Сабақ: Қазақ тілі Мектеп: №15 орта мектеп Күні


Саралау-Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?



бет5/5
Дата01.12.2022
өлшемі210,4 Kb.
#54064
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
22.11.22 Сабақ жоспары

Саралау-Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?
Сабақтың өн бойында саралау жүріп отырады. Топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жалпы сыныптық жұмыс барысында қарым-қатынас формалары бойынша саралау жүреді. Жеке жұмыс еркін таңдау тапсырмасы барысында нәтиже және жауап бойынша саралау жүзеге асады.
Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?
Қабілетті оқушыларға шығармашылықпен жұмыс жасаған жөн деп санадым. Жеке жұмыс, таңдау тапсырмасындағы термин сөздерді орынды қолданып, «Астана-өнер ордасы» тақырыбында әңгіме жазу тапсырмасы қабілетті оқушылармен жұмыс жасауға негізделген.



Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
Сабақтағы жаңа тақырыпты меңгертуге негізделген әр тапсырма соңында материалды игеру деңгейін тексеріп отырамын. Топтық жұмыс тапсырмасын (мәтін бойынша кестемен жұмыс) дұрыс жауап үлгісін көрсету арқылы топтар өз-өздерін бағалады. Үй тапсырмасы кезіндегі жұптық жұмысты «екі ұтымды, бір ұсыныс» арқылы, ауызша тапсырманы жұлдызшалар арқылы, жеке жұмысты бағалау парақшасы арқылы бағаладым.

Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
География, математика, музыка

Түрлі әдіс-тәсілдер арқылы мейлінше қолдау көрсетуді жоспарлаймын.

Қалыптастырушы бағалау
«Екі ұтымды, бір ұсыныс»
Бағалау парақшасы
Жұлдызшалар арқылы бағалау
Дұрыс жауап үлгісі арқылы өзін-өзі бағалау


Рефлексия



Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы сіздің сабағыңыздың тақырыбына сай келетін сұрақтарға жауап беріңіз



Сабақтағы оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Сабақтағы оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды деп есептеймін. Себебі оқу мақсаттары оқушылардың жас ерекшеліктеріне, қабілеттеріне сай құрылған.

Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды?

Оқушылар бұл сабақта термин сөздер туралы түсінік қалыптастырды және түрлі тапсырмалар орындау арқылы өз білімдерін жетілдірді. Сонымен қатар, термин сөздердің қай салаға қатысты екендігін білді. Термин сөздерді орынды қолданып, сөз тіркесін, сөйлем құрауды үйренді. Шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыланды.

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды. Топтық жұмыс кезінде қарым-қатынас формалары бойынша саралау жүрді. Тапсырманы топпен бірлестікте орындап, тыңдалған мәтін бойынша кестемен жұмыс жасады және дұрыс жауап үлгісі арқылы топтар өз-өздерін бағалады.

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім. Себебі уақытты тиімді пайдалану мақсатында алдын-ала тапсырмаларға уақыт бөліп, жоспарладым.

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Жеке жұмыс таңдау тапсырмасын бағалау түрін түзеттім. Себебі, күрделі тапсырма түрі болғандықтан дескриптор құрып, бағалау парақшаларын ұсындым.

Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?
1. «Еркін таңдау» әдісі арқылы ұсынылған таңдау тапсырмасы
2. «Екі ұтымды, бір ұсыныс» арқылы бағалау
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не себеп болар еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
Тыңдалым материалы ретінде видеоролик көрсеткен де жөн деп санаймын.
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістігі/қиыншылықтары туралы нені анықтадым , келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?
Келесі сабақта тапсырмаларды сабақ мақсатына сай түрлендіруді жоспарлап отырмын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет