Өзін – өзі тану – отбасыдағы ата – ана мен үлкендердің орны, олардың тәрбиесі.
Алдыңғы оқу:
Автор туралы мәлімет пен әңгіменің мазмұнын біледі.
Сабақ барысы
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жаттығу түрлері
Басы 5 мин.
1. «Миға шабуыл» әдісі, «Сұрақ – жауап» арқылы диалогке түсіру. 1) Әңгімеде автор бейнесі нешінші жақтан сөйленеді?
2)Автор баяндаушы ма, әңгімелеуші ме?
3)Автор бейнесін қандай белгілеріне қарап анықтадыңдар?
4)Не себепті жазушы әңгімені «Нағыз әже қайда?» деп атаған деп ойлайсыңдар?
2.Оқу мақсатымен таныстыру.
3.Мақал – мәтелдер арқылы топқа бөлу. І топ: «Балам – базарым».
ІІ топ: «Ай-күнім-анам»
ІІІ топ: «Қартым-қазынам»
Сабақтың ортасы
Т/Ж. 1 – тапсырма. І топ: «Аялдама» әдісі. Шығарманың фабуласы мен сюжеттік дамуын анықтаңыз. Оны сипаттайтын тақырып қойыңыз.
«Көңілі қалған балалар».
«Қонақтағы әженің балалар көңілінен шықпауы»
Дескриптор: Білім алушы: - Шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын анықтайды.
- Шығарманың сюжетін сипаттайтын тақырып қояды.
ІІ топ: «Кубизм» әдісі. Әңгіменің сюжеттік желісі бойынша 6 сұрақ дайындайды, қалған топтар сұраққа жауап береді.
Дескриптор: Білім алушы: - Әңгіменің сюжеттік желісі бойынша 6 сұрақ дайындайды.
- Әңгіме мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бере алады.
ҚБ «Медаль және миссия»
Мұнда «Медаль» жұмыстың жақсы жағын айқындап, «Миссия» келешекте нені жақсартып, неге назар аудару керек екенін білдіреді.
ІІІ топ: «Шатасқан оқиғалар» әдісі. Әңгіменің сюжеттік дамуын ретімен қойыңдар.