1. Салық салудың ынталандырушы функциясы - түрлі экономикалық процестердің дамуын қолдауға бағытталған. Ол жеңілдіктер мен салықтан босатулар жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Қолданыстағы салық жүйесі шағын бизнеске, мүгедектер кәсіпорындарына, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге, өндірістік және қайырымдылық қызметіне күрделі салымдар жасайтын ұйымдарға салықтық жеңілдіктердің кең спектрін ұсынады.
2. Салықтардың дестимуляциялаушы функциясы, керісінше, мемлекеттің протекционистік экономикалық саясатын іске асыруы жолымен қандай да бір экономикалық процестердің дамуын тежеуге бағытталған. Бұл жоғары салық ставкаларын енгізу, капиталды әкету салығын, жоғары салық баждарын, мүлік салығын және т. б. белгілеу арқылы көрінеді.