Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер:
1) салықтар: корпоративтік табыс салығы; жеке табыс салығы; қосылған құн салығы; акциздер; экспортқа рента салығы; жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері мен салықтары; әлеуметтік салық; көлік құралы салығы; жер салығы; мүлік салығы; ойын бизнесі салығы; бірыңғай жер салығы;
2) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер: мемлекеттік баж; алымдар: тіркеу алымдары; Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алым; аукциондардан алым; жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым; телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру үшін алым; азаматтық авиация саласындағы сертификаттау үшін алым; жер учаскелерін пайдаланғаны үшін; жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін; қоршаған ортаға эмиссия үшін; жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін; орманды пайдаланғаны үшін; ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін; қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын; кеме қатынайтын су жолдарын пайдаланғаны үшін; сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін.
Салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомалары Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде және республикалық бюджет туралы заңда айқындалған тәртіппен тиісті бюджеттердің кірістеріне түседі. Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын салықтар тікелей және жанама бөлінеді. Жанама салықтар қосылған құн салығы мен акцизді қамтиды. Басқа салықтар тікелей салықтар болып табылады. Қазақстан салықтарын келесідей топтастыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |