Ұйымдастыру бөлімі. Сабақ мақсаты мен жетістік критерийлері таныстырылады. Оқылым алды тапсырма. Сыныпқа жаңа сөздер ұсынылады. Сөздерді қатыстырып, өткен сабақтағы білімдерін қолдана отырып, сөз тіркестерін немесе сөйлемдер құрастырады.
Мұғалімнің таңдауы бойынша оқушылар жеке-жеке сөйлемдерін оқиды, ауызша кері байланыс арқылы сөйлем құрылымдары мен мазмұны бағаланады.
Мысалы: «Көзілдірік кигендер сөйлемдерін оқысын», «галстук таққандардың сөйлемін тыңдаймыз»
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі:Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Оқылым тапсырмасы Т/ЖЖ Халық қаһарманы, партизан жазушы, Қасым Қайсенов туралы (жергілікті майдангердің есімімен ауыстырса болады) мәлімет, ақпараттар іздейді. Мұғалім ұсынған формада ақпараттарының таныстырылымын жасайды.
Оқулықпен жұмыс.
І топ. Әзілхан Нұршайықовтың өмірі мен шығармашылығын хронологиялық кестеге түсіру.
ІІ топ. «Ақиқат пен аңыз» романының көркемдік ерекшелігін тірек сызба арқылы көрсету.
«Ақиқат пен аңыз» романының жазылу тарихын сандар арқылы көрсет І топ. Ұлттық құндылықтарымызға тән салт – дәстүрлеріміздің ерекшеліктерін көрсет.
ІІ топ. Бауыржан Момышұлының қайырымдылығы мен имандылығын, қазақ халқының бауырмашылдық қасиеті көрініс тапқан жерін тауып айту.
«Ақиқат пен аңыз» роман – диалогіндегі нақыл сөздерді тауып Сұрақтар
Бұл романның аты «Ақиқат пен аңыз» деп аталу себебі неде?
Ә. Нұршайықовтың соғыс тақырыбындағы шығармасының шынайылығы?
Б. Момышұлының өмірде қатаң, сұсты болғаны белгілі. Сөйте тұра Ә. Нұршайықовтың сол кісіден барып сұхбат алуы қандай адам екенін көрсетеді?
4. Эссе
Батырлығы аңызға айналған – Бауыржан
Мәңгілік жасай бер, Бауыржан ата!
Мен Елімді Бауыржандай сүйе алсам..., мәнін ашу.
Оқушылар мұғалім ұсынған тапсырмаларды топпен орындайды
Оқушылар, жазушының өмірі мен шығармашылығын айтады.
Айтылым Парталас досымен жұптасып берілген суреттерге қарап сұрақ құрастырады.Сұхбат құру үшін «Бірге талдаймыз» әдісін қолданады.
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.