Дескриптор: Білім алушы: - Әңгіменің сюжеттік даму ретін анықтайды.
- Мәтін мазмұнын түсінеді.
Ж/Ж 2 – тапсырма «Еркін жазу » әдісі. І топ: Әкесін тәрбиелеген әже мен қонақта көрген әжені және өз әжелеріңді салыстырып, бүгінгі өмірмен байланыстырыңдар.
ІІ топ: Балқыз бен Әсия келіннің іс-әрекетін үйлеріңдегі жеңгелеріңмен салыстыра суреттеңдер.
ІІІ топ: Жолдас пен Азат бейнесін бүгінгі шынайы өмірмен байланыстыра сипаттап жазыңдар.
Дескриптор: Білім алушы: - Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстыра сипаттауда нақты дәлелдер келтіре алады.
-Өз ойын жеткізуде әдеби көркемдегіш құралдарды тиімді қолдана алады.
-Орфографиялық,пунктуациялық нормаларды сақтап жаза алады.
-50-60 сөз көлемінде мәтінді жаза алады.
ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі Ж. 3 –тапсырма. «Ашық микрофон» әдісі. 1.Ая мен Райханның түсінігі бойынша нағыз әже қандай болуы керек?
2.Не себепті олар әжені көруді армандады?
3.Қалай ойлайсыңдар, қыздар нағыз әжені көре ала ма?
ҚБ : Мадақтау сөздері арқылы оқушы жауаптарын бағалап отырамын