мiнез-құлықтағы тұрақсыздық, өзiн-өзi өлтiрудiң көбейуi, т.б.
Аномия терминiн ғылыми айналысқа енгiзген француз ғалымы — Э. Дюркгейм (1858-1917).
Қорытынды
Девиантты мінез-құлықты балалармен тәрбиелік жұмыстарын жүргізуде римдік философ Сенеканың: «әр адам өмірінің тек кейбір жақтарын ойлап талдайды, бірақ ешкім жалпы өмір туралы ойланбайды» деген ой-пікіріне сүйене отырып, девиацияға коррекция жасаушы әр маман ұстаз, баланың кейбір мінездік кемшіліктерін түзетіп қана қоймай, оларды, қоғамдық өмір талаптарымен ұштасқан дұрыс қарым-қатынас жолына қайтып әкеліп, ары қарай қалыптаса дамуына, әлеуметтенуіне көмектесуі қажет. Бұл педагогикалық іс-әрекеттер мазмұны, қоғам өмірінде бекіген адамгершілік қадір-қасиеттер мәнімен, талаптарымен тікелей байланыстыра, адамдар арасында қарым-қатынастар (достық, жолдастық, туыстық, сүйіспенші
лік) нормаларымен ұштастырыла жүзеге асырылғанда, балалар бойында девиантты мінез-құлық өріс алмауына, оларды мектеп қабырғасынан бастап әлеуметтендіруге мүмкідік жасалады.