|
|
бет | 3/7 | Дата | 03.11.2023 | өлшемі | 292,58 Kb. | | #121755 | түрі | Сабақ |
| Байланысты: 773285.pptxМустье кезеңі
- Бұл кезде адамдар барлық аумақтарға таралып қоныстанды
- Орталық Қазақстандағы Қарабас, Семізбұғы тұрағынан жүзі түзу қырғыштар, қайқы тас пышақ қырғыштар табылған.
- 6 метр тереңдіктен 300-ге таяу тас құрал шыққан Батпақ тұрағының мөлшері – б.з.б. 30–25 мыңыншы жыл аралығын қамтиды.
- Шығыс Қазақстаннан Бұқтырма мен Шүлбі, оңтүстіктен Ащысай, Жетісудан Майбұлақ тұрақтары қазылып, зерттелді.
Мұз дәуірі бұдан 13 мың жыл бұрын аяқталды - Мұз дәуірі бұдан 13 мың жыл бұрын аяқталды
- Ертедегі адамдардың маймылдар мен жануарлардан басты айырмашылығы – еңбек құралдарын жасағаны болды
- Рудың алғашқы түрі – аналық ру болды.
- Экзогамия дегеніміз – рудың құрамына кіретін адамдардың бір-бірімен некелесуіне тиым салу.
- Рулық қауым ішінде кездесетін барлық мәселелер жалпы жиналыста шешілді.
Орта тас ғасыры (мезолит). б.з.б. 12–5 мың - Бұдан 13 мың жыл бұрын мұздақтар еріп бітті.
- Қазақстан жерінде бүгінге ұқсас қолайлы климат қалыптаса бастады.
- Мезолит дәуірі жетістіктерінің бірі – ұсақ жаңқа тастан жасалған құралдар – микролиттер болды.
- Микролиттер дегеніміз – ұзындығы 1–2 см-дей құралдар
- Мезолит заманының тағы басты жаңалықтарының қатарына – садақ пен жебенің жасалуы жатады.
Мезолит тұрақтары - Атбасар маңында – Тельман
- Қарағанды жанында – Әкімбек
- Көкшетауда – Виноградовка
- Торғай жерінде – Дүзбай
- Маңғыстауда – Қызылсу
- Солтүстік Қазақстанда – Мичурин, Боголюбов ескерткіштері, Явленка тұрақтары
Кәсібі - Балық аулау үшін гарпун, ау, шанышқы, қармақты пайдаланды. Балық аулау іздері – Ертіс, Сырдария өзендерінің бойынан кездеседі
- 10 мың жыл бұрын егіншілік пен мал өсірудің қарапайым түрі қалыптаса бастады
- Қолға алғашқы болып ит үйретілді
- Мезолитте де адамдардың негізгі кәсібі аңшылық пен терімшілік болды.
- Ерлер аң аулап, әйелдер терімшілікпен айналысып, ерлер мен әйелдер арасында еңбек бөлінісі қалыптасты.
- Балалар тобынан ересектер тобына өту – бағыштау (инициация) делінген.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|