Құндылықтарды дамыту
|
танымдық қызығушылыққа, жолдастық сезім, ұқыптылық,
мақсатқа жете білуге тәрбиелеу
|
Пәнаралық байланыс
|
география, тарих, тұрмыста қолдана алу
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Интерактивті тақста, таратпа материалдар
|
Бастапқы білім
|
Жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану дағдыларының болуы
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың кезеңдері
|
Сабақта орындалатын іс-әрекеттер
|
Оқыту ресурстары
|
Басы
5 минут
|
Ұйымдастыру сәті
Ежелгі грек поэты Нивей математиканы көршіңнің жұмыстанғанына қарап үйрене алмайсың деген екен. Сондықтан барлығымыз бүгін белсенді жұмыстанамыз.
Үй жұмысын тексеру
Сандар туралы не білеміз?
Сұрақтарға жауап бере отырып, тақтадан сандарды табайық!
1.Натурал сан деп қандай сандарды айтамыз?
2.Жай бөлшектер деп қандай сандарды айтады?
3.Дұрыс және бұрыс бөлшектер
4.Аралас сандар
5.Тақтада қандай сандар қалып қойды?
6.Бұл сандар бізге таныс па? қайдан көрдіңіздер?
|
Интерактивті тақтада сандар
|
Негізгі бөлім Тақырыпты ашу
5 минут
Топтық жұмыс
5 минут
Ақпарат беру
2 минут
Жұптық жұмыс
5 минут
Сергіту
2 минут
Топтық жұмыс
5 минут
Оқулықпен жұмыс
10 минут
|
-Бұл сандар ондық бөлшектер деп аталады. бүгінгі сабағымызда біздер ондық бөлшектермен танысамыз, оларды оқуды және жазуды үйренеміз
Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектер. Ондық бөлшектерді оқу және жазу
Тарихи мәлімет: «Бөлшекке тап болды» сөз тіркесінің қолданылуы
Бөлшектер өте ертеде пайда болған. Адамдар тапқандарын бөлуде, шамаларды өлшеуде бөлшекке кездесті. Бөлшектерге амалдар қолдану орта ғасырларда математиканың қиын саласы болып есептелді. Әлі күнге дейін неміс халқы қиын жағдайға тап болғанда, «Бөлшекке қалд» немесе «бөлшекке тап болды» деген сөз тіркесін қолданады. бөлшектерге амалдар қолдану жеңіл болу үшін ондық бөлшектер ойлап табылды.
-Бөлшек сандармен біз таныспыз, бірақ ондық бөлшектерді енгізудің қандай қажеттілігі болды деп ойлайсыңдар?
-Жай бөлшектерді жазуда қиналғандарыңыз болды ма?
-Есептеуде ше? Ата-аналарымыз жай бөлшектерге амалдар қолдануда сендерге көмектесе алды ма? неліктен деп ойлайсыңдар?
-Қандай санау жүйесін қолданамыз? Неліктен ондық санау жүйесін қолданамыз? қалай ойлайсыңдар?
-Тағы қандай санау жүйелерін білесіңдер?
-Санның ондық жазылуын қарастырайық
|