1 критерий: Мектепке дейінгі ұйымда өзгерістерді енгізу үшін қажеттіліктерді анықтау. Балабақшамыздың стратегиялық жоспарының тақырыбын "Мектеп жасына дейінгі балалардың салауатты өмір салтының негіздерін қалыптастыру" деп таңдадық. Жобаны жасаудың алдында ұжымның, ата-аналардың, балалардың қажеттіліктері мен сұраныстарын мына диагностика әдістерінің көмегімен анықтадым. Атап өтсем:
Ата-аналармен
1.«Менің отбасымның салауатты өмір салты"» тақырыбында ата-аналарға арналған сауалнаманы жүргіздім.
2.«Ашық есік күнін» ұйымдастырылды.
Тәрбиеленушілермен
1. «СӨС туралы бастапқы түсініктердің қалыптасу деңгейі» дидактикалық ойын «Сөйлемді жалғастыр».
2. Гигиенаның қарапайым ережелерін сақтау деңгейі (Бақылау)
Педагогтармен
1. «Дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын жүргізуге ұжымның дайындық деңгейін анықтау» бақылау
2.Тест «Салауатты өмір салтының негіздері»
3. Реформаторлар командасын қалыптастыру шараларын жүргіздім.
педагогтардың теқ қана 30 % ғана дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын жүргізуге дайын екен, ал қалған педагогтардың тақырып бойынша біліктілігін арттыру қажет.
Сонымен қатар тақырыпты толық және сапалы іске асыруға қажетті пәндік ортаны құрастырға қажетті жағдайларын топтадым:
Пәндік ортаны құрастурға қажетті жағдайларды топтадым: