Жаңа түсініктер: "Компьютер" сөзі "есептеуіш" дегенді білдіреді, яғни есептеуге арналған құрылғы. Компьютер — деректерді бағдарламалап өңдеуге арналған электрондық құрылғы. Қазіргі компьютерлер тек есептеп қана қоймай, цифрлық емес (мәтіндер, дыбыстар, графика және т.б.) акпаратты өндейді, әр түрлі технологиялық процестерді, деректер базасын және басқаларды басқарады. Информатика сабағында ІВМ РС типті ДК-лерді оқып үйренеді, олар осындай дербес компьютерлерді алғашкы шығарған американдық компанияның атымен аталған (ІВМ фирмасының ДК-лері). Бұл типті компьютерлерді дүние жүзінде жүздеген өндірушілер шығарады. Олар өзара өнімділігімен, жадының сыйымдылығымен және бірқатар функционал мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. ДК-нің басқа типтері де бар. мысалы, Аррlе фирмасының Масіntosһ ДК-сі. Бірақ ДК-лердің барлық типтерінің ақпарат өндеу және адаммен қарым-катынас жасауының негізгі принциптері бірдей. Дербес компьютер өнеркәсіп бұйымы ретінде өзара жалғастырушы кабельдермен байланыстырылған бірнеше блоктардан (құрылғылардан) тұрады. Блоктардың номенклатурасы (тізімі) әр түрлі болуы мүмкін, бірақ кез келген компьютер жұмыс істеуі үшін, үш блоктан тұратын жинақ керек (компьютердің негізгі жинағы). Басқа құрылғылардың барлығы қосымша деп аталады. Оларға принтер, дыбыс колонкалары, құлақкалқа, микрофон, модем, сканер, мани-пуляторлар: "маус", трекбол, терте (джойстик) жатады. Компьютердің аталған негізгі жинағының басты элементі - жүйелік блок. ДК жүйелік блогы - компьютердің негізгі тораптары орналасқан тік төртбұрышты қорапша, онда: микропроцессор мен жедел жады және т.б. бар аналық тақша, адаптерлер, қоректендіру блогы, иілгіш және қаткыл дискідегі| жинактауыштар, контроллер, ажыратпалар орналастырылған.
ДК (дербес компьютер деп аталынуы - бір-ақ адам қолданады) қазіргі кезде көпшілік арасында кең тарай бастады. Кез-келген компьютерлер бірнеше құрылғыдан тұрады.
►► Монитор, жүйелік блок, пернетақта , мультимедиа колонкасы, модем, маус.
Бұл құрылғылардың ең негізгісі Монитор, жүйелік блок, пернетақта.
Компьютердің барлық құрылғылары оның артындағы ажыратып қосқыштар арқылы ажыратылады. Компьютердің процессоры мен жедел жадысынан басқалары оның сыртқы құрылғылары болып табылады. Олар: монитор, пернетақта, принтер, маус, модем. Әрбір сырткы кұрылғы процессормен арнайы блоктар - адаптер немесе контролер арқылы жалғасады. Контролер немес адаптердің міндеті - процессордан келіп түскен ақпаратты құрылғылардың жұмысын басқаратын сәйкес сигналдарға айналдыру.
Жүйелік блок - мұнда компьютердің негізгі құрылғылары орналасқан. Компьютерді қосып өшіру батырмасы, дискжетек, компакт-дискіні оқитын СD-RОМ орналастырылған. Жүйелік блоктың ішінде аналық тақша, процесор, СD-RОМ, бейнетақташа, дыбыс такташасы мен т.б. бар.
Процессор - компьютердің ең басты бөлігі. Ол компьютердің "миы". Ол бүкіл компьютердің жұмысын басқарады және бағдарламалардағы барлық командаларды орындайды. Іс жүзінде компьютердің орындайтын жұмысының бәрін оның бас микросхемасы - микропроцессор атқарады. Қазіргі кезде ең көп тараған "пентиум" процессоры. Сондықтан компьютер де пентиум деп аталады. Процесор жадпен жұмыс істейді. Жад микросхемасынан процесор өзіне қажетті ақпаратты алады.
Жедел жад - бул компьютердіү ішкі жады. Жедел жад немесе оперативті жадтайтын кұрылғы (ОЖҚ) - ол қажет ақпараттарды өзіне жылдам жазуға және одан оқуға мүмкіндік береді. Бірақ онда ақпараттар уақытша сақталады, яғни компьютерді өшіргенше. Егер компьютерді өшірсе онда жедел жадтағы барлық ақпарат өшеді. Компьютердің ішкі жадысының екі түрі бар: тұрақты жадтайтын құрылғы ТЖҚ (ПЗУ) - бұл компьютердің ішкі жады, компьютерді іске қосқанда алдымен ТЖҚ-дан алынады. Жедел жадтайтын құрылғы ЖЖҚ (ОЗУ) - ақпаратты уақытша сақтайтын жад. Енгізу құрылғылары: пернетақта, маус, джойстик, өлшеу аспаптары, сканер. Шығару құрылғысы - принтер, дисплей, графопроектор.
Дисплей - компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Дисплей: электрондық-сәулелі түтікшеден (ЭСТ) (электронная лучевая трубка ЭЛТ), қоректендіру блогынан және сәулелі басқарушы электрондық блоктан тұрады. Монитор түрлі түсті, монохромды болады.
Тапсырмалар: Электрондық оқулықтағы тапсырмаларды орындау. Тренажермен жұмыс жасау
Сабақты бекіту сұрақтары: • Компьютердің негізгі құрығыларын ата.
• Компьютер жадысының қандай түрлерін білесіңдер?
• Тұрақты жад пен жедел жадтың айырмашылығын атаңдар.
• Ақпаратты енгізу-шығару құрылғыларын ата.
• Жадтың сыртқы тасуыштарын сипатта.
• Монитордың ажырату қабілеті дегеніміз не?
Үйге тапсырма: 2.2 тақырыпты оқу, компьютер құрылғыларына байланысты сөзжұмбақ, ребус құрастыру