Сабақ №4 Тақырыбы: Тірек-қимыл жүйесі Мақсаты: Тірек-қимыл апппаратының құрылысымен танысу және түрлерін сипаттау



бет13/15
Дата07.01.2022
өлшемі42,83 Kb.
#19100
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
4 практикалық сабақ Физиология

Қаңқаның құрылысы.

Кеңістікте қозғала алу қабілеті – тірі организмнің маңызды қасиеті. Бұл қызметті адамда екі енжар және белсенді бөліктен тұратын тірек қимыл жүйесі атқарады. Қаңқа сүйектерден және олардың байланысынан тұрады. Ол біздің денемізге тірек болып, пішінін сақтайды, қорғаныштық және қан түзілу қызметін атқарады, зат алмасуға қатысады. Дене және аяқ–қол сүйектері иінтірек болып табылады. Ол арқылы дененің кеңістіктегі қимыл-қозғалысы жүзеге асырылады.


Бас сүйек, кеуде қуысы, жамбас астауы маңызды мүшелерді: ми, жүрек, өкпе, асқазан, жыныс және т.б. мүшелерді қорғайды. Түтікті сүектің басы сүйектің қызыл кемігін, ал қуысы сүйектің сары кемігін қорғайды. Адам қаңқасы 200 ден астам сүйектен тұрады. Әрбір сүйектің белгілі бір пішіні, мөлшері және қаңқадағы белгілі бір орны болады.
Бас қаңқасы – бас сүйек екі: ми және бет бөлігінен тұрады. Ми бас сүйегінің сүйектері – маңдай, шүйде, жұп самай және төбе сүйектері өзара берік байланысқан. Олар миды қорғайды. Шүйде сүегінің үлкен тесігі бар. Бұл жерде ми мен жұлын жалғасады. Сүйектегі көптеген майда тесіктер арқылы жүйкелер мен қан тамырлары өтеді. Бас сүйектің бет бөлігін ірі сүйектер – қозғалмайтын үстіңгі және қозғалмалы астыңғы жақ сүйектері құрайды. Жақ сүйектерінде тістер орналасқан. Бұл қаңқаның бірден–бір жалаң бөлігі болып табылады. Тіс түбірі жақ сүйегіндегі ұяда терең орналасқан, сондықтан олар берік бекиді.
Дене қаңқасы. Дене қаңқасына омыртқа жотасы мен кеуде қуысы жатады. Омыртқа жотасы дене бөліктерін байланыстарып, жұлынның қорғаныш қызметін, бас, қол, бүкіл дененің тірек қызметін атқарады. Омыртқа жотасының жоғары бөлігі бас сүйекпен байланысады. Омыртқа жотасының ұзындығы адам бойының ұзындығының, шамамен 40 пайызын құрайды.Омыртқа жотасы 33-34 омыртқадан тұрады. Оны мойын (7ом), арқа (12ом), бел (5ом), сегізкөз (5ом), құйымшақ (4-5ом) бөлімдерінен тұрады. Омыртқа жотасы иілім түзеді, оның екеуінің дөңес жері – алға, ал екеуінікі артқа бағытталған. Иілімнің болуы адамды басқа омыртқалы жануарлардан ерекшелейді және ол дененің тік бағытына және тік жүруге байланысты. Иілімдер еркін қозғалуды, тепе-теңдікті сақтауды қамтамасыз етеді. Омыртқа жотасының қозғалғыштығы жақсы, оның қозғалуы үш ос айналасында жүзеге асырылады. Ол әрқайсысының денесі, омыртқа тесігін түзетін артқы доғасы бар омыртқалардан тұрады. Бірінің үстіне бірі орналасып омыртқа өзегін түзеді. Доғадан өсінділер таралады, оларға бұлшық еттер бекиді.
Кеуде қуысы. Арқа омыртқалары, қабырғалар мен төс кеуде қуысын түзеді. Адамда, әдетте, доға тәрізді иілген жалпақ 12 жұп қабырға болады. Олар артқы жағынан арқа омыртқаларымен жалғасады, ал алдыңғы жағы төспен байланысады. Қабырғалардың қозғалуы адамның тыныс қозғалыстарына қатысады.
Иық белдеуі екі жауырын мен екі бұғанадан тұрады. Жауырын – кеуде қуысының артқы жағында орналасқан үшбұрышты жалпақ сүйек. Бұғананың бір ұшы төстің жоғары ұшымен, екінші ұшы жауырынмен қосылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет