Заттарды қайда қолданылатынын түсіндіру; - Заттардың қалай өзгеретінін, оған не әсер ететінін ажырату; Психологиялық ахуалды жақсарту Дені саудың жаны сау Деген бізге атамыз. Саулық үшін әрдайым, Жаттығуды жасаймын!
Жентті қалай жасайды?
Пиктограмманы оқы:
Пиктограмманы оқы:
Негеш әжесі дайындаған тосаптың жасалу жолын пиктограммамен көрсетті. Пиктограммаға қарап, құлпынай тосабын дайындау үдерісін айтып бер. Тосап дайындау үдерісіне қандай заттар пайдаланылды? Үдеріс барысында заттар өзгерді ме? Қандай заттар өзгерді? Тосап жасау үдерісін қалай атауға болады? Ол немен байланысты? Нәтижесінде қандай зат алынды? Үдеріс басындағы зат пен соңында алынған затты салыстыр. Олар туралы не айтуға болады?
Заттар түрлі үдеріс кезінде басқа заттарға айналады. Ол үшін заттарды араластырады, қыздырады, ерітеді. Кейбір заттар араласқан қоспаның құрамында болса да, қасиеттерін жоғалтпайды. Ал кейбір заттар басқа заттармен әрекеттесіп, өз қасиеттерін жоғалтады немесе өзгертеді. Олар бастапқы қалпына келе алмайды. Адамдар заттарды қосу, араластыру арқылы заттың қасиетін жақсартуды, құрамын өзгертіп басқа заттар жасауды үйренді.