Сыртқы сауда және сыртқы экономикалық салықтар
1. Экспортқа рента салығы(республикалық бюджетке түседі). Шикі мұнай мен мұнай өнімдерін төлеушіэкспорттаушылар. Салық салу объектісі-сатылған өнімнің көлемі. База-сатылған құны.
2. Кедендік әкелу және әкету баждары (республикалық бюджетке түседі). Баж салығы салынатын тауарлар тізбесі және олардың мөлшері ҚР Ұлттық экономика министрінің бұйрықтарымен бекітіледі.
Жер қойнауын пайдаланғаны үшін арнайы төлемдер мен салықтар
• Жер қойнауын және басқа да табиғи объектілерді пайдаланғаны үшін арнайы төлемдер мен салықтар (барлық деңгейдегі бюджеттерге түседі).
• Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем (жалға алу) • Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы
• Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлем
• Орманды пайдаланғаны үшін төлем
• Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем. Заңдық мәнді іс-әрекеттерді жасағаны үшін міндетті төлемдер Заңдық маңызы бар іс-әрекеттерді жасағаны, Рұқсаттар мен лицензиялар алғаны үшін міндетті төлемдер барлық деңгейдегі бюджеттерге түседі.
• мемлекеттік баж
• консулдық алым
• тіркеу алымдары
• ҚР аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алынатын алым
• аукционнан алым
• лицензиялық алым
• телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені үшін алым
• азаматтық авиация саласындағы сертификаттау үшін алым
• радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін алым
• кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшін алым
• сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін алым
Достарыңызбен бөлісу: |