Сабақ Қазақ тілі мемлекеттік ті



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата06.03.2017
өлшемі0,58 Mb.
#8132
1   2   3   4

Қыз айттыру 

Существуют 

различные 

виды 


«қыз 

айттыру».  Если  дети  маленькие,  или  даже  еще  не 

родились,  обе  стороны  договариваются  в  будущем 

стать сватами. Такие люди обычно очень хорошо знают 

друг  друга,  давно  дружат  семьями.  До  рождения 

малышей,  если,  конечно  позже  один  из  них  будет 



 

22 


мальчиком, а другая – девочкой – договариваются стать 

сватами 


«атастыру». 

Вышеназванное 

сватанье 

называется «бел құда» (до рождения детей). Ну, а если 

сватают  детей  с  колыбели  -  «бесік  құда»  (бесік  – 

колыбель). Иногда женивший сына на дочери свата, сам 

выдает  свою  дочь  за  сына  своего  свата,  и  их  так  и 

называют 

«қарсы 

құда»-«взаимными 



сватами». 

Люди,продолжившие  свое  сватовство,  то  есть  ставшие 

дважды  сватами,  называются  «сүйек  жаңғырту». 

Женитьба  взрослых  детей  осуществляется  после  «құда 

түсу» (сватовства). 

Родственные 

отношения 

казахов 


учитывались  в  основном  до  седьмого  колена.  Об  этом 

свидетельствует  древний  обычай,  запрещающий  брака 

между мужчинами и женщинами своего рода.  

 

Қыз көру 

Смотрины  «Қыз  көру»  иногда  называли  и 

«қыз таңдау». По обычаю дети знаменитых людей или 

искусные люди народа, джигиты устраивали смотрины 

девушек для женитьбы. Прослышав, что в дальнем ауле 

есть  хорошая,  красивая  девушка  на  выданье,  джигиты 

со  своими  друзьями  по  искусству    отправлялись 

выбирать себе суженую. Казахская народная пословица 

«қызды  кім  көрмейді,  қымызды  кім  ішпейді»  -  «кто 

кумыс не пьет,  кто  к девушке не сватается» открывает 

все дороги для джигитов. 

 

Сүт ақы 

Плата  за  молоко  матери.  Дата  проводов 

девушки  перед  замужеством  устанавливается  сообща 

отцом невесты и сватами со стороны жениха.  На этот 

той  жених  приезжает  во  главе  со  старшим  сватом,  а 


 

23 


также  с  близкими,  талантливыми  друзьями.  Презентов 

во  время  сватовства  очень  много.  Среди  прочих 

обычаев  и  подарков  самое  особенное,  обращающее  на 

себя внимание и акцентирующее – это «сүт ақы» - плата 

за  молоко  матери.  «Сүт  ақы»  преподносится  матери 

девушки.  



Құйрық – бауыр 

Обрядовое угощение, состоящее из печени 

и курдючного сала. Ритуальное блюдо свидетельствует  

о факте сватовства и принимается в случае  споров как 

вещественное  доказательство  сватовства.  Оно  налагает 

на  родителей  сторон  известные  права  и  обязанности: 

после этого обряда  уже нельзя отступать, в противном 

случае  виновная  сторона  платит  «неустойку»  и 

возвращает полученный калым.  

«Құйрық  бауыр»  -  залог  верности  и 

нерушимости договора. 

 

Жар-жар 

Традиционная 

песня, 


исполняемая 

молодежью во время прощального вечера, на проводах 

девушки. «Жар-жар» исполняется в виде айтыса между 

девушками  и  джигитами.  Джигиты  поют  о  том,  чтобы 

девушка не сожалела, что оставляет отца, ведь хороший 

свекор заменит его.Девушки отвечают, что свекор вряд 

ли  заменит  любимого  отца.  В  «жар-жар»  поется    о 

хороших сторонах будущей жизни.  

 

Джигит: 


Не грусти, красавица, 

Жизнь прекрасна, погляди. 

Не вздыхай и не плачь, 

Счастья желаем всласть, 



 

24 


Не скучай по отцу, 

Будет свекор у тебя. 

 

Девушка: 



Разве свекор, жар-жар, 

Заменит мне отца? 

Как не плакать жар-жар, 

Ухожу ведь навсегда... 



 

Шаңырақ көтеру 

«Шаңырақ  көтеру»  (  шаңырақ  –  купол 

юрты,  көтеру  –  поднять).  «Шаңырақ»  является 

семейной  реликвией  –  хранителем  очага,  символом 

продолжения рода. Поднятие шаңырақа молодой семьи  

при отделении от отцовского очага еще один красивый 

обряд.  Писатель  –  этнограф  Ахмет  Жунусов  писал  об 

этой 


традиции 

«...«шаңырақ» 

молодой 

семьи  


поднимает  только  старый  многодетный  зять».  Для 

выполнения  этого  важного  обряда  за  зятем  едут 

специально.  Для  большой  юрты  (отау)  «шаңырақ» 

поднимается  на  шесте  сидящего  на  лошади  зятя.  За 

поднятие шанырақа зять получает лошадь или верблюд.  

 

2.



 

Тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз. 

1)

 

Тағы да қандай салт-дәстүрлерді білесіз? 



2)

 

Бұл салт-дәстүрлер осы заманға лайық па? 



3)

 

Экономикалық,  қаржылық  жағы    туралы  не 



айтасыз? 

4)

 



Салт-дәстүрді сақтау  -  міндет пе?  

5)

 



Қаржыны қайдан алуға болады?  

 


 

25 


3.

 

Тапсырма. Мысалы:  Сіз үйленесіз, сонда қаржыны 



қайдан аласыз?  Сұраққа жауап беріңіз.  

 

Варианттарды таңдаңыз:  



Жақсы 

жағы 


Жаман 

жағы 


a)

 

жинаған 



қаржымды 

жұмсаймын 

 

 

b)



 

әкемнен 


қаржы 

сұраймын 

 

 

c)



 

туысымнан 

қаржы 

сұраймын 



 

 

d)



 

достарымнан 

қаржы 

сұраймын  



 

 

e)



 

өз 


еңбегіммен 

табамын 


 

 

 



4.

 

Тапсырма.  Мақалдарды  оқыңыздар  да,  оның 



экономикалық жағына мән беріңіз. 

 



Ақшаны ақша жасайды. 

 



Шығысыға иесі басшы. 

 



Кіріссіз шығыс болмайды 

 



Әділ байлық – бағың ол 

 



Береген қолым – алаған 

5.

 



Тапсырма.  «Өз  елімнің  салт-дәстүрін  білемін  бе?» 

тақырыбына шағын әңгіме құраңыз.  

 

 

7-сабақ 



 

Ұлттық ойындардың  қазіргі замандағы  орны.  



 

26 


 

1.Тапсырма.  Мәтіндерді  оқып,  мағынасын  түсінуге 

тырысыңыз.  

 

Асық ойындары. Игры с асиками. 

 

БЕСТАБАН. 

Кей  аймақта  үш  табан,  үш  қарыс  деп  те 

атайды.  Бұл  –  кезінде  үлкен  бозбалалардың  өзі  ауыл-

ауыл  боп  топаймен  ойнайтын  ұлттық  ойыны.  Қазір 

асықпен  ойнауға  болады.  Асықтардың    араларына 

сүйем  не  қарыс  жер  қалдырып,  бір  сызықтың  бойына 

тізіп  қою  керек.  Екі  жағынан  бес  табан  жер  өлшеп, 

кеней  тұрған  орыннан  қосар  сызық  сызылады.  Екі 

жаққа  бөлінген  балалар  бес  метр  жерден  тұрған 

асықтарды кезекпен атқылайды. Шарты – тигізіп құлату 

қана  емес,  бес  табан  сызықтан  кенейді  шығара  білу. 

Сол  үшін  қорғасынды  ауыр  сақалар  қолданылады. 

Олардың судың бетіне тас жалатқандай лақтырады. Бұл 

ойын  үшін  дәлдік,  мергендік  керек.Ұтқандар  ұпай 

санын жиып, мәреге жетеді. 

 

АЙГӨЛЕК ОЙЫНЫ 

Бұл  ойынды  екі  топқа  бөлініп  ойнайды.  Топтар 

20-30  қадам  қашықтықта  бір-біріне  қарама-қарсы  қол 

ұстасып тігіліп түрады. 

 

Ойынды бастайтын топ: 



 

Айгөлек, Айгөлек 

Айдың жүзі дөңгелек 

Айгөлек деп ән шырқап, 



 

27 


Би билейміз дөңгелеп. 

Біздің топтан сіздерге 

Айтыңдаршы кім керек? 

 

Оған екінші топ: 



 

Айгөлек, Айгөлек 

Айдың жүзі дөңгелек 

Айгөлек деп ән шырқап, 

Би билейміз дөңгелеп. 

Сіздің топтан біздерге 

(Бір ойыншының атын атайды) 

деген керек, деп жауап береді. 

 

Аты  аталған  ойыншы  жүгіріп  келіп,  екпінмен,  қол 



ұстасып  тұрғандардың  тізбегін  бұзып  өтуі  тиіс.  Егер 

бұзып өте алса, жұбы үзілген балалардың бірін жаңағы 

ойыншы  өз  тобына  ертіп  кетеді.  Ал  бұза  алмаса,  сол 

топтың  құрамына  кіреді.  Ойын  соңында  қай  топта  көп 

адам болса, сол топ жеңген болып табылады.  

 

ҰЛТТЫҚ   АТ ОЙЫНДАРЫ. 



КӨКПАР 

Көкпар-атқа  мінген  жігіттердің  қатысуымен 

өтетін  ойын.  Ойынды  бастау  үшін,  көкпаршылар 

белгіленген  сызықтың  бойын  қатар  түзеп  тұрады. 

Сызықтан  40-50  адымдай  жерге  көкпар  тасталынады. 

Әдетте  көкпар  тартуға  бауыздалған  лақ    немесе  серке 

беріледі.  Берілген  белгіден  кейін  көкпаршылар  шаба 

жөнеледі.  Жерде  жатқан  көкпарға  бірінші  жеткен 

шабандоз  көкпарды  іліп  алып  қашады,  қалған 

көкпаршылар  қуып  жетіп,  тартып  алуға  әрекеттенеді. 

Ойын  белгіленген  көмбеге  жеткенше  осылай  жалғаса 


 

28 


береді.  Кім  бұрын  көкпарды  көмбеге  әкелсе,  сол 

жеңімпаз атанып, көкпарды өзінде қалдырады. 

Егер  ойыншылар  екі  ауыл  немесе  топ 

болып  бөлініп  ойнаса,  көмбеге  алғаш  жеткен 

көкпаршының  тобы  жеңіске  жеткен  болып  есептеледі. 

Мұндай  ойынды  «Мәре  көкпар»  деп  атайды.  Көкпар 

шамалы өзгертілген түрінде әр жерде өзінше жүргізілуі 

мүмкін.  Қай  жерлерде  күн  батып,  қараңғы  түскенше 

көкпар тарту – ойынның шарты болып саналады.  

 

ҚЫЗ ҚУУ 

Қыз  қуу  –  ашық  алаңда  жүргізілетін 

қызықты және әдемі ұлттық ойын. Ойынға атқа мінген 

қыз  бен  жігіт  қатысады.  Алдымен  ара  қашықтығы  1-2 

шақырымдай  екі  көмбе  белгіленеді.  Бірінші  көмбеде 

жігіт,  ал  қыз  оның  арт  жағында  он  адымдай  жерде 

тұрады.  Берілген  белгіден  кейін  қыз  екніші  көмбеге 

қарай  шаба  жөнеледі.  Қыз  жігіттің  жанынан  өте  бере, 

жігіт қызды қуып жетуге қамданады.  Егер жігіт қызды 

қуып  жетсе,  құшақтап  сүйеді.  Қыз  бен  жігіт  екінші 

көмбеге  жеткен  соң  кері  қарай  шабады.  Ендігі  кезекте 

жігіт  қашады,  қыз  оны  қуа  жөнеледі.  Жігітті  қуып 

жеткен  қыз  оны  қамшының  астына  алады.  Осылайша 

ойын қайталана береді. 

 

2. Тапсырма. Мәтіндер бойынша сұраққа жауап беріңіз. 



 

1)

 



Бұл ойындар қазіргі заманға лайық па? 

2)

 



Ұлттық 

спорт 


ойындарының 

қазіргі 


замандағы деңгейі қандай?  

3)

 



Лайық болса, оның экономикалық, қаржылық 

жағын шешу жолдары қандай? 

4)

 

Тағы қандай ұлттық ойындар білесіз? 



 

29 


5)

 

Ұлттық ойынды ойнауға немесе тамашалуаға 



уақыт бөлу керек пе? 

 

 3. Тапсырма. Уақыт туралы даналардың сөзін тыңдайық. 



 

 



«Әркім  өз  уақытын  еңбегінің  көлемімен  өлшегені 

дұрыс» 


 

 

 



В.Г.Белинский 

 



«Жастық өз уақытын білмейді» 

Р.Хорезми 

 

«Бүкіл  экономия,  сайып  келгенде,  уақытты 



үнемдеуге әкеп соғады» 

К.Маркс. Ф.Энгельс 

 

«Минут ұрыс тағдырын шешеді. Сағат шайқас 



тағдырын шешеді. Күн бүкіл мемлекет тағдырын 

шешеді» 


А.В.Суворов 

 

4. Тапсырма.  «Ұлттық ойын» сөз тіркесін септеңіз. 



  

 

 



5.Тапсырма.  Ұлттық  ойынның  бір  түрін  орыс  тілінде 

мазмұндаңыз.  

 

 

 



8, 9 – сабақтар.  

 

 Үнемшілдік – экономика жаны.   Тіл дамыту сабақтары.  



 

1.Тапсырма. Мәтіндерді оқып, сұрақтарға жауап жазыңыз. 

Есте сақтайық! Қазақ тілінде 7 септік бар. 


 

30 


 

ҰҚЫПТЫЛЫҚ ПЕН ҮНЕМШІЛДІК – ЭКОНОМИКА 

ЖАНЫ. 

 

  



Сенің  жеке  тірлігің,  шаруашылығың  бір  кереметке 

негізделеді.  Ол  –  ұқыптылық  пен  үнемшілдік.  Ал 

ұқыптылық,  үнемшілдік  дегеніміз  –  экономика  жаны.  Бұл 

керемет  тағы  да  басқа  ойға  туыс  келеді.  Ол  гүлдену. 

Гүлдену дегеніміз – экономикалық табыс пен бақыт.  

 

Сенің  жеке  шаруашылығың    тек  қана  сенің  ақша 



жұмсау  қабілеттілігіңмен  шектелмейді.  Бұл  мүмкіндік  - 

өзіңнің уақытың мен қуатыңды жұмсай білу деген сөз.  

 

 

ҮНЕМШІЛДІК ДЕГЕНІМІЗ – САРАҢДЫҚ ЕМЕС 



 

 

Үнемшіл  болу  дегеніміз  –  сараң  болу  деген  емес. 



Сараң  адамдар  табысын  ешқашанда  біреумен  бөліспейді. 

Олар  тіпті  өздерінің  үлестерін  төлеуден  де  жалтарады. 

Өзгелерді ешқашанда мақтамайды. 

 

Сараңдық дегеніміз жақсы қасиет  емес. Сараң болу 



дегеніміз  өзінде  бар  нәрсені  қызғыштай  қорып,  оны 

шашпауға  тырысу,  болашаққа  кең  өріс  ашудың  орнына, 

қолында  бар  нәрсені  достарыңнан  биік  қойып,  тәуекелге 

бел буа алмау. 

Үнемшілдік ұғымына тәуекелшілдік те байланысты. 

Үнемшіл  болу  дегеніміз  –  қуанышсыз  сұрқай  өмір  кешу 

емес. Теледидар алдынан аулақ кетіп, болашақта саған көп 

пайда  әкелетін  іспен  айналысу  үшін  өз  еркіңді  бағындыра 

білу  де  –  тәуекелшілдік.  Сенің  көптеген  таныстарың 

теледидардан  бірнеше  сағаттар  бойы  бас  алмай  отырар, 

бәлкім.  Олан  сенің  теледидар  алдына  жуымайтыныңды 

көріп, сені түсіне қоюы неғайбыл. 

 


 

31 


 

ТӘУЕКЕЛШІЛДІК 

 

Сөйтіп  сенің  ұзақ  уақыт  бойы  теледидарға 



қарамауың – тәуекелшілдік болып табылады. 

Үнемшілдік дегеніміздің өзі де сенің өз уақытыңды дұрыс 

ұйымдастыра біліп, ойға алғаныңның барлығы болмаса да, 

көпшілігін  тындырыптастауға  үлгеру  үшін  өз  күшіңді 

шақтап жұмсай білуіңді білдіреді.  

 

(Америка  жазушысы  К.Хелстің  «Жасөспірімдерге 



арналған экономика кітабынан») 

 

үнемшілдік – бережливость 



жеке шаруашылығың – личная хозяйство  

гүлдену – процветание 

табыс – успех 

ақша жұмсау – тратить деньги 

ақша жинау – копить деньги 

ақшадан да қажет не – больше чем деньги 

жеке  шаруашылығыңның  иесі  –  владелец  своего 

собственного хозяйства 

басты мүддең – главный интерес 

өз  өміріңді  өзің  айқындайсың  –  твоя  жизнь  определяется 

тобой 

сараң – скупой 



тәуекелге бел буа алмау – пренебрегать разумным риском 

уақытыңды 

дұрыс 

ұйымдастыра 



білу 

– 

умение 



организовать свое  время 

 

2.Тапсырма. Сұрақтарға жауап  жазыңыз. 



 

1)

 



Сен  ақшаңды ала салып түгел жұмсайсың ба? 

2)

 



Егер  сен  ақша  үнемдесең  оны  ойланбастан 

үнемдейсің бе? 



 

32 


3)

 

Егер  сен  ақша  жинайтын  болсаң,  оны  неге 



жұмсауға ертерек ойланасың ба? 

4)

 



Сен ата-анаңмен ақша туралы ақылдасып көрдің 

бе? 


5)

 

Олар ақшаны жақсы жұмсай ма? 



6)

 

Олар сенімен бұл мәселе туралы әңгімелесе ме? 



 

3.  Тапсырма.  Берілген  мақал-мәтелдерді    талдап 

тұсіндіріңіз, орыс тіліндегі баламасын табыңыз. 

 



 

Жаман қойшы жайлауын бір күн жейді, 

Жақсы қойшы жайлауын мың күн жейді.  

 



 

Сауып ішсең мың күндік, 

Сойып жесең бір күндік. 

 



 

Ескі киімді баптағаның 

Жаңа киімді сақтағаның. 

 



 

Ескі ким жаңа киімнің қорғаушысы. 

 



 



Ақша кетуге тырысады, 

Есеп ұстауға тырысады.  

 

4.Тапсырма.  Мына    мәтінге    назар  аударыңыз.Мәнерлеп 



оқып, орыс тіліне аударыңыз.  

 

- Жапон кереметін әркім әрқалай түсіндіреді.  Оның 



негізі ішкі үнемдеушілік пен экспорттық жолмен өндірісіті 

өркендетуде жатыр десек қателеспейміз бе? 

Мұның 


бәрі 

дұрыс. 


Үнемдеушілік 

өз 


ерекшеліктеріміздің бірі деп есептеледі.  Бұл басқа елдерде 

сирек  кезедсетін  жапон  халқына  тән  ерекшелік.  Осы 

тұрғыда біз дамыған Батыс елдеріне ұқсамаймыз. Үнеммен 


 

33 


өмір сүріп,  сонымен байи алған халық екенімізді ешқашан 

естен  шығара  алмаймыз.  Өндірісте  де  үнемі  соны  ескеріп, 

соған сай заттар шығарамыз. Мысалы, бізде шығарылатын 

мәшинелер аз бензинмен жүреді. Қай салада  да үнемдеуді 

ойлауға  мәжбүрміз.  Өйткені  шикізат  шет  жақтан  келеді. 

Оны  аз  қолдана  отырып,  көп  үнем  алуға  тырысамыз.  

Жапондықтар  көп  жұмыс  істеп,  соғанорай  көп  қаржы 

тапқанымен, 

ақшаны 

аз 


жұмсауға 

тырысады. 

Жалақыларының  белгілі  бір  бөлігін  банкке  сақтауға 

әдеттенген.    Осының  арқасында  баюға    болатынын  бәрі 

жақсы біледі.  

 

 



 

 

 



 

 

 



«Заман – Қазақстан» 25.04.1997ж.  

 

5.Тапсырма.  



 

1.

 



үнем, үнемдеу, үнемдеушілік сөздерінің  мағынасын 

талдаңыздар, сөйлем құраңыздар. 

2.

 

Жапон кереметі туралы өзіңіз не білесіз? 



 

 

10 -сабақ. 



 

Ең қымбат та, ең арзан. Уақытты меңгеру үшін не қажет? 

 

1.Тапсырма. Ойтүрткі. Мына сұрақтарды талқылаңыз. 



 

1)

 



Уақытты басқару дегеніміз не? 

2)

 



Уақытты меңгеру үшін не қажет? 

3)

 



Уақыттың жаулары не деп ойлайсыз? 

 

2.Тапсырма. Мәтінді оқыңыз. 



 

 

34 


Уақытты басқару -  өнер. Біреу жұмысқа мезгілінде 

келіп,  мезгілінде  кетеді.  Бірақ  ешнәрсе  үлгере    алмайды. 

Екінші  біреу  үнемі  кешігіп  жүреді,  әйтсе  де,  жұмысын  өз 

уақытында тамаша орындап тастайды. 

 

Кеңес  Одағы  кезінді  адамдарда  уақытты  меңгеруге 



деген  еш  қажеттілік  болмады.  Барлығының  жұмысы  бар, 

жұмыс  уақыты  белгілі,  тиісті  демалысын  алады.  Міндетін 

орындаса  болды.  Қазір  олай  емес,  әркім  өзі  үшін  жұмыс 

істейді.  Сондықтан  кейбіреулер  тәуліктің  тең  жартысын 

жұмысқа арнап жүр. Бірақ нәтижелі ме? Әркім өз уақытын 

меңгере ала ма? Қымбат минуттарыңызды үнемдеу бар ма? 

Өзгелердің уақытына құрметпен қарайсыз ба? 

 

 



 

 

 



 

 

 



(Қазақ тілі. З.С.Күзекова.)   

үлгере алмайды – не успевает 

Кеңес Одағы – Советский Союз 

әркім өзі үшін жұмыс істейді – каждый работает для себя 

қымбат минуттарыңыз – дорогие минуты 

 

3.  Тапсырма.  Мына  сөйлемдерге  назар  аударып,  есте 



сақтаңыз. 

 



 

Уақытты  саналы  сезініп,  өмір  сүріңіз.  Маңызды 

жұмыстар үшін уақыт табыңыз. 

 



Еңбек ету үшін уақыт табыңыз, бұл табыс кепілі. 

 



Ойлану  үшін  уақыт  табыңыз,  бұл  күш-жігер 

бастауы. 

 

Оқу үшін уақыт табыңыз, бұл –  білім негізі. 



 

Армандау  үшін  уақыт  табыңыз,  бұл  –  жұлдыздарға 



барар жол. 

 



Махаббат  үшін  уақыт  табыңыз,  бұл  –  өмірдің 

шынайы қуанышы. 

 

Көңіл  көтеру  үшін  уақыт  табыңыз,  бұл  -  жанның  



әуені. 

 

35 


 

4. Тапсырма. Толтырыңыз. Шын (ш) немесе жалған (ж). 

 

 

Ш 



Ж 

1. Даналық жасқа байланысты 

 

 

2. Елдің бәріне ортақ бір-ақ  күнтізбе бар 



 

 

3. Тек оны әркім әр түрлі пайдаланады 



 

 

4. Уақыт – аксүйектікті мойындамайды 



 

 

5. Ханға да, қараға да берілетін мерзім – 



тәулігіне 25 сағат 

 

 



6. Адам уақытты сезінгенде ғана өзін-өзі 

қадағалап отырады. 

 

 

7. Дүниедегі ең жаман дерт – еріншектікті 



жеңеді. 

 

 



 

даналық – мудрость 

күнтізбе – календарь 

тәулік – сутки 

 

3.

 



Тапсырма. Мына өлеңді жаттап алыңыз. 

 

Уақытты тоқтатар шама бар ма? 



Бәрі өтеді дәуірлер замандарда. 

Менің жаман ашиды мына өмірді, 

Өтпейтіндей көретін адамдарға. 

 

Өтеді ғой... 



Өтеді барлығы да. 

Күн арқалап кетеді таңды мына. 

Менің жаным ашиды барлығына, 

Таң нұрына, адамның тағдырына. 

 

 

 



 

( М.Мақатаев.)  

 


 

36 


11  – сабақ. 

 

Жеті қазынаның мәні неде?  



 

1.Тапсырма. Аңызды оқыңыз, мазмұнын айтыңыз. 

 

...  Өмірден  өз  орнын  таба  алмай  ренжіп  жүрген  жас 



жігіт кездейсоқ қарт кісіге жолығып, сәлем береді. Қарт  

кісі Қызыр баба еді. 

-

 

Қызыр баба, сізден сұрайтын тілегім бар, - деді жас 



жігіт. 

-

 



Айта ғой, - деді қарт. 

-

 



Таусылмас  қазынаға  қолым  жетіп  қуансам  деген 

арманым бар, - деді ол. 

-

 

Тілегің  қабыл  болады.  Бірақ  біліп  қой,  қазына  сені 



ісзеп келмейді. 

-

 



Оны  өзің  іздеп  табуың  керек.  Асықпай  тыңдап  ал. 

Қазына жетеу. 

Бірінші  қазына  –  білімде,  екінші  қазына  -  өнерде, 

үшінші  қазына  –  тілде,  төртінші  қазына  –  диірменде, 

бесінші  қазына  –  саудада,  алтыншы  қазына  – 

шаруашылық,  диқаншылықта,  жетінші  қазына  –  ит 

болады. 

Табиғи  дарының  мен  қабілетіңе  қарай;  өзіңе 

лайығын  таңдап  ал.  Жігіт  өз    қабылетіне  қарай 

шаруашылық; диқаншылықты таңдапты. Жігіт еңбектің 

арқасында бай болыпты, қазыналы болыпты. 

 

 



 

 

 



 

 

«Жас алаш», 2002, ақпан.  



 

2.  Тапсырма.  Мәтінді  оқыңыз  (таныс  емес  сөздерді 

сөздіктен қараңыз.) 

 


 

37 


«Жеті  қазынаны  –  жеті  ырыс»  деп  атауының  да  мәні  бар.  

«Жеті ырысқа»  мыналар  жатады: 

Бірінші  –  адамның  ақылы,  ой-санасы.  Өйткені, 

адамзат  ақылы  хайуанаттар  дүниесінен  бөлініп,  ғарышқа 

самғады. Әр дүниенің қожасы болады. 

Екінші  –  дененің  саулығы.  «Денсаулық  –  зор 

байлық» деген сөзімен байланысты. 

Үшінші    -  ақ  жаулық.  Халқымыз  ежелден  әйелді 

тіршілік  иесі,  адам  өмірін  жалғастырушы  серігіміз  деп 

пікір тұтып қастерлеген. 

Төртінші  –  бала.  Бала  –  адам  өмірінің  жалғасы, 

қуанышы. 

Бесінші  –  көңіл.  Көңіл  мен  пейіл  болса,  ынтымақ 

пен береке орнайды. 

Алтыншы  –  жер.  «Жерсіз  –  еш  тұл,    жер  –  елдің 

анасы». 


Жетінші – ит.  

 

көрік – красота, облик 



қасиет- свойство, качество, достоинство 

қорғаушы – защитник 

несібе – доля, удел 

тірек – опора 

шуақ – тень 

шуақтану – проясниться 

шуақты күн – солнечный, светлый, погожий день  

 

3. Тапсырма. Сұраққа  жазбаша жауап беріңіз. 



 

Сіз аңыздағы «Жеті қазынаны» қолдайсыз ба? Неге?  

 

4. Тапсырма. Сіздіңше «Жеті қазынаға» не жатады?  



 

Бірінші –  



 

38 


Екінші –  

Үшінші –  

Төртінші –  

Бесінші –  

Алтыншы – 

Жетінші –  

 

5.  Тапсырма.  Сіз  қандай  қазынаны  таңдар  едіңіз?  Өз 



ойыңызды жазыңыз.  

 

 



 

12 - сабақ. 

 

Қаржы жүйесі.  Қаржы дегеніміз не? 



 

1.Тапсырма. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.  

 

Қаржы  дегеніміз  –  экономикалық  категория.    Ол 



ұлттың  табиғаты,  қоғамдық  өнімді  бөлу  кезінде  пайда 

болған  орталықтандырылған  ақшалай    қорлардың 

қалыптасуы  және  оларды  өндіріске  қолдану,  қоғам 

қажеттілігін қанағаттандыруды айтамыз. Оның объектісі  – 

қаржы  ресурстары  болып  табылады,  ал  субъектісі  – 

мемлекет,  кәсіпорындар,  өндірістік  және  өндірістік  емес 

ұйымы болып табылады.  

Тұңғыш  рет  ақша  қатынасы  XI-XVII  ғасырларда  

пайда болған. Ол ең алғаш Италияда қолданылды.  Қаржы 

атауы  дегеніміз  «ҚА»  барлық  табыс  деген  сөз.  Демек, 

барлық  табыс  қаражат  қорларын  жасау  мен  пайдалану 

процесіндегі  экономикалық  қатынастарды  бейнелеп 

көрсететін 

экономикалық 

категория. 

Қаржы 


есеп 

жүйесімен  тығыз  байланысты.  Қаржының  материалдық  

мазмұны    құрамына  көптеген    ақша  қорлары  енеді.  


 

39 


Мысалы:  мемлекеттік  бюджет,  әлеуметтік  қамсыздандыру 

және сақтандыру, тұтыну қоры мен тағы басқалар.  

 

орталықтандырылған – централизованный 



табиғат – природа 

қолдану – применять 

үнемі – постоянно 

 

2.Тапсырма.  Мәтін  бойынша  сұрақтарға    жазбаша  жауап 



беріңіз. 

1)

 



Қаржы дегеніміз не? 

2)

 



Қаржының объектісі 

3)

 



Тұңғыш  рет  ақша  қатынасы  қай  ғасырларда 

пайда болған? 

4)

 

Қаржының материалдық мазмұнына не кіреді? 



 

3. 


Тапсырма. 

Мына 


үзіндіні  тақырып 

бойынша 


жалғастырыңыз. 

 

 



Әрбір  дербес  мемлекеттің  тәуелсіздігін  білдіретін 

басты  белгілерінің  бірі  –  ұлттық  ақшасы.  Қазақстан  да 

тәуелсіздікке  қол  жеткізгеннен  кейін  өз  ақшасын 

шығаруды  шұғыл  қолға  алды.    Сөйтіп,  1993  жылыдың 

қараша айынан бастап өз теңгеміз айналымға түсе бастады. 

Ұлттық  теңгеміздің  ерекшелігі  –  мықты,  тез  тозбайтын 

қағаздан,  арнайы  тапсырыс  арқылы  шетелде  дайындалды 

және жалған ақшаға қарсы оннан аса білгісі көрсетілген....  

 

дербес – самостоятельный 



белгі – знак 

айналым – оборот 

арнайы тапсырыс – специальный заказ 

 

 



 

40 


4.  Тапсырма.Мына  сөздердің  қазақ  тіліндегі  баламысн 

тауып, сәйкес нөмірлеңіз. 

1)

 

Валюта  



 

елдің ақша бірлігі 



 

шет мемлекеттердің ақша белгісі  



 

1)

 



Валютный курс – валюталық белгілеу 

2)

 



Валютная котировка – валюталық бағам 

3)

 



Частично  конфертируемая  валюта  –  ішінара 

айырбасталатын валюта 

4)

 

Валюта  конвертируемая  –  айырбасталмайтын 



валюта 

5)

 



Свободно 

конвертируемая 

валюта 

– 

айырбасталатын валюта  



 

5.Тапсырма.    Мұны  білгеніңіз  артық  болмас...    Жаттап 

алыңыз.  

 

Ұлттық  ақшалар.  Әр  елдің  ұлттық  ақшасының  өз 



атауы  бар.  Қазақстанда  –  теңге,  Ресейде  –  рубль, 

Ұлыбританияда  –  фунт,  стерлинг,  АҚШ  пен  Канадада  – 

доллар, Қырғызстанда  – динар, Германияда  – марка, Ирак 

пен  Югославияда  –  динар,  Венгрияда  –  формит, 

Түркменстанда 

– 

манат, 



Францияда, 

Бельгияда, 

Швейцарияда  –  франк,  Гвецияда,  Норвегияда,  Данияда; 

Исландияда, Чехияда – крона т.б.  

 

13  -сабақ.   



 

Салық. Әділетті салық. 

 

1.Тапсырма.  Мәтіндерді    оқыңыз.  Өз  көзқарасыңызды 



білдіріңіз.  

 


 

41 


Салық  

 

Мемлекеттің  бюджеттік  салаларының  басты  көзі 



салық  болып  саналады.  Бюджеттік  салаларға  армия,  білім 

беру, денсаулық сақтау мекемелері, ғылым, мәдениет, өнер 

т.б. жататыны белгілі.  

 

Салық  дегеніміз  –  салық  төлеуші  жеке  және  заңды 



тұлғалардан  мемлекет  өндіріп  алатын  міндетті  төлемдер. 

Олардың  мөлшері  мен  төлеу  мерзімі  заңмен  белгіленеді. 

Салық  негізгі  екі  функцияны  атқарады.  Олар:  біріншіден, 

салық салу мақсатына қарай мемлекеттік кәсіпорындармен 

және  азаматтармен  өзара  қарым-қатынастарын  реттейтін 

экономикалық  тұтқа,  екіншіден,  бюджеттің  кіріс  бөлігін 

қалыптастыру мен толықтырудың  негізгі көзі. 

 

Салықтар  төте  және  жанама  салықтар  болып 



бөлінеді. 

 

Салық  төлемінің  табысынан  немесе  мүлкінен 



тікелей төленетін салықты төте салық дейміз. Төте салыққа 

табыс салығы, жер салығы, көлік  құралдарына салынатын 

салық жатады. 

 

Жанама  салыққа  сатылатын  тауарлар,  орындалған 



жұмыстарға,  көрсетілген  қызметтер  үшін  төленетін  және 

бағаға  немесе  тарифке  үстеме  түрінде  белгіленетін,  салық 

төлеушінің 

табысымен 

немесе 

мүлкімен 



тікелей 

байланысты емес салық жатады.  

 

 

 



Американ  экономисі  Лафферге  сүйінсек,  өндірістің 

де дамуы мемлекеттік салыққа байланысты. Экономиканы 

мемлекеттік  реттеудің  ең  белсенді  құралының  бірі  – 

салыққа  көпшілік  көзқарасы  қандай?  А.Смит  айтқандай 

салықтың «әділетті салық екенін түсінеміз бе? 


 

42 


Бүгінгі  нарықтық  экономикада  салықтың  мақсатты 

болуы керектігін түсінеміз бе? 

Салықты  қарапайым  тілмен  айтатын  болсақ  оны 

мемлекеттік  бюджет  деуге  болады.  Ал  мемлекет  кім  –  ол 

өзіміз, ол біздер. 

Мемлекеттік  бюджетті  толтыру  үлкен  мәселе.  

Екінші  үлкен  мәселе  -  өндірісті  қалай  көтереміз. 

Қазақстанда  өндірісті  көтермесек,  салық  та  түспейді, 

тәуелсіз  мемлекет  болмайды.  Тәуелсіз  мемлекетте  әр 

уақытта  өз  өндірісі  күшті  болғаны  жөн.  Осы  үшін  үкімет 

бөлу функциясын пайдалануға қажет. Ол үшін жақсы өнім 

беретін,  сұранысқа  ие,  өнім  беретін  өндірісте  салықты 

төмендетуге болады. Екіншіден, кім сол салықты жинайды 

– тек қана таза адам болуы керек.  

Мемлекеттік  қызметкер  басқа  мемлекетте  үлкен 

жалақы  алады,  үлкен  жеңілдіктерге  ие  болады.  Ал  егер 

қателессе, оның ұрпағы да қызметке алынбайды. Кателесу, 

заңсыздыққа  бару  -  өз  мемлекетіне  қарсы  қылмыс  жасау 

болып  табылады.  Басқа  еуропалық  мемлекеттерде    салық 

бойынша  қылмыскерлерге    де  қатаң  жаза  береді.  Неге 

десеңіз  жай  адам  мүмкін  жеке  адамға  зиянын  тигізсе, 

салық  саласындағы  қылмыскерлер  мемлекет  үшін,  халық 

үшін үлкен қылмыс жасайды, яғни кңөп адамға – халыққа 

зиянын тигізеді.  

Салық  саясатының  мақсаты  болу  керек  дейміз.  Ол 

мақсаттар  қандай:  біріншіден,  өз  мемлекетін  көтеріп, 

тәуелсіз  мемлекет  болу  үшін,  екіншіден,  бәріміз  үшін. 

әрбіріміз  үшін  салық  төлеу  –  төлемегеннен    тиімді  болу 

керек.  Салық  төлеу  –  бір  жағынан  ұлттық,  азаматтық 

міндет болып саналады, патриотизм болуы керек.  

 

салық – налог 



әділетті салық – справедливый налог 

нарықтық экономика- рыночная экономика 



 

43 


мемлекеттік бюджет – государственный бюджет 

заңсыздық – беззаконие 

салық саясаты – налоговая политика 

 

 



2.Тапсырма. Сұрақтарға жауап  беріңіз. 

  

Банк мемлекеттік салықтың мына түрлерін төлей ме? 



1)

 

Табыс салығы 



2)

 

Қосымша құнға салынатын салық 



3)

 

Құнды 



қағаздармен 

жүргізілетін 

операцияларға салынатын салық  

4)

 



Жер салығы 

5)

 



Мүлік салығы 

6)

 



Көлік құралдарына салынатын салық 

7)

 



Жол салығы 

 

3.  Тапсырма.  Мына  сөз  тіркестерімен  сөйлем  құраңыз,  өз 



пікіріңізді айтыңыз. 

 

Корпорациялық  табыс  салығы,  жеке  табыс  салығы, 



қосылған  құн  салығы,  әлеуметтік  салық,  көлік  құралдары 

салығы,  мүлік  салығы,  жер  салығы,  мемлекеттік  салық, 

салық мөлшері, салық мәдениеті.  

 

4.  Тапсырма.  Мына  сөздер  мен  сөз  тіркесінің  қазақша 



баламасын жазып нөмірлеңіз: 

1)

 



двойное налогообложение 

- табыс салығы 

2)

 

налог  на  автотранспортные  средства  –  құнды 



қағазға салынатын салық 

3)

 



налог  на  ценные  бумаги  –  көлік  құралдары 

салығы 


4)

 

подоходный налог – қосарланған салық  



 

 

44 


5.Тапсырма Мәтінді оқып, өз пікіріңізді қосыңыз. 

 

Өздеріңізге  белгілі  Рейган  саяси  аренаға  шығар 



алдында    да  АҚШ  белгілі  бір  дәрежедегі  дағдарысты 

басынан  кешті.  Осы  кезде  американ  экономисі  Лаффер  

өндірістің  дамуы  мемлекеттік  салыққа  тікелей  қатысты 

заңын  ойлап  тапты.  Рейган  іле-шала  салықтың  саны  мен 

мөлшерін  кең  көлемде  қысқартты.  Расында  да  экономика 

қайтадан  жандана  бастады.    Рейган  елдің  сүйікті 

Президенттерінің біріне айналды.  

 

 



14  - сабақ. 

 

Қазақстан банктері. Банк қандай қызметтер ұсынады? 



 

1. Тапсырма. Банктер тарихымен танысыңыздар.  

 

ТұранӘлемБанкінің тарихы 



 

1997  жылы  ҚР-ның  қаулысымен  қаңтардың  15-інде 

екі қаржы институты біріктіріліп, ТұранӘлемБанкі тұсауын 

кесті.  ТұранБанктің  тарихы  1925  жылдан  басталады.  Ол 

бұрынғы  -  Өнеркәсіп  құрылыс  банкі.  Әлембанк  Қазақстан 

тәуелсіздік алғаннан кейін құрылды. 

30  қыркүйек  1998  ж.  ТұранӘлемБанк  ААҚ  болып 

қайта құрылды. 

Банктің акционерлері: 

Астана – Холдинг 

Мелькомбинат ААҚ 

Қостанайасбест ААҚ 

Шымкент макарон  фабрикасы ААҚ 

Аралтұз ААҚ 

Банктің негізгі бағыттары: 


 

45 


 

корпоративтік банкинг; 



 

бөлшектік банкинг; 



 

қаржылық қызмет 



Қызметінің негізгі түрлері: 

 



тұтыну несиелері; 

 



пластикалық карточкалар; 

 



тұрғындардың мерзімдік салымдары; 

 



коммуналдық төлемдер; 

 



валюта айырбастау 

Республикалық  екінші  дәрежелі  банктер  арасында 

ТұранӘлемБанктің  салым  базасындағы  көрсеткіші 

бірінші, ал несие беруде екінші орында. 

Бүгінгі  таңда  Қазақстанның  ірі  банктері  арасында  

бәсекелестері  Казкоммерцбанк  пен  Халықтық  банк 

екені  белгілі.    Бүгінде банктің  меншікті капиталы  845-

105 млн. доллардан асты.  

 

«Казкоммерцбанктің»  тарихы 



 

Банк  1990  ж.12-шілдеде  «Медеу  банк»  деген  атаумен 

құрылды.  Қазақстан  тәуелсіздік  алғаннан  кейін,  «Медеу 

банкі»  басқа  атаумен  «Казкоммерцбанкә  АҚ  атанды.1991 

ж.21-қазанда  №48  лицензия  алды.  Банктің  Әділет 

министрлігі берген № 4466-1910-АҚ тіркеу туралы куәлігі 

бар. 

Банктің  басты  офисі  мына  мекен-жай  бойынша 



тіркелген: Алматы қаласы, Гагарин даңғылы. 

1994ж. 


Казкоммерцбанк 

«Астана 


Холдинг» 

коммерциялық банкпен бірікті. Бұл банкте 22 бөлімше, 51 

кассалық  -  есеп  айырысу  орталығы,  12  дербес  қызмет 

көрсету орталығы бар. 

1995  ж.  Казкоммерцбанк  экономикалық  және  саяси 

мәні бар мұнайгаз процесіне белсене қатысты. 



 

46 


1996  ж.  Казкоммерцбанк  стандартқа  сай  болу  

мақсатына қол жеткізді. 

1997  ж.Казкоммерцбанк  «твинниг»  бағдарламасын 

жүзеге асырды. 

1998 ж. ішкі және сыртқы еврооблигациялар шығарды. 

1997  ж.  Казкоммерцбанк  Ынтымақтастық  туралы 

Келісімге қол қойды. 

Банк басшылары: 

1.

 

Директорлар кеңесінің төрағасы 



2.

 

Директорлар кеңесі 



3.

 

Банктің жалпы басқармасы. 



 

біріктірілді -  объединились 

нәтижесінде – в результате 

несие – кредит 

бүгінгі таңда – сегодня 

ашық – открытый 

бағдарлама – программа  

 

2.  Тапсырма.  Газет  материалдарын  пайдаланып,  басқа 



банктердің   ақпараттары туралы  жазыңыз.  

 

3.Тапсырма.Қысқарған сөздерді біліп алыңыз: 



 

EBRD – Еуропалық қайта құру және даму банкі 

IFK – Халықаралық қаржы корпорациясы 

DEG – Германияның инвестициляық компаниясы 

FMO – Голландия даму банкі 

RZB  - Австралиялық банк тобының орталық институты 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет