Қосымша ақпарат: шет тілі мен компьютерге машықтығыңыз, жүргізуші куәлігі, кәсіби ұйымдардың мүшелігі және т.б. дағдыларыңыз туралы жазыңыз. Ал хобби жұмысыңызбен тығыз байланысты болған жағдайда ғана көрсетілуі керек.
Ұсыныс, мінездеме. Мүмкіндігінше ұсыныстар беру мүмкіндігін көрсетіңіз.
Негізі түйіндеменің басты мақсаты жұмысқа тұрушының жұмысқа қабылдаушыға өзі жайлы мейілінше нақты және толық ақпарат беру. Төменде көрсетілген түйіндеме шағын ғана және өте қарапайым. Жұмыс түріне қарай түйіндеме де әркелкі болуы мүмкін. Әдетте, мемлекеттік мекемелерге белгілі бір стандарттарға сәйкес түйіндеме беру керек. Ол қысқа да нұсқа, маңызды деген ақпарат белгіленген, кейде сурет пен мақтау қағаздары, сертификаттар, ұсыным хаттарымен қоса жүреді. Түіндемеге қарап жұмысқа қабылдаушы жұмыскер жайлы ой түйеді. Сауатты, қатесіз, ұқыпты толтырылған түйіндеме кей уақыттары жұмысқа қабылдау жайлы шешімнің соңғы нүктесі болуы мүмкін.