Сабақ Аспан сферасы және астрономиялық координат жүйесі. Аспан сферасы элементтерін оқу



бет6/7
Дата22.09.2023
өлшемі291,75 Kb.
#109740
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Саба Аспан сферасы ж не астрономиялы координат ж йесі Аспан с

Хаббл телескопы
«Хаббл» телескопы – NASA-ның Үлкен зертханалары қатарына кіретін NASA мен Еуропа ғарыш агенттігінің бірлескен жобасы.
«Хаббл» телескопын орбитаға 1990 жылы 24 сәуірде «Discovery» ғарыш кемесі шығарды. Орбитаның биіктігі шамамен 569 км, айналу периоды 96–97 мин, орбиталық жылдамдығы, шамамен, 7500 м/с.
Ғарыш кеңістігінде телескоп орнату арқылы Жер атмосферасы мөлдір емес диапазон- дарда, ең алдымен инфрақызыл диапазонда электрмагниттік сәулеленуді тіркеуге болады.
«Хаббл» арқылы алынған ақпараттар борттық жинақтаушы құрылғыларда сақталады, содан кейін геостанционар орбитада орналасқан TDRSS коммуникациялық жасанды серіктер жүйесі арқылы Годдард ғарыштық ұшулар орталығына жіберіледі. «Хаббл» телескопы көмегімен 15 жыл ішінде аспан денелерінің – жұлдыздардың, тұман- дықтардың, галактикалардың, планеталардың 1,022 млн суреті алынды . Оның бақылау процесі кезінде ай сайын тіркейтін ақпараттар ағыны 480 Гб-ты құрады. Телескоп жұмыс істеген барлық уақыт ішінде жинақталған ақпарат көлемі 50 терабайт. 3900 астроном оны бақылау үшін қолдануға мүмкіндік алды, ғылыми басылымдарда 4000-ға жуық мақалалар жарияланды.
«Хаббл» бағдарламасы ресми түрде 2021 жылдың 30 маусымына дейін ұзар- тылды, одан кейін оны «Джеймс Уэбб» ғарыштық телескопы алмастырады.
Планк телескопы
Планк – Еуропа ғарыш агенттігінің астрономиялық жасанды серігі, ғарыштық микротолқынды фон – реликтілік сәулеленудің вариациясын зерттеу үшін құрасты- рылған. Оны орбитаға 2009 жылы 14 мамырда «Ариан-5» зымырантасығышы шығарды. 2009 жылдың қыркүйегінен 2010 жылдың қарашасына дейінгі аралықта
«Планк» өзінің зерттеу жұмысының негізгі бөлімін аяқтап, қосымша бөлімін орын- дауды бастады. Еуропа ғарыш агенттігінің ғарыштық ұшуларды басқару орталығы 2013 жылдың 23 қазанында телескопты өшіру үшін соңғы команданы жіберді. Өшіру жұмыстарының алдында «Планк» компьютерінің басқару жүйесі толығымен бұғат- талды.
Қосарлылығы тек телескоп арқылы анықтайтын қос жұлдыздар – визуалды қос жұлдыздар деп атайды. Серік жұлдыздың бас жұлдызға қатысты көрінетін орбитасын ұзақ уақыт бақылаулар арқылы анықталады. Бұл орбиталар эллипс пішінді болады. Визуалды қос жұлдыздың көрінетін орбитасы оның шын орбитасының жазықтыққа проекциясы болып табылады. Сондықтан орбитаның барлық элементтерін анықтау үшін ең алдымен еңкею бұрышын білу керек. Бұл бұрышты жұлдыздардың еңкеюін бұрышын көрінгенде ғана анықтауға болады. Егер еңкею бұрышы, периастр бойлығы болса , онда бұл элементтерді анықтау геометриялық есеп болып табылады. Орбитаның үлкен жарты осьінің шын мəнін а жəне а келесі өрнекпен байланысқан: А жəне а бұрыштық өлшеммен анықталады. Қазіргі кезде алпыс мыңнан аса визуалды қос жұлдыздар тіркелген. Бұлардың шамамен екі мың орбиталарының қозғалыстары анықталған. Тұтылмалы айнымалы жұлдыздар Тұтылмалы айнымалылар деп телескоппен ажыратылмайтын тығыз жұлдыздар жұбын айтады. Бұл жағдайда жарықтылығы жоғары жұлдыз – бас жұлдыз, ал төменгі – серік жұлдыз болып табылады. Бұл жұлдыздарға, мысалы Алголь жəне Лираның β-сы жатады. Бас жұлдыздың серік жұлдызбен үнемі тұтылуы нəтижесінде жұлдыздардың тұтылған айнымалыларының шамасы периодты түрде өзгеріп отырады. Жұлдыздардың сəулелену ағынының уақыт бойынша өзгеруі жылтырлық қисығы деп аталады. Жұлдыздың ең аз көрінетін жұлдыздық шамасы кезіндегі уақыт мезеті – максимум кезеңі, ал қарсы жағдайдағысы – минимум кезеңі деп аталады. Тұтылмалы айнымалы жұлдыздың жалтырау қисығының сипаты бойынша қос жұлдыздың біреуінің екіншісіне қатысты орбита элементтерін анықтауға болады.
Жалтырау қисығын мұқият зерттеу нəтижесінде тұтылған айнымалы жұлдыздар туралы келесі мəліметтер алынады:

  1. Тұтылу сипаты көлбеулік бұрышы мен жұлдыздың өлшемдері көмегімен анықталады: i = 90º болғанда тұтылу орталық болады.

  2. Минимумдардың ұзақтығының негізінде компоненттердің R1 жəне R2 радиустарын табуға болады

  3. Егер тұтылу толық болса, онда минимумдар тереңдігенің қатынасы арқылы жарықтылықтар қатынасын анықтауға болады, ал егер радиустары белгілі болса онда температуралардың қатынасын анықтай аламыз.

  4. Жылтырлық қисығының көлбеулік сипатынан жұлдыздар сəулеленулерінің өзара шағылуларын сипаттауға болады.

  5. Жалтырау қисығының минимумдарын мұқият зерттеу нəтижесінде жұлдыз дискінің шетіне қарай қараңғылау заңын бағалауға болады. Сонымен, жалтырау қисығының нəтижесінде келесі шамаларды анықтауға болады екен: i - орбита жазықтығының көлбеулік бұрышы, Р – айналу периоды, Т – бас минимум кезеңі, е – орбита эксцентриситеті, w - периастр бойлығы, R1,R2 - компоненттердің радиустары, L1/L2- жарықтылықтар қатынасы.

Айсыз күзгі түнде барлық аспан арқылы өтетін Құс жолының жарық жолағы жақсы көрінеді. Оған телескоп арқылы қарағанда, ол көптеген жұлдыздардан тұратынын көруге болады. Барлық бұл жұлдыздар Галактика деп аталатын алып жұлдыздық жүйені құрайды. Аспанда құралсыз көзбен көрінетін жұлдыздардың бəрі де біздің Галактика құрамына кіреді. Жалпы, біздің Галактикадағы жұлдыздардың саны 100 миллиардтан кем емес. Жеке жұлдыздар мен олардың серіктерінен (планеталардан) басқа, Галактика құрамында қос жəне еселі жұлдыздар, сондай-ақ тартылыс күштерімен байланыстырылған, кеңістікте біртұтас қозғалатын, бірнеше ондықтан бірнеше миллионға дейін жұлдызды кіргізетін жұлдыздық шоғырланулар бар (олар туралы жоғарыда айтылды). Сонымен қатар, Галактика құрамына газ-тозаңды тұмандықтар, жұлдызаралық газ бен тозаң, магнит өрістері, ғарыштық сəулелену кіреді. 20-шы ғасырдың басында телескоп арқылы көрінетін тұманды дақтардың кейбіреулері біздің Галактика сияқты миллиардтаған жұлдыздан тұратын басқа галактикалар болып табылатыны дəлелденді. Оларға дейінгі қашықтық орасан жоғары болғандықтан, құралсыз көзбен олар ішіндегі тек үшеуі жалтырауы шамалы дақтар ретінде көрінеді. Ал қазіргі заманғы телескоптар көмегімен миллиардтаған галактикаларды бақылауға болады екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет