Сабақ №3 Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның өсімдіктер әлемі



бет3/4
Дата08.02.2023
өлшемі2,8 Mb.
#66140
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
3-сабақ. Қазақстанның өсімдіктер әлемі

2- тапсырма.

  • «Өсімдіктердің қандай түрлері болады?» тақырыбында шағын монолог құраңыз.
  • Дескриптор:
  • Тақырыпты түсінеді 1
  • Монологқұрайды1

Ықтимал жауап

  • Мен өсімдік болсам , қандай өсімдік боламын? Үй жағдайында өсетін бақшадағы, терезе алдындағы гүл болсам ба екен? Әлде таулы, дала, шөл, су өсімдігі болсам ба екен? Үй гүлі болсам, өзім сияқты су құюды ұмытып кетсе, солып қаламын. Оданда даланың қызғалдағы боламын. Ерте көктемде далаға қызыл кілем төсеп тастағандай, көздің жауын алып, ақынға шабыт беріп, сұлулықты сүйетін жандарға бақыт сыйлайтын.

Анықтауыш

  • Анықтауыштың жасалу жолдары:
  • Сын есім. Қысқа жіп-күрмеуге келмес.
  • Зат есім. Сәндікке күміс тағатын болды.
  • Сан есім. Жігіттің үш жұрты болады: өз жұрты,
  • нағашы жұрты, қайын жұрты.
  • Есімдік. Осы жылқы жүйрік.
  • Есімше. Жалбыраған бұтақтары жерге тиіп тұрады.
  • Ілік септікте тұрған есім сөздер. Шыршаның қабығы
  • жырым – жырым, ал майқарағайдың діні
  • Тән белгілер:
  • 1. Сөйлем негізін құрамайды (тұрлаусыз мүше);
  • 2.Сын есімнен және ілік септік тұлғасындағы
  • зат есімнен жасалады;
  • 3.Анықтайтын сөзі- зат есім немесе заттанған сөз;
  • 4.Анықтайтын сөзімен қабыса да, матаса да
  • байланысады;
  • 5.Анықтайтын сөзінің алдында орналасады;
  • 6. Заттық белгілерін анықтайды
  • Құрылысына қарай :
  • Дара анықтауыш. Кешке Есіркептің үйінде үлкен той болды.
  • Күрделі анықтауыш. Көп жасаған адам білмес, көп көрген адам біледі.
  • Үйірлі анықтауыш. Он саусағы өнер апам босаға көрген бірер жылында –ай маңғаз, инабатты,
  • пысық келін атанады.

Дескриптор: Анықтауышты құрылысына қарай ажыратады.2 Мәтіннен дара, күрделі, үйірлі анықтауышқа мысалдар келтіреді.2

  • 3- тапсырма. «Кім жүйрік?» ойыны.
  • Берілген кесте бойынша өсімдіктер әлемі туралы мәтіннен дара, күрделі, үйірлі анықтауышқа мысалдар келтіріңіздер.
  • Күрделі анықтауыш
  • Үйірлі анықтауыш


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет