

35000

11) Салық бойынша бюджет алдындағы берешек

120000

12) Кассадағы қолма – қол ақша

50000

13) Жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысу

300000

14) Еңбекақы бойынша есеп айырысу

190000

15) Есеп айырысу шоттағы ақшалар

900000

16) Резервтік капитал

450000

17) Алуға тиісті шоттар

10000

18) Қорытынды табыс

900000

19) 11 ай мерзімді инвестициялар

20000

20) Отын

90000



Есеп 1.3.3. Шаруашылық операцияларының бухгалтерлік балансқа тигізетін әсері
Есептің мақсаты: шаруашылық операцияларының әсерінен бухгалтерлік баланстағы өзгерістердің типтерін меңгеру.
Тапсырма: есепті орындау үшін берілген мәліметтердің негізінде, әрбір шаруашылық операциясы (2 кесте) бойынша баланстың өзгеру типін (1 кесте ) нысаны бойынша анықтаңыз: шаруашылық операцияларын, 1.1.1 және 1.1.2 есептер бойынша құрылған бухгалтерлік баланста бейнелеп, «Арай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2015 ж. 1 ақпанына, бухгалтерлік балансын құрыңыз.
Есепті орындау үшін берілген мәліметтер


Кесте 1 - «Арай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2015 жылдың қаңтар айында орындалған шаруашылық операцияларын тіркеу журналы




Шаруашылық операцияларының мазмұны

Сомасы,
теңге

Дебет

Кредит

1

Банктің қысқа мерзімді қарызы есеп айырысу шотына келіп түсті

60 000







2

Әлуметтік салық бойынша қарыз есеп айырысу шотынан өтелді

2 500







3

Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің ұзақ мерзімді дебиторлық қарызы есеп айырысу шотына келіп түсті

42 800







4

Өткен жылдардың бөлінбеген табысы есебінен резервтік капиталға аударымдар жасалынды

48 000







5

Нақты ақшаға қосалқы бөлшектер сатып алынды.

15 000







6

Жабдықтаушылар алдындағы қарыз ағымдағы банктік шотынан өтелді

30 000







7

Әкімшілік шығындары үшін ағымдағы банктік шотынан кассаға нақты ақша алынды

40 000







8

Кәсіпорынның бас агрономына тұқым сатып алуға кассадан нақты ақша берілді

10 000







9

Жұмыскерлердің еңбек ақысы кассадан берілді

25 000







10

Қабылданған құрылыс материалдары үшін жабдықтаушылардың шоты қабылданды

17 800








Кесте 2 - Бухгалтерлік баланстағы өзгерістің типтері



Реттік
номері

Шаруашылық
операцияларының
мазмұны

Бухгалтерлік баланстағы өзгерістер

Өзгеріс-
тің
типтері

Сомасы
теңге







Актив

Пассив







Көбеюі

азаюы

Көбеюі

азаюы







1






















2






















3






















Есеп 1.3.4. Келесі шаруашылық операциялар бойынша баланс құрылуындағы типтік өзгерістерді анықтау



  • кассадан еңбекақы берілді;

  • кассаға ағымдағы банктік шотынан ақша түсті;

  • ағымдағы банктік шотынан корпорациялық табыс салығы аударылды;

  • есеп беретін адамға кассадан қолма – қол ақша берілді;

  • ағымдағы банктік шотынан жинақтаушы зейнетақы қорына ақша қаражаттары аударылды;

  • ағымдағы банктік шотына банк несиесі түсті;

  • жарғылық капитал қорытынды табыс есебінен көбейді;

  • жабдықтаушылардың берешегі ағымдағы банктік шотынан өтелді;

  • ағымдағы банктік шотынан несиелер өтелді;

  • резервтік капитал арқылы өткен жылдың шығыны жабылды.



Өз білімін тексеруге арналган сұрақтар:



  1. Бухгалтерлік баланс дегеніміз не?

  2. Бухгалтерплік баланстың қандай түрлері бар?

  3. Баланс құрылымы неден тұрады?

  1. Баланс бөлімдерінің мазмұнын ашыңыз.

  2. Бухгалтерлік баланс баптары дегеніміз не?

  3. Бухгалтерлік баланстың өлшем бірлігі қандай?

  4. Баланстың «Активтер» бөлімі қандай баптардан тұрады?

  5. Баланстың «Міндеттемелер» белімі кандай баптардан тұрады?

  1. Баланстың «Капитал» бөлімі қандай баптардан тұрады?

  2. Шаруашылық операцияларының әсерінен болатын баланс көрсеткіштері өзгерісінің қандай түрлерін (типін) білесіз?


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет