Қымбатты балалар, қазір көздеріңді жұмып, табиғатты елестетіңдер. Әдемі музыка тыңдаймыз. Бұл Л. Бетховеннің
«Лунная соната» музыкасы. Л. Бетховен бұл еңбегін нашар естіп жүргенде жазған. Ол тіпті естімей керең болып қалғанда таяқтың бір ұшын рояльға, екінші ұшын аузымен ұстап, музыканы таяқтың көмегімен тыңдай білген. Егер де есту жүйкесі зақымдалмаған болса, осылай музыканы тыңдауға болады. Бұл композитордың қанша ауру болса да мойымайтын, күресе білетін адам екенін көрсетеді.
ІІ. «Фотогалерея»
Суретке сәйкес келетін сөйлемдерді мәтіннен табады, түсіндіріп береді, ерекшеліктерін айқындайды.
Дескрипторлар:
Мәтіндегі негізгі ойды бөліп алады.
Рецепторлардың ерекшеліктерін айқындайды.
Суретті түсіндіріп береді.
Аяқталуы
«Ыстық орындық»
Оқушылар алған білімді пайдаланып, сұрақтарға жауап береді.
Дескрипторлар:
мәтінді толық меңгереді;
сұрақтарға нақты, дәлелді жауап береді;
рецепторлардың маңызын нақтылайды, баға береді.
Қосымша ақпарат.Таяқшалар – ақ-қараны ажыратады.
Құтышалар – көк, жасыл, қызылды ажыратады. Қалған түстердің барлығы араласудан туындайды.
Адам құлағы 20-дан 20 000 Гц болатын дыбыс жиілігін қабылдай алады.
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?
Қосымша көмек керек оқушылар үшін:Көздегі соқыр дақтың аталу себебі қандай? Ойыңды дәлелмен жеткіз.
Қабілеті жоғары оқушы: Бинауралды есту Бинауралды көру дегеніміз не? Терминді түсіндіріп бер.
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері