Сабақ №9 Тақырыбы: Теорияны дәлелдеудің құрамдас бөлігі


ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ



бет2/4
Дата10.12.2023
өлшемі19,7 Kb.
#136203
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
практика 9-апта

ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Ғылыми теорияның құрылымын зерттеуге кірісерде оның мазмүндық жэне формальдық жақтарын да ескеру қажет.
Мазмүны жағынан теория — ең алдымен, эмпирикалық базистен, атап айтқанда, тәжірибелер барысында анықталған және теориялық түрде қорытындылауды қажет ететін білім фактілерінің жиынтығынан; теорияның логикалық аппаратынан, яғни теория шеңберінде қарастырылатын қорытындылар мен дәлелдемелерден; теорияның өзінен, яғни дәлелдерімен қоса алынған тужырымдамалардан түрады.
Дегенмен, теорияны талдаудың формальды жағы да қызықты. Бүл жағдайда теория объектіге постулаттар, аксиомалар, жалпы заңдар түрінде анықтама береді. Олар көбінде басқа теориялардың терминдері арқылы анықталып, дәлелдеуді қажет етпейтін аксиомалар түрінде болады.
Теорияның өзіндік негіздеріне логикалық түрғыдан оның қалған терминдерімен сөйлемдерді толықтырып туратын негізгі термин сөздер мен сөйлемдер жатады.
Сонымен қатар, теорияның қосымша негіздері де бар. Олар бірнеше топқа белінде:
1) Семиотикалық негіздер — теорияның тілін қалыптастыру ережелері. Көптеген ғылыми теориялар табиғи тілді (біз өзіміз қолданып жүрген) қолданады, ал кейбір теориялар үшін формальды тілді (мысалы компьютерлік бағдарламалардың тілдері) қолдану қолайлырақ
болады.
2) Методологиялық негіздер — сол ғылым пайдаланатын әдістемелер. Олар басқа теориялардан, ғылымдардан алынуы мүмкін.
3) Логикалық негіздер — бұл теория терминдерін сөйлемдерін логикалық түрде жүйелеу.
Қазіргі теориялар көпке әйгілі «аристотельдік» логиканы ғана пайдаланып қоймайды, сонымен қатар көптеген классификациялық емес логикаларды да қолданады.
Прототеориялық логикалар — булар белгілі бір теорияның негізі болып саналатын теориялар. Мысалы, физика үшін математика, ал жалпы жаратылыстану философиясы үшін — барлық жеке жаратылыс ғылымдары тағы басқа.
Философиялық негіз — теорияны негіздеуге, оның мәселелерін шешуге арналған философиялық принциптер мен категориялар. Фило-софиялық негіздер белгілі бір ғылымның жаңалануына және негізгі мәселелерін шешуге көмектесуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет