Сабақ №90 Ондық бөлшек. Ондық бөлшектерді оқу және жазу Мектеп: Абай атындағы мектеп-гимназия



бет3/3
Дата13.01.2023
өлшемі259,5 Kb.
#61143
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
5-класс ондық бөлшектер

«Проблемалық ахуал тудыру»
Мақсаты:
Оқушылардың ондық бөлшек ұғымын өз беттерімен фронтальды жұмыс арқылы қалыптастыруларына проблемалық жағдай туғызу арқылы жағдай туғызу
Сипаттама: Разрядтар кестесін қарастырып, бірнеше сұрақтарға жауап берейік:



Мыңдықтар класы

Бірліктер класы

жүздіктер

ондықтар

бірліктер

жүздіктер

ондықтар

бірліктер


1







1







1







1







1



Сұрақтар:
1.Әрбір келесі жолда алдыңғы жолмен салыстырғанда 1 цифрының орны қалай өзгеріп тұр?
2.Тұрған орнына байланысты 1 цифрының мағынасы қалай өзгеріп тұр?
3.Сәйкес санның шамасы қалай өзгерді?
4.Бұл өзгеріс қандай арифметикалық амалға сәйкес?


Қорытынды: 1 цифрын оңға қарай бір разрядқа жылжыта отырып, біз оның мәнін 10 есе кеміттік. Сөйтіп 1 бірлікке жеттік.
1-ді 10 есе кеміте аламыз ба? Әрине!

Проблема:  Бірақ оны орналастыратын кестеде орын жоқ.
Ол кестені өзгерту керек. 1/10 санын орналастыру үшін кестені қалай өзгертуге болады?
1-ді оңға бір разрядқа жылжыту керек. Дәл осылайша:
т.с.с.
Разрядтарға ат беру: ондық үлес, жүздік үлес, мыңдық үлес, т.с.с.
Кесте екі бөліктен тұрады: Бүтін бөлік, бөлшек бөлік



жүздіктер

ондықтар

бірліктер

ондық үлес

жүздік үлес

мыңдық үлес













































Бүтін бөлік пен бөлшек бөлік «үтір» немесе «нүкте» арқылы ажыратылады деп келісілген.


Ереже: санның ондық жазылуында үтір қолданса /немесе нүкте/ сан ондық бөлшек түрінде жазылған деп аталады.
Ескерту: Ондық бөлшек дегеніміз жаңа сан емес, санды басқаша жазу тәсілі


«Ондық бөлшектерді кесте арқылы оқу»
Мақсаты:
Оқушылардың ондық бөлшектерді кестені пайдаланып оқуға жағдай туғызу,ондық бөлшектің бүтін бөлігі мен бөлшек бөлігін ажырату, ондық, жүздік, мыңдық т.с.с. үлестер ұғымдарын ажырату; ондық бөлшектерді оқу дағдысының қалыптасуына жағдай жасау.
Сипаттама:

Ондық бөлшектің бөлшек бөлігінің цифрлары ондық таңбалар деп аталады.
Мысалы: 38,00135, мұндағы 0,1, 3, 5 цифрлары –ондық таңбалары
Оқылуы: отыз сегіз бүтін жүз мыңнан 135
Мұғалім қызметі:
Кесте бойынша оқушыларды ондық бөлшектің бүтін және бөлшек бөлігі, ондық, жүздік, мыңдық т.с.с. үлестер ұғымымен таныстырады; ондық бөлшектерді оқуға бірнеше мысал келтіреді.
Оқушы қызметі:
Кесте бойынша жұмыстанады және бірнеше ондық бөлшектерді жұпта оқиды.
Бағалау: Жұпта бір-бірін дайын жауаптар бойынша тексереді.
Кестемен жұмыс: Кестедегі сандарды оқыңдар

Жауаптары:

1.Әр қатарда жетеуден он қатар әскер келеді. Қанша әскер келеді? /70/


2.Олардың оннан сегізі мұртты. Нешеуі мұртты? /56/
Нешеуі мұртсыз? /14/
3.Олардың оннан төрті мұрынды. Нешеуі мұрынды? /28/
Нешеуі пышық мұрын? /42/


Ондық бөлшектерді жазу
Енді кестеден алған сандарды оқи отырып, тақтаға жай бөлшекпен жазайық
-Қандай ерекшелік байқадыңдар?
-Қандай жай бөлшектерді ондық бөлшек түрінде жаза алады екенбіз?
-Қандай жай бөлшекті ондық бөлшекпен жазғанда 0 бүтін деп оқылады?

№716
Дескриптор:


1.Бөлшек бөліміндегі нөлдер саны мен бөлшектің алымындағы санның орын саны бірдей болғандағы жай бөлшектерді ондық бөлшекпен жазады
2. Бөлшек бөліміндегі нөлдер саны бөлшектің алымындағы санның орын саны ондық таңбадан кем болғандағы жай бөлшекті ондық бөлшекпен жазады
3.Аралас сандарды ондық бөлшекпен жазады
4.Бұрыс бөлшектерді ондық бөлшекпен жазады

№717 Сөзбен берілген ондық бөлшектерді жазу


№718 Бөліндіні ондық бөлшек түрінде жазу

Таратпа материал



Соңы
5 минут

Сабақты бекіту
1.Ондық бөлшек дегеніміз не?
2.Қандай жай бөлшектерді ондық бөлшекпен жаза аламыз?
3.Қалай жазамыз?
4.Ондық бөлшектерді қалай оқиды?
5.Дұрыс бөлшектің бүтін бөлігі нешеге тең?



  1. жай бөлшегі_______ ондық бөлшегіне тең.

  2. 2 жай бөлшегі_______ ондық бөлшегіне тең.

  3. жай бөлшегі_______ ондық бөлшегіне тең.

  4. 824,317 санының ондық үлесінде _______ цифры жазылған.

  5. Жиырма жеті бүтін мыңнан төрт санының ондық бөлшек түрінде жазылуы.

Дескриптор:
1.Бөлшек бөліміндегі нөлдер саны мен бөлшектің алымындағы санның орын саны бірдей болғандағы жай бөлшекті ондық бөлшекпен жазады
2.Бөлшек бөліміндегі нөлдер саны мен бөлшектің алымындағы санның орын саны бірдей болғандағы аралас санды ондық бөлшекпен жазады
3. Бөлшек бөліміндегі нөлдер саны бөлшектің алымындағы санның орын саны ондық таңбадан кем болғандағы аралас санды ондық бөлшекпен жазады
4.Санның ондық жазылуындағы разрядқа сәйкес цифрды анықтай алады
5.Сөзбен берілген ондық бөлшекті жазады
Рефлексия

  • Қызықты болды...

  • Қиын болды...

  • Мен үйрендім...

  • Мені таң қалдырды...

  • Мен үшін жаңалық ...

Үйге тапсырма:


№719,724







Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Саралау іріктелген тапсырмалар, бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету жұмыстары.



Тапсырманы толық дұрыс орындаған оқушыларды марапаттау

Нұсқаулықпен жүргізіледі.

Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет