Сабақ №3. Ядро, хромосома және хроматин, медициналық маңызы



бет4/4
Дата17.10.2023
өлшемі101,5 Kb.
#117291
түріСабақ
1   2   3   4
Политения дегеніміз хромосоманың нәзік құрылымының хромонемнің сандарының көптеп 1000-ға дейін жетуі немесе одан да көп артуы, бірақ хромосома санында өзгерістің болмауынан хромосомалар алып көлемге ие болады.
Алып хромосомаларды дрозофила шыбынының дернәсілінің сілекей безінен байқауға болады.
Генетикалық әдістер арқылы алып хромосомаларды зерттеу нәтижесінде анықталған жеке гендерді, алып хромосомалардың белгілі аймақтарымен байсаныстыруға мүмкіндік туды. Хроматиннің тығыздалған жерлері диск деп аталатын құрылымды құрайды, ал олардың арасында деконденсацияланған диск аралық бөлігінде хроматин орналасқан. Әрбір дискте, көлеміне қарай хромомерлер саны әртүрлі болады. Хромомерлер — мейоздық хромосомаларда профазада, сонымен қатар интерфаза сатысында сомалық жасушалардың политенді хромосомаларында жақсы көрінетін, күңгірт түске боялғанған түйіндерден түратын құрылымдар.
Политенді хромосомалар құрылымы бойынша ғана қызығушылық туғызбайды, сондай-ақ қызымет етуі де маңызды. Гендердің транскрипциясы кезінде хроматин деконденсацияланып, пуфтар қалыптастырады. Онтогенездің түрлі сатыларында дискілерде арнайы осы кезеңге тән гендер белсенді болады. Осы гендер орналасқан хроматин дискілері «тарқатыла» бастағанда транскрипция жүреді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет