Сабақ: Қазақ тілі Мектеп: «Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі»



бет5/6
Дата02.04.2023
өлшемі253,47 Kb.
#78412
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Қосымша ақпарат

Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жүргізесіз?

Бағалау. Оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?



Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс (тәрбие элеметтері)

Барлық оқушылар:
• Төл сөз бен төлеу сөзді мәтін ішінен ажырата алады. Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің жасалу жолдарын, қызметін біледі, төл сөзді төлеу сөздерге айналдыра алады.
Оқушылардың басым бөлігі:
Төлеу сөзді төл сөзге, төл сөзді төлеу сөзге айналдырады, төл сөздердің жасалуын, олардың тыныс белгілерін меңгеріп, өз беттерінше төл сөзді мәтіндер құрайды.
Кейбір оқушылар:
• Мәтін ішінен төл сөздер мен төлеу сөздерді ажыратады, олардың жасалу жолдарын түсіндіріп бере алады.

«Қолмен белгі беру» әдісі. Оқытушы өзінің сабақ түсіндіріп жату процесін кез-келген уақытта тоқтатып, оқушылардан айтылып жатқан тақырыпты түсінгенін немесе түсінбегендерін сұрау арқылы олардың сабақ барысындағы іс-әрекеттерін анықтауда тиімді әдіс болып табылады. «Мадақтау сэндвичі» әдісі позитивті комментарий айтуға, не ұнағандығын, сындарлы сын, не нәрсені жақсарту керек туралы ой-пікірлерді білдіру мақсатында өзіндік тиімділігі бар. «Дұрыс. Бұрыс» әдісі арқылы жеке жұмыс бойынша олардың жұмыстарының дұрыс және бұрыс тұстарын анықтау кезінде бір-бірін бағалауға пайдасы мол. «Топтық бағалау» әдісі топтардың бір-бірін бағалауға мүмкіндік береді.
«Рефлексия пирамидасы» арқылы кері байланыс жасалады.

Сабағымда қазақ әдебиеті пәнімен пәнаралық байланыс орнатылды. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері сақталған.
АКТ қолданылды.
Оқушылардың бойында ұлтын, ана тілін қадірлеу, адамгершілік қасиеттер қалыптасады.

Рефлексия
Оқу/сабақ/ мақсаты мен міндеттері орындалды ма?
Бүгін оқушылар не үйренді?
Сабақ қалай, қай деңгейде өтті?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)
Уақытты қалай пайдаландым?Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неге?





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет