Жаныс ақынға
Асылдан асыл
тараған...
ЖАМБЫЛ
Өмірзақ ҚАрғАБАйұЛЫ
www.anatili.kz
e-mail: anatili_gazetі@mail.ru
www.twitter.com/anatilikz
www.facebook.com/anatilikaz
№43 (1301)
29 қазан –
4 қараша
2015 жыл
Сөзi жоғалған
жұрттың
өзi де жоғалады
1990 жылғы
наурыздың 22-сiнен
бастап шығады
8-бет
11-бет
5-бет
Таңдау
Шаңырақ
«Келісіп пішкен тон
келте болмас»
Біріккен және кіріккен сөздердің
орфографиясы жайында
АтАдАн жеткен Асыл сөз
Менің пірім – Сүйінбай,
Сөз сөйлемен сыйынбай.
Сырлы, сұлу сөздері
Маған тартқан сыйындай!
Сүйінбай деп сөйлесем,
Сөз келеді бұрқырап
Қара дауыл құйындай!
Екпініме кезіккен
Кетер ме екен жығылмай!..
Құлаштап бір кетейін,
Көбен құсап тығылмай.
Қашсаң, қуып жетейін,
Бізге жабы бұйым ба-ай!
Селтеңдеген ақынды
Көрмеуші едім шыбындай.
Кәне, сөйлеп жіберші,
Айтыспағың, шының ба-ай?!
Міне, осылай, мінеки,
Тағы айтарым тағы бар.
Құдайдың берген бағы бар.
Арыстаннан әл кетсе,
Өткен күнін сағынар.
Дауылпаздан әл кетсе,
Қанатынан қағылар.
Қара дауыл жыр келсе,
Арқалы ақын қағынар.
Іштен туған ел биі,
Әділдігі танылар.
Сөз тізгінін ой бөлер,
Ілгергідей қайда адам?
Жасанған күннің жауһары,
Көл бетінде ойнаған.
Байқайсың ба, қай заман?
Ой түнегін түргендер,
Топқа жалғыз кіргендер.
Асылды таңдап кигендер,
Сұлуды таңдап сүйгендер.
Олар да өткен дүниеден.
Тілін мірдей қадаған,
Алдырмаған жағадан.
Желі сөзге абадан,
Таудай төмен қараған.
Күтетұғын сағадан,
Асылдан асыл тараған.
Сүйінбайдан қалған сөз!
«...Сүйінбай ақын – өмірі ат жалында
өткен ереуілді заманның хас
батырларын көзімен көріп қана
қоймай, өзі де сол батыр туған
бағлан ұлдардың бірі ретінде Қоқан
шапқыншыларына қарсы шығып,
жанын шүберекке түйіп жүріп
айқасқан жолбарыс жүректілердің
бірі. Сүйінбай сөзінің рухты келетіні
де сондықтан. Ол – ел арқасын
аяздай қарыған езгі мен қорлыққа,
зорлық пен зомбылыққа қарсы
тұруға қара жұртын жалынды
жырларымен үндей білген, елін
ерлік жолына бастай білген ақын.
Тіпті қайсыбір деректерде ақын
бес қаруын сайлап, атқа қонып,
Сұраншы, Саурықтармен қатар
жүріп, әлденеше жорықтарға
қатынасқан деп те айтады.
«Қарасай батыр», «Өтеген батыр»,
«Сұраншы батыр», «Жабай батыр»,
«Қараша – Қараш ұлы екен» дейтін
толғаулардың соншама нанымды,
әсерлі болып өрілуі де өзі қатысқан,
көзімен көрген сол қанқырғын
жорықтардың әсері, ықпалы болуы
әбден мүмкін».
Алты АлАштың АрдАғы
6-7
наласып, №56 қалалық мектепке
қала балаларымен бірге оқыды.
Кейін мектеп ұжымы жеке шаңырақ
көтеріп, 1972 жылы күзде ғимараты
салынып біткен үш жүз орындық
мектеп-интернатқа көшірілді.
Мектептің аты «Республикалық
физика-математикалық мектебі»
болып өзгертіледі.
Жас ұрпақ қамын, ел болашағын
ойлап, ауылдан шыққан талант-
ты қазақ балаларына арнап жеке
математикалық мектеп ашуға
ниеттеніп, жоғарыдағы басшылар-
ды көндіріп, Алматының қақ орта-
сынан мектеп-интернат ғимаратын
салдырған, сол құрылыстың басы-
қасында жүрген Орынбек Жәутіков
еді.
Есепке жүйрік балаларға кон-
курстық есеп құ растырып, оны газет
бетінде жариялап, зерек балалар-
ды жинады. Ол мектеп ашылған
соң мұғалім құрамын іріктеуге,
бала ның қалауынша орыс, қазақ
бөлім дерінде оқуына, сапалы білім
алуына ерекше мән берді.
А к а дем и к т і е с т е қ а л д ы ру
мақсатында 1990 жылы өзі ашқан
мектебіне оның есімі берілді.
Ғалымның ғылыми еңбектерін
әлем математиктері біледі. Есімі
әлемге таны лған ға лым Қаныш
С ә т б а ев, Әл кей М а р ғ ұ л а н мен
заман дас Жәу тіковтің ғы лымға
сіңірген еңбегі мен халқы алдындағы
абырой-беделі т у ра лы айты лар
сөз өз а лдына бір бөлек әңгіме.
О н ы ң ең б ек т е рі қо з ғ а л ыс т ы ң
орнықтылық теориясына, мате-
матика, физика теңеулеріне, диф-
ференциалдық теңдеулердің шексіз
ж ү й е л е р і н е, т е о р и я л ы қ ж ә н е
қолданбалы механикаға, матема-
тика тарихы мен оның методоло-
гиясына арналған. Ол Кеңес Одағы
Жәутіковтің жазығы не?
мен шетелдерде өткен математика
мен механика проблема ларына
арналған көптеген съездерге, кон-
грестер мен конференцияларға,
симпозиумдарға қатысты. Мем-
лекет алдындағы қажырлы еңбегі
үшін ордендермен, медалдармен
марапатталды. Оның ісі бүгінгі жас
ұрпақ үшін үлгі-өнеге.
Біздің бүгінгі көтеріп отырған
мәселеміз басқа. Біздің талабы-
мыз физика-математика мектебі
бұрынғысынша Жәутіков атымен
аталуы тиіс. Еліне елеулі еңбек
сіңірген танымал ғалым, аяулы аза-
мат есімі ардақталуы керек.
Мен О.Жәутіковтің шәкірті әрі
осы мектепте ширек ғасыр ұстаздық
еткен мұғалім ретінде атақты
ғалымға жасалған әділетсіздікке
шыдай алмай, «Ана тілі» арқылы
өз ойымды қалың жұртшылыққа
жеткізуді жөн көрдім. Сіз қалай ой-
лайсыз, ағайын!
Шолпан ҚАНДИ
Бет қАттАлып жАтқАндА:
БАспАсөз – 2016
зерде
Оралда Қазақстан халқы
Ассам блеясының 20 жыл ды-
ғына арналған алғаш рет өзге
ұлт өкілдері арасында «Домбы-
ра достыққа шақырады» атты
облыстық байқау мәреге жетті.
Астанадағы Қазақстан
республикасының Тұңғыш
Президенті Музейінде ресей
Суретшілер одағының мүшесі
Латиф Қазбековтің «Ертегілер
әлеміне саяхат» атты сурет
көрмесі өз жұмысын бастады.
Алматыда аудармашы лар
мен баспагерлерге арнал ған
«Полифония» атты халықара-
лық әдеби фестиваль тұсауын
кесті.
Қазақстан республи ка сы-
ның ұлттық кітапханасында
тарих ғылымының докторы,
профессор С.Әжіғалидің «Маң-
қыстау мен Үстірт ес керткіштері»
кітап-альбо мының тұсаукесері
өткізілді.
Елордада «Astana
Invest 2015» VI ха-
лы қа ралық инвес-
ти ция лық форум
өтті.
Біртүйер
9
Алматыдағы академик, белгілі математик Орынбек Ахметбекұлы Жәутіков
атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған
мектеп-интернатының атауы жаңа оқу жылының басынан бастап өзгерді. Жаңа
атау «Коммерциялық емес акционерлік қоғам республикалық физика-матема-
тика мектебі» деп аталады.
АсулАр мен
биіктер
«Отызында орда бұзып, қырқында
қыр асқан, Алматы, Астанадан бас тап,
барлық облыс орталықтарында өткен
(өтетін) неше алуан байқау, фестиваль,
басқа да алқалы жиындарда жюри
председателі, қазылар алқасын
басқарған, белгілі театр сыншысы,
ұстаз-профессор, Мемлекеттік
сыйлықтың (басқалары бір төбе)
иегері, «Театр тағлымы», «Сахна
саңлақтары», «Толғам», «Жарнама
алдындағы ой» секілді кітаптардың
авторы, көрнекті жазушы Әшірбек
Сығай жайлы кезінде талай айтылып,
жазылды, ел-жұрты риясыз сыйлады,
ардақтады, аялады».
өнер
Демек, оқу орнының атауы
өзгеріп, О.Жәутіков есімі алынып
тасталған.
Жарты ғасырлық тарихы бар мек-
тепке Жәутіковтің аты тектен-тек
беріле салмаған. Ол бұл мектептің
ашылуына мол еңбек сіңірді.
Математикалық мектеп ашу-
ды армандаған және сол мақсатқа
табандылықпен жеткен бірден-бір
адам – ол Жәутіков.
Мектептің тарихына тоқтала
кетейін. 1968 жылы шілдеде Алма-
тыда республикалық физика-мате-
матика профильді орта жалпы білім
беретін мектеп-интернат ашыл-
ды. Жаңадан ашылған мектепке
қабылданған ауыл балалары үш
жылдай уақыт Алматыдағы №3
қалалық мектеп-интернатқа ор-
«Ана тіліне» жазылыңыз, ағайын!
Қ
А
зПОШТА
Индекс
Мерзімі
Алматы
Аймақ/қала
Аудан/ауыл
Жеке жазылушылар үшін
65367
1 жылға
3083,04
3274,80
3427,68
Мекемелер мен ұйымдар үшін
15367
1 жылға
5991,84
6183,60
6336,48
Өскемен қаласында ХХІІІ республикалық театр-
лар фестивалі мәреге жетті.
Аталмыш өнер додасына сараптамалық кеңестің
шешімі бойынша іріктеліп алынған сегіз театр
қатысты. Фестиваль биылғы жылдың айтулы
оқиғаларына, соның ішінде Ұлы Жеңістің 70
жылдығына арналды.
Шара қорытындысында Батыс Қазақстан об лыс-
тық қазақ драма театры Ұлы Жеңіс тақырыбы бойын-
ша бас жүлдені иеленді. Батысқазақстандық театр
өскемендік көрермендер мен қазылар алқасының
назарына қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың
«Жәмила» шығармасы негізінде қойылған драманы
(режиссері Мұқанғали Томанов) ұсынды.
«Жәмила» – бас жүлдені иеленді
Сұңқардай Саңқылдаған
ер Сүйінбай
3
№43 (1301)
29 қазан – 4 қараша
2015 жыл
АНА ТІЛІ
2
№43 (1301)
29 қазан – 4 қараша
2015 жыл
АНА ТІЛІ
АтАмекен
А
қпараттар ағыны
А
қпараттар ағыны
Әзірлеген Нұрлан ҚҰМАР
Қызылордада Қазақстан халқы Ассамблея
сының «Мың бала» жобасы аясында өзге ұлт
өкілдері арасында «Ынтымағы жарасқан, туған
өлкем» байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты – өзге ұлт өкілдеріне
мемлекеттік тілді қазақтың тарихы мен
мәдениетін, салт-дәстүрлері мен әдет-
ғұрыптарын үйрету, қоғамдық келісім мен
отансүйгіштікті нығайту, қазақ тілінің мәртебесін
көтеру. Шараға 14-16 жас аралығындағы 10-ға
тарта талапкер қатысты. Сайыс шарты бойынша
оқушылар Қазақстан халқының бірлігіне арналған эссе жазудан және
өлең шумақтарын мәнерлеп оқудан өзара сайысқа түсті. Сарапшылар
үміткерлерді бағалау кезінде олардың қазақ тілінде таза сөйлеуіне,
жазу сауаттылығына, мазмұнына назар аударып, әділ бағаларын берді.
Нәтижесінде бірінші орынды №16 мектептің 11-сынып оқушысы
Светлана Коваленко жеңіп алып, облыстық байқауға жолдама алды.
Жүлделі екінші, үшінші орындарды №16 мектептің 9-сынып оқушысы
Динара Шадымұратова мен №266 мектеп-лицейдің 9-сынып оқушысы
Алишер Розметов иеленді. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен, бағалы
сыйлықтармен марапатталды.
Алматы облысы Райымбек ауданындағы
Қарасаз ауылының Мәдениет үйінде ақын
Ермек Ібітановтың 80 жылдығы тойланды.
Ғылыми конференцияны Қазақстан
Жазушылар одағы Басқармасы төрағасының
орынбасарлары Ғалым Жайлыбай мен
Жанарбек Әшімжан жүргізіп отырды.
Жұртшылық алдында Е.Ібітановтың екі
томдық шығармалар жинағының тұсауы
кесілді. Жазушы Қуанышбай Құрманғали
әдемі естелігінде өзінің әскерге үш кітап
ала кеткенін, сол кітаптың бірі Ерағаңның «Қойшылар» жинағы
болғанын айтты. Қаламгер жылдар сарғайтқан кітапты ақынның
жары Алтынгүл апамызға сыйға тартты. Ақындар Биғайша Медеу,
Бақыт Беделхан, Мақпал Мыса Еркін Ібітанұлына арнаған жырла-
рын оқыды.
Райымбек ауданында киіз үй тігіп, ас берілді. Ауданның
өнерпаздары Е.Ібітановтың өлеңдеріне жазылған әндерді шырқады.
Алматыда жапондық атақты скрипкашы Кен Айсоның
шығармашылық кеші өтті. Әсерлі әуенге толы кешті Халықаралық
«Жапон күзі» өнер фестивалінің аясында «Дегдар» қайырымдылық
қоры ұйымдастырды.
Халықаралық конкурстардың лауреаты скрипкашы Кен Айсоның
шығармашылығын Алматы жұртшылығы ерекше ықыласпен
тыңдады. Жапон өнер иесінің кешінде билеттер тегін таратылды.
Концертке ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, пианист Тимур Урманчеев,
«Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ермек Құрманаев,
Дастан Балағұмаров, Еркебұлан Сапарбаевтар қатысты. Еуропалық,
жапониялық және отандық авторлардың шығармалары орындалған
кеште Кен Айсо тыңдарман қауымға өз ықыласын жеткізді.
Батыс Қазақстан облысына қарасты Зеленов аудандық
орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкерлері
Ұлы мереке Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Ерліктің
арқауы, елдіктің бастауы – Қазақ хандығы» атты дөңгелек үстел
ұйымдастырды.
Жиналғандарға «Тарихы терең, келешегі кемел» тақырыбындағы
кітап көрмесі таныстырылды. Тарих пәнінің мұғалімі Салтанат
Амангелдіқызы хандығымыздың құрылу тарихы туралы айтса, одан
соң сөз алған кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі
Людмила Ишкулова биылғы «Бір ел – бір кітап» шарасына енген
Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының мән-маңызы
туралы әңгімелеп берді. Дөңгелек үстел соңында оқушылар өздеріне
қажетті көптеген қызықты деректер мен мағлұматтар алғандықтарын
айтып, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.
«Ынтымағы жарасқан, туған өлкем»
Еркін ақынның тойы
«Жапон күзінің» қоңыр кеші
Тарихтан – тағылым
топжАрғАн
құрМет
МәденИет
дөңгелек үстел
Көп болды Ақжайыққа
бармағалы деп, өлең жол-
дарында айтылғандай, біз
де араға бірсыпыра уақыт
салып, бабаларымыз
өсиет еткендей «өлі разы
болмай, тірі байымай-
ды» дегенді ескере оты-
рып, тіріге сәлем беріп,
өмірден өткендерге бата
ету мақсатында туған
елге сапар шектік. Сол
бір оңды сапардан түйген
ойларды оқырманмен
бөлісуді жөн санадық.
Біздің жол сапарымыз
Орал қаласынан баста-
лып, Қаратөбе, Жымпиты,
Жалпақтал өңірлерімен
шектелді.
Астанадағы Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде
«Қазақстанның жануарлар дүниесі» атты республикалық фотокөрме
өз жұмысын бастады.
Көрменің ашылу салтанатында мемлекет қайраткері
Өмірбек Байгелді шет мемлекеттерде табиғат қалай құрметтеліп,
қастерленетінін тілге тиек етті. Мәжіліс депутаты Қуаныш
Сұлтанов республикалық фотокөрменің берер тағылымы мол бола-
тынына сенім білдірді. Ұлттық музейдің директоры Дархан Мыңбай
көрме жұмысына тоқталып, Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан
кейін алғашқы қабылдаған заңдарының бірі жан-жануарлар мен
қоршаған ортаны қорғауға қатысты заң болғанын атап өтті.
Қазақстан мұсылмандары діни басқарма сының төрағасы, Бас
мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Алматыдағы республикалық «Әбу
Ханифа» атындағы медресе шәкірттерін жаңа оқу жылының басталуы
мен құттықтап, ілім алудың артықшылықтары тұрғысынан насихат
айтып, тәлімгерлерді оқуда озат болуға шақырды.
«Қазір жаңа қоғам ұлттық санасы қалыптасқан, діни білімі терең,
интеллектуалы жоғары заманауи имамдарды қажет етеді. Сондықтан
сіздер жаңа заманға сай білім алуларыңыз қажет. Дін ғылымымен
қатар елдің тарихын, қазақ мақал-мәтелдерін, ұлт көсемдері мен
би-шешендерінің даналық ой-тұжырымдарын, діни өлең-жырларын
жаттап, ұлттық құндылықтарды да қатар меңгеру керек» деді Ержан
қажы Малғажыұлы.
Айтулы шараға Алматы орталық мешітінің бас имамы Нұрбек
Есмағанбет, «Әбу Ханифа» медресесінің директоры Құлмұхаммед
қажы Маханбет және медресе ұстаздары қатысты.
Табиғатымызды аялайық
Заманға сай имамдар қажет
ФотокөрМе
ИМАн
«Жол таптым бар
қазақтың жүрегіне!»
өшпес дАңқ
кИнотуынды
Адамзат тарихында ең ауыр да қайғылы
қасіретімен із қалдырған Ұлы Отан
соғысының зардабы ешуақытта
ұмытылмайды. Халқымыз: «Біздің ісіміз
әділ, біз жеңеміз» деген ұранмен бірігіп,
бір тудың астына жиналды. «Не өмір, не
өлім» деп аянбады. Тылдағы еңбектеген
баладан бастап, қызкеліншектер,
қарттар соғыстың аяғына дейін дамыл
сыз еңбек етті. Майдандағылар мен тыл
еңбеккерлері бірінбірі қолдады. Жауын
герлер қарумен елін қорғаса, тылдағылар
азықтүлік, киімкешегін жіберіп, бір
біріне сүйеу, тіреу болды.
Осындай тылда таңның атысы, күннің
батысы қажырлы еңбек еткендердің бірі
қазір Ақтау қаласында тұратын 90 жастағы
Мақпал Түгелбайқызы Есеева деген қарт
ана. Ол Тұщықұдық ауылының тумасы.
Бұл кісі аққұба жүзді, орта бойлы, әлі де
болса карттыққа онша жол бере қоймаған
сүйегі асыл адам. Біз әжемізді әңгімеге
тарттық:
– Ұлы Жеңістің 70 жылдығын да атап
өттік. Өзіңізге белгілі, тылдағылардың
еңбегі соғыс кезінде аз болмаған. Елбасы
Ұлы Жеңіске арналған салтанаттарды тыл
еңбеккерлерінің еңбегі атаусыз қалмауы
тиіс деп тапсырды ғой.
– Ел басына күн туған шақта «Бәрі
де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» деп
жұмыла еңбек еттік. Мен бұрынғы Вороши-
лов атындағы ұжымшарда болдым. 16 жа-
сымнан бастап әкем Түгелбаймен бірге мал
Театр киім ілгіштен бастала-
ды дегендей, өңірге байланысты
алғашқы пікір жолдан басталаты-
ны да жасырын емес. Ал бүгінгі
жол жағдайы – осы үш өңірдің
үшеуінде де асфальт жол төселген,
бұрындары 300 шақырымдық жер-
ге жетуге 6 сағаттай уақыт кетсе,
бүгінде 3 сағатта ешбір кедергісіз
жету мүмкін болып отыр ған дығына
қ а й р а н қ а л м а с қ а б о л м а й д ы .
Жолдың жөнделуімен байланысты
автокөліктің қай түрі де тоқтаусыз
жүреді.
Бізді қарсы алып Қаратөбе
ауданының Аққозы елді мекені,
оның Көлқамыс атты жеріне
дейін апарып құрмет көрсеткен
Орал өңіріне танымал кәсіпкер
Құсайын атты азамат. Оның ша-
руа қожалығы төрт-түлік малды
бағып, өсіріп шаруашылықты
дөңгелентіп отырғанын көзімізбен
көріп қатты ризашылық білдірдік.
Бірнеше жүздеген ірі қара мал,
жылқы, қой өсіріп, тек санын
өсірумен шектелмей, сапалығын
арттыруға, яғни мал тұқымын асыл-
дандыруды ғылыми-тәжірибелік
тұрғыдан ұйымдастыруды қолға
алып отырғаны өте құптарлық
жай. Кәсіпкер Құсайынның мал
шаруашылығының маңыздылығын
әрі табиғат ерекшелігін ескере оты-
рып осындай қадам жасауына жан-
жақты қолдау көрсету керек-ақ.
Өйткені жасыратыны жоқ, соңғы
жылдары мал тұқымын шетелдер-
ден мыңдаған долларға сатып алу
жолымен мал шаруашылығының
тиімділігін жаппай көтеру тиімсіз
екенін уақыт көрсетіп отыр.
Табиғат демекші, республи-
каның көптеген тұрғындары ауызсу
тапшы лығына кезігіп отырғаны
да жасырын емес. Бұл бағытта
«Таза су» бағдарламасы да жүзеге
асырылуда. Ал қаратөбеліктер
Тышқантайдың табиғи таза ауыз-
суын тұтынуда, тіпті малына да осы
суды беріп отыр.
Ш а р у а қ о ж а л ы ғ ы н ы ң ж а з
бақтым, қой қырқып, қой төлдеттім. Жазда
орақ орып, шөп шаптым. Үнемі ашқұрсақ
жүрдік. Қой сауып, оның сүтінен брынза
бастық, меспен май шайқап, майдан үшін
тапсырдық. Әр ай сайын жоспар беріліп
тұрды. Ақша деген қолға тиіп көрген жоқ.
Еңбеккүн деген болды. «Еңбеккүн» үшін
ай сайын әр адамға бес келі ұн, салмағы 600
грамдық грузиялық шай берілді. Ал шақпақ
шекер, «күйік кәмпит» дегендерің елуінші
жылдарға қарай келе бастады.
Көлік – ат пен түйе. Мектеп үйі мен
кол хоз кеңсесі жапырайған екі үй, олар да
еден сіз. Көпшіліктің тұрғын жайы жер-
тө леде еді. Ал малшылар жағы көбінесе
қысы-жазы киіз үйлерде отырды. Сол
кезең дердегі менімен құрдас қыз-келін-
шек терден Тұщықұдықта жалғыз ғана
Сәнбалаш Түйешиева ғана бар. Біз қыстан
басқа уақыттарда жалаңаяқ жүре беретінбіз.
Тұщықұдықтың өңірі құмдақ, шағылды
болып келеді. Соғыстың аяқталар тұсында
қойма меңгерушісі, есепші болып та аздаған
қызмет атқардым.
Қысы-жазы үстімізден жыртық-жамау
киім түскен емес. Ал брезент бәтеңкені
соғыстан кейін ғана кидік. Үлкендер жағы
«американ галош» киіп мәз болатын. Бірақ
бізді қинайтыны тұрмыстың ауырлығы
емес, елге келіп жататын «қара қағаздар»
болды ғой. Дауыс етіп жылағандар, жары
мен баласын жоқтағандардың зары әлі
күнге дейін құлағымнан кетпейді.
– Иә, сол бір қиын-қыстау шақтар да
өтті. Сіз де тұрмыс құрып, балалы-шағалы
Алматыдағы С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің
әдеби-мемориалдық музей кешенінде «Қазақфильм»
киностудиясы 2002 жылы шығарған С.Мұқанов ту-
ралы «Жол таптым бар қазақтың жүрегіне!» атты
деректі кинофильм көрсетіліп, фильм режиссері
Орал Жүнісовпен кездесу кеші өткізілді. Деректі
фильмнің авторы Тұрсынбек Кәкішов пен редакто-
ры Әміртай Бөрі туралы еске алу лебіздері айтылды.
Деректі кинокартинада 2000 жылы С.Мұқановтың
100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО шешімімен,
ҚР Үкіметінің Қаулысымен жоғары деңгейде
аталып өтілгені, Қызылжардағы жазушы тойына
Елбасы Н.Назарбаев қатысып, сөз сөйлегені негізгі
әңгіменің кіріспесі ретінде алынған. Академик-
жазушының өміріне, шығармашылығына
қатысты қадау-қадау құнды деректер қамтылған.
Жұртшылық назарына ұсынылған сирек те құнды
кино-фото құжаттары талғампаздықпен таңдалған.
Жазушының сүйікті жары, 100 жастан асып өмірден
озған Мариям Мұқанованың естелік әңгімесінің
тартымдылығы да тәнті етеді. Әдебиет пен
өнеріміздің ұлы тұлғалары туралы мұндай деректі
дүниелердің құндылығы уақыт өткен сайын арта
түсетіндігі, ұрпақ тәрбиесіне ықпалы зор болаты-
ны айтылды. Деректі фильм режиссері О.Жүнісов
кеш қонақтарының көптеген сауалдарына жауап
қайтарып, фильм түсіру құпиясының қызықты
тұстарын шебер әңгімеледі. Әдеби кешке зиялы
қауым өкілдері, студенттер, мектеп оқушылары
қатысты. Кешті Музей кешенінің басшысы,
Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының лауреаты,
ақын Әділғазы Қайырбеков жүргізіп отырды.