Маңызды!Өзін-өзі таныстыру қысқа, бірақ мазмұнды болуы керек. Бір парақ, ең көбі бір жарым, жеткілікті.
3) Жұмысты қалай іздесеңіз де, таныс арқылы болсын немесе газеттер мен ғаламторды пайдалансаңыз да сізден міндетті түрде түйіндеме көрсетуді сұрайды. Қазір жақсы жазылған резюме болмаса, жұмыс іздеу нәтижесінің қуантарлық болмайтынын бәрі біледі.
Түйіндемеде не болу керек? Түйіндеме – ең тиімді жұмыс іздеу құралдарының бірі. Бұл әлеуетті жұмыс беруші үшін ең маңызды болып табылатын жұмыс іздеушінің қысқаша өмірбаяны, ең алдымен оның жұмыс тәжірибесі, дағдылары мен біліміне қатысты қысқаша сипаттама.
Орташа алғанда, резюмені оқуға 1-2 минут кетеді. Сондықтан жұмыс берушінің назарын бірден өзіңе аударып, оны қызықтырып, сұхбатқа шақыруына дейін жету өте маңызды. Резюмені құрастыратын кезде оның өзіңіздің визит карточкаңыз болатынын және жұмыс іздеп жүрген адамдардың ішінен сізді ерекшелеп тұруы тиіс құжат екенін ұмытпаңыз.
Түйіндеме құрылымы: Түйіндеме, әдетте, 1-2 беттен тұрады және келесі блоктарды қамтиды:
Байланыс деректері:
Телефон нөмірі (үй телефоны, ұялы телефон нөмірі, қала кодымен көрсетілген жұмыс телефоны. Жұмыс телефоны жұмыс орнында жеткілікті еркін сөйлесуге мүмкіндік болған жағдайда ғана көрсетіледі)
Мақсаты (міндетті емес, бірақ көрсеткеніңіз дұрыс) Яғни, қандай лауазымда жұмыс қарастырып жүргеніңіздің қысқаша сипаттамасы және не себептен ол лауазымда істегіңіз келетіні жайлы 2-3 жол түсінік болу керек. Егер түйіндеме қандай да бір нақты бос орынға жіберілсе, онда мақсат ретінде бос орынның атауы немесе коды жазылады. Егер мақсатыңыз бірнеше болса, түйіндеменің екі немесе үш нұсқасын жасаңыз.
Біліктілік. Жұмыс беруші үшін ең маңызды болып табылатын кәсіби дағдылар мен жақсы жақтарыңыз және жетістіктеріңіз туралы қысқаша ақпарат.
Хронологиялық тәртіп бойынша алдыңғы жұмыс тәжірибеңізді көрсетіңіз. Бірінші, соңғы жұмыс орны көрсетіледі. Бұл келесі сызба бойынша соңғы 10 жыл ішінде тәжірибені сипаттайтын түйіндеменің ең маңызды блогы:
– Компанияның атауы;
– Компания қызметінің бағыты;
– Жұмыс іздеушінің ол компанияда істеген уақыты
– Лауазымы;
– Лауазымдық міндеттері;
– Кәсіби дағдылары мен жетістіктері.
Жетістіктеріңізді сипаттағанда дамыттым, үнемдедім, көбейттім немесе қысқарттым деген етістіктерді қолданыңыз.
Білімі. ЖОО-ның бітіргеніңізге көп уақыт өткен сайын, бұл тармақ түйіндемеде неғұрлым аз орын алуы керек. Ал түлектер мен студенттер білімі туралы жұмыс орны деген тармаққа жазады. Себебі, оқуды жаңа бітірген жұмыс іздеушіде жұмыс тәжірибесі болса, ол аса маңызды емес.
Марапаттарыңыз туралы да жазуға болады және мақсатыңызға сәйкес келетін пәндерді оқығаныңызды да көрсетіңіз. Сонымен қатар, қосымша білім: курстар мен семинарлар, тренингтер мен тәжірибелерден өткен болсаңыз, оны да көрсетіңіз.