ҒЫЛЫМИТАНЫМДЫҚ ӘДІСТЕМЕЛЕР Әдістеме дегеніміз — қалаған нәтижеге жетуге көмектесетін әрекеттер жиынтығы.
Әдістеменің маңызын Жаңа уақытта ең алғаш рет француз мате-матигі әрі философы Р.Декарт өзінің «Әдістеме туралы талдау» атты еңбегінде атап көрсетті.
Әдістеме адамдардың қабілеттерін теңестіріп қоймай, олардың қызметін де біркелкі жүйеге түсіреді, ал буның өзі барлық зерттеу-шілердің бірдей нәтижелер алуына көмектеседі.
Әрбір ғылым саласының өз зерттеу пәні болуымен ңатар, өзіне тән зерттеу әдістемелері бар. Пән мен танымдық әдістеменің бірлігін негіздеген неміс философы Гегель.
Ғылыми әдістеме зерттеудің әр деңгейінде қолданылатын жеке-жеке әдістемелерден түрады. Сондықтан, олар теориялық және эмпи-рикалық әдістемелер болып бөлінеді.
Теориялық деңгейдегі ғылыми зерттеулер әдістемелеріне мына-ларды жатқызуға болады: 1) формальды — зерттелетін процестердің мәнін ашатын абстрактылы-математикалық жобалар жасау; 2) аксиомалық теорияларды дәлелдеуді қажет етпейтін аксиомалар түрінде құру; 3) гипотетикалық дедуктивті әдістеме — бір-бірімен дедуктивті түрде байланысқан гипотезалардың жүйесін жасау.
Ал эмпирикалық әдістемелерге жататындар: бақылау — объективті жағдайдың қубылыстарын мақсатты түрде қабылдау, сезіну; сипаттау — объектілер туралы мәліметтерді тіл қуралдары арқылы жеткізу; өлшеу — объектілерді ұцсас қасиеттері мен жақтары бойынша салы-стыру; эксперимент (тәжірибе) — қубылыстарды қайталау мақсатымен арнаулы жасалған және бақыланған жағдайларға зерттеулер жүргізу.
Сонымен қатар, жалпы әдістемелерді де бөліп қарауға болады, олар:
1) анализ — тұтас заттарды толық зерттеу жүргізу үшін жеке құрамдас бөліктерге бөлу;
2) синтез — заттың бурыннан жіктелген жеке қүрамдас бөліктерін біртұтас жүйеге біріктіру;
3) абстракциялау - зерттелетін құбылыс үшін маңызы жоқ қасиеттер мен қатынастар арасынан қажетті қасиеттер мен қатынастарды бөліп алып қарастыру;
4)қорытындылау — нәтижесінде объектінің жалпы қасиеттері мен белгілері анықталатын ойлау тәсілі;
5)индукция — жалпы қорытынды жекелеген жағдайлардан жасалатын зерттеу әдістемесі;
6)дедукция — жалпы қорытындыдан жекелеген пікірлер тудыратын талдау тәсілі;
7)аналогия — объектілердің бір белгілерінің уқсастығы бойынша, келесі бір белгілерінің де уқсастығын анықтауға арналған ғылыми тәсіл;
8)жобалау — объектіні оның көшірмесін жасап, зерттеу;
9) классификациялау — барлық зерттелетін заттарды маңызды бір белгілері арқылы жеке топтарға бөлу.
Қазіргі ғылымда сонымен қатар статистикалық әдістемелердің маңызы зор, олар зерттелетін заттардың барлығын сипаттайтын ор-таша мәндерді анықтауға мүмкіндік береді.
Қазіргі кездегі жаратылыстанудың бір ерекшелігі зерттеу әдістемелері алынатын соңғы нәтижеге үлкен әсерін тигізеді.
ҒЫЛЫМ ЗАҢДАРЫ. ҒЫЛЫМИ РЕВОЛЮЦИЯЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Ғылыми танымның мақсаты — шындықты айқын бейнелейтін ғылым заңдарын КҮРУ- Табиғатта заттар мен қүбылыстар арасында тұрақты түрде қайталанып түратын байланыстар, яғни объективті заңдылықтар бар. Осы объективті заңдылықтардың бейнелері заңдарды туғызады. Заңдар үнемі объективті сипатта болады, яғни объективті дүниенің қүбылыстарын байланыстыратын реальды про-цестерді білдіреді. Заңдар танымның сатылары іспеттес. Оларды ор-тақтық дәрежелеріне байланысты бірнеше түрге бөлуге болады: жеке заңдар (ғылымның шектеулі салаларына ғана қолданылатын), ортақ заңдар (бірнеше ғылыми салаларда қолданылатын заңдар), жалпы заңдар (болмыстың іргелі заңдары).
Заңның негізгі белгісі — әмбебаптық және шындықты айқын көрсету.
Ғылыми революция дегеніміз — ғылым дамуының белгілі бір ке-зеңінде пайда болып, оның ішкі қайшылықтарын шешетін, мазмүнын өзгертетін ерекше қүбылыстар.
Ғылымдағы революция сан қырлы. Олардың үш негізгі сипатта-рын бөліп қарастыруға болады:
1)жаңа эмпирикалық материалдарды теориялық түрде талдау жасау,
2)табиғат туралы бүрын қалыптасқан түсініктерді түбірімен жою;
3)тығырыққа тірейтін жағдайлардың пайда болуы.
Ғылыми революцияларға тән жағдай ол: ескі идеялар мен теория-ларды талқандап, шығарып тастау арқылы танымның теориялық негізін саналы түрде қайта құру.
Ғылыми танымның тарихи дамуы барысында бірнеше ғылыми револиэцуялардың түрлерін бөлігін қарастыруға болады.
1. Жеке — білімнің тек бір аумағын қарастыратын микрореволюция
2. Кешендік — білім аумағының бірнеше салаларын қарастыратын революция;
3. Әлемдік — ғылым негізін тұтасымен өзгертетін жалпы революция.
Ғылыми революциялардың түрлерін анықтаған кезде мынандай жағдайларды еске алу қажет:
1) ғылыми революциялардың аумағы;
2) ғылымның іргелі теориялары мен заңдарын қайта құру реңдігі;
3) жаңа іргелі заңдар мен жаңа жалпы ғылыми жаратылыспгггтгү теориялар ашу;
4) әлемнің жаңа картинасының қалыптасуы;
5) ойлаудың жаңа түрін қалыптастыру;
6) ғылым дамуының тарихи кезеңі,
7) ғылыми революцияға ілесе жүретін әлеуметтік-экономика қайта құрулар.
Егер ғылым тарихына үңілетін болсақ, онда екі революцияны әлемдік, іргелі революция деп атауға болады: XVI-XVII ғасырлардағы техникалық революция мен XX ғасырдағы ғылыми-техникалық революция.