«Жұбыңмен бөліс» әдісі
Оқушылар өзара диалог құра отырып, әр кезеңдегі Астананың дамуына қатысты жинап келген ақпараттарымен бөліседі.
Үй тапсырмасы төртбұрыш фигурасын таңдаған оқушылардан сұралады.
Қ.Б. «Екі ұтымды, бір ұсыныс» арқылы бағалау
Кері байланыс:
Қандай ақпарат сендер үшін маңызды болды?
«Миға шабуыл» әдісі
Экранда қандай суреттер берілген? Атын атайық. Бұл сөздерді қай пәндерде жиі естідік? Ендеше олардың арасында қандай байланыс бар?
Термин сөздер туралы ақпарат беремін:
Ғылым мен техника, өндіріс және т.б. саладағы арнаулы ұғымдар мен зат атауларын білдіретін сөздер термин сөздер деп аталады.
Тіл білімі
|
Әдебиет
|
Музыка
|
Математика
|
салаларының терминдері
|
сөз табы, зат есім, жалғау, жұрнақ
|
теңеу, кейіпкер, ұйқас, шумақ, сюжет, эпитет
|
нота, ырғақ, күй, ансамбль, тембр
|
қосынды, көбейткіш, теңдеу, периметр
|
1 –тапсырма. Топтық жұмыс
Мәтінді аудиодан тыңдату
«Ойлан, тап» әдісі арқылы кестемен жұмыс
1-топ: Мәтін мазмұнына сәйкес келетін жауапты белгілеңдер.
|
Сөйлемдер
|
Иә
|
Жоқ
|
1
|
«Астана Опера» театры – әсем де асқақ мәдениет ордасы.
|
|
|
2
|
Театрға сақ патшайымы Томиристің аты берілген.
|
|
|
3
|
«Астана Опера» әлемдегі ең үлкен театрлар қатарына кіреді.
|
|
|
4
|
Театрдың сахнасы таға пішіндес етіп жасалған.
|
|
|
5
|
Театрдың ашылуы Астана қаласының 15 жылдық мерейтойы қарсаңында өтті.
|
|
|
6
|
Театрдың шымылдығы Біржан Салдың шығармасымен ашылды.
|
|
|
2-топ: Берілген тіркестердің мағыналарын екінші бағаннан табыңдар.
иық тірестіру
|
саны аз, санаулы
|
қанат жаю
|
тең дәрежеде, бір деңгейде болу
|
шымылдығын түру
|
таңғалдыру
|
саусақпен санарлық
|
ашылу
|
таңдай қақтыру
|
даму, өркендеу
|
3-топ: Мәтіндегі термин сөздерді үлгіге сәйкес ажыратып жазыңдар.
Өнерге қатысты терминдер
|
Басқа салаға қатысты терминдер
|
концерттік зал, ...
|
гектар, ...
|
Тапсырма үшбұрыш фигурасын таңдаған оқушылардан сұралады.
Қ.Б. Өзін-өзі бағалау
Экраннан тапсырманың дұрыс жауабы көрсетіледі. Топтар бір-бірін бағалайды.
Кері байланыс:
«Астана Опера» театрын не үшін Азиядағы ең үлкен театр деп атайды?
2-тапсырма. Ауызша
Көп нүктенің орнына берілген сөздерді қажетті тұлғада қойып айтыңдар.
гектар
мың
театр
сәулетт
Азия
1. Әлемнің үздік ... қатарына кіретін «Астана Опера» біздің мақтанышымыз. 2. «Астана Опера» - ... ең үлкен театр. 3. Ол 9 ... жерді алып жатыр. 4. Театр ... алыстан көзге түседі. 5. Театрдың басты залы таға пішіндес, оған 1 ... 250 адам сияды.
«Кім жылдам?» әдісі арқылы сұралады.
Қ.Б. Жұлдызшалар арқылы бағаланады.
3-тапсырма. Таңдау тапсырмасы
«Еркін таңдау» әдісі таңдау әдісі арқылы ұсынамын.
(Тапсырманы оқушылар өздері таңдайды)
Өнерге қатысты термин сөздерді қатыстырып, сөз тіркестерін құрап жазу.
Дескриптор:
Өнерге қатысты терминдерді таба алады.
Термин сөздерді орынды қолданып, сөз тіркестерін құра біледі.
Өнерге қатысты термин сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрау.
Дескриптор:
Терминдерді таба алады.
Термин сөздерді орынды қолдана біледі.
«Астана- өнер ордасы» тақырыбына термин сөздерді орынды қолданып, шағын әңгіме жазу.
Дескриптор:
Өз ойын жүйелі жеткізе алады.
Әңгімеде термин сөздерді тиімді қолданады.
Әңгіме тақырыбы ашылған.
Қ.Б. Бағалау парақшасы арқылы бағалау
Тапсырма шеңбер фигурасын таңдаған оқушылардан сұралады.
Кері байланыс:
Не үшін бұл тапсырманы таңдадың?
Рефлексия
«Таңдау» әдісі
1. Мен сабақта үйрендім көп нәрсені ______ үйренгенім аз болды.
2. Мен басқаларды мұқият ______зейін қоймай тыңдадым.
3. Мен сабаққа жиі ______сирек қатыстым.
4. Мен сабақтағы өз жетістігіме ризамын ______көңілім толмады.
Үй тапсырмасы:
Термин сөздерді орынды қолдана отырып, 5 сөйлем құрап келіңдер. Қай салаға қатысты екендігін дәлелдеңдер.
|
Түрлі түсті математикалық фигуралар
https://mas saget.kz/kyizdarga/ psihologiya/984
Интерактивті тақта
Оқулық
Интерактивті тақта
Бағалау парақшасы
|