Дербескомпьютер – ол бір адам басқа компьютерлерден тәуелсіз, жеке алатын компьютер. Дербес компьютерлер үстел үсті, алып жүретін, алақан компьютерлері болып бөлінеді.
Үстел үсті компьютері – үйде немесе офисте ең жиі қолданылатын компьютер. Ол монитордан, жүйелік блоктан және пернетақтадан тұрады.
Алып жүретін компьютерді ноутбук деп те атайды. Кішкене мөлшерліноутбуктерді нетбуктер деп атайды. Дербес компьютерлердің ішіндегі мөлшері ең кішісі алақан (қалта) компьютері.
Қызықты ақпарат Заманауи компьютерлердің қолданылу салалары
Компьютерді жұмыста қолдану
Көптеген адамдар күнде офиске бармай-ақ, компьютермен үйде жұмыс істегенді ұнатады.
Есепшілер, жазушылар, программистер, дизайнерлер, аниматорлар, суретшілер, музыканттар және де көптеген кәсіп иелері үйде жұмыс істей алады. Яғни, жұмыстары компьютерлік технологияларды пайдаланумен байланысты мамандардың бәрі үйде отырып компьютермен жұмыс істей алады.
Компьютер көмегімен сауда жасау
Көптеген тауарларды Интернет арқылы сатып алу өте қолайлы. Қажет заттарды іздеу үшін дүкендерді аралауға уақыт жұмсаудың керегі жоқ. Барлық каталогтар интернет-дүкендердің сайттарында орналасқан. Сондай-ақ коммуналдық қызметтерді өтеу, телефонды пайдаланғандарың үшін шоттарды толықтыру, ақша аудару және т.б. компьютер көмегімен үйде отырып жүзеге асыруға болады.
Түйін Компьютердің қазіргі уақыттағы негізгі функциясы – басқару.
Компьютердің түрлері: суперкомпьютерлер, үлкен компьютерлер, серверлер, дербес компьютерлер.
Компьютерлік желілердің орталық торабы болып табылатын үлкен компьютерлерді серверлер деп атайды.
Дербес компьютер – ол бір адам жеке қолдана алатын компьютер.
Дербес компьютерлер: үстел үсті, алып жүретін, алақан компьютерлері болып бөлінеді.
4. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс А деңгейі Интернет желісінен суперкомпьютерлер туралы ақпаратты тауып, оқып-біліңдер.
В деңгейі Мәтіндік редакторда берілген тақырыптың біріне хабарлама жазыңдар («Компьютер қолдану», «Компьютердің түрлері»).