Тау жыныстарда, топырақтарда, суларда химиялық элементтердің заңдылық таралуы геохимиялық іздеудің негізі болып келеді. Өнеркәсіпті-бағалы элементтер мен олардың серіктерімен мөлшері жоғарланған аумақтар іздеуге жағымды болып келеді. Мысалы: қорғасын бен мырыштың орташа мөлшерінің жоғарлануы Кенді Алтайдың эффузивті-шөгінді қабаттарына сипатты (полиметалл кенорындары).
Минералдар мен элементтердің парагенетикалық ассоциациясы іздеу кезде маңызды болып саналады. Мысалы: қорғасын-мырышты кендерде күміс пен кадмий жиі кездеседі; мысты-никелді кендерде кобальт пен платина кездеседі. Бес элементті формация белгілі, олардың ішіне уран, кобальт, никель, висмут, күміс кіреді. Көмір кенорындарында германий, уранғ ванадий кездеседі; галоидты тұздарда – иод, бром.
Кейбір кенорындарды іздеген кезде элементтер-индикаторлар манызды болады: гранитоидтарда литий болса ол тантал бар екенін көрсетеді; мышьяк- алтын минерализациясын көрсетеді; сынап – халькофильді элементтерге.
Тек түпкі тау жыныстарда химиялық элементтердің мөлшері жоғарлануының іздеу маңыздылыққа ие болмайды, олар борпылдақ түзілімдерде, топырақтарда, өсімдіктерде, жер асты мен жер беткей суларында да болалады. Мысалы: бір белгілі су ағымында химиялық элементтердің жоғарлануы сол су жиналған бассйндің элементтермен байытылғанын көрсетеді.
Геоморфологиялық сілтемелер
Түпкі тау жыныстрадың бұзулуымен және борпылдақ материалдардың орнын ауыстырумен байланысқан кенорындардың орналасуын жер беткей бедерінің қалыптасуы анықтайды.
Олар әртүрлі шашырандылар, үгілу қыртыстың кенорындары, саздар, құмдар.
Геоморфологиялық сілтемелер шашыранды кенорындары ңздеген кезде маңызды. Кәзіргі және көне зен аңғарлардың қалыптасуын зерттеу әртүрлі шашыранды асыл металлдардың ашуына мүмкіндік тұғыздырады.
Үгілу қыртыстар мен мұзды түзілімдер аумақтардың дамуына сипатты жер бедерлері тән. Беткейі тегістелген үгілу қыртыстармен бокситтердің, марганецтердің, никельдің, сирек металлдардың ірі кенорындары байланысқан. Мұзды жер бедерлері (өздар, друмлиндер, камдар) жоғары сапалы және кесектастар (гравий) кенорындарына сенімді белгі болады.
Геофизикалық сілтемелер –
табиғи физикалық өрістерді (поле) зерттеуіне негізделген. Олардың арасында аномалиялар анықталады. Аномалиялар пайлдалы қазбалардың табуына мүмкіндік тұғыздырады. Осындай аномалиялар деп магнитті, радиобелсенді, графитациялық және электриялық өрістің аномалиясы есептеледі. Магнитті аномалиялар темрлі және мысты-никельді кендерді белгілейді; гамма-сәулелері – радиобелсенді кендерді белгілейді; ауырлық күштің аномалиясы хромит кенорныдары болуына көрсетеді.