Сабақ Қазақ тілі мемлекеттік ті



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата06.03.2017
өлшемі0,58 Mb.
#8132
1   2   3   4

 

4.Тапсырма.    ТұранӘлемБанк  төрағасымен  сұқбатқа  назар 

аударыңыз.  

 

- Банктің клиенттері кімдер? 



 

47 


Заңды  тұлғалар,  жеке  тұлғалар,  өнеркәсіп  иелері,  мекеме 

ұйымдар. 

-

 

Басқа 



банктермен 

корреспондеттік 

қатынас-

тарыңыздың дамуы қандай? 

Басқа  банктермен  корреспонденттік  қатынастарымыз 

кеңейіп, өсіп жатыр.  

-

 

Банк қызметінің негізгі бағыттары қандай? 



Банк қызметіндегі ең негізгі бағыт – банктің несие қызметі. 

Несиелеу  –  біздің  жұмысымыздың  маңызды,  болашақты 

жақтары. Біз несиелік қызметті тұтынуды зерттейміз. 

-

 



Алдағы мақсаттарыңыз қандай? 

Жаңа  клиенттерді  күтеміз.  Банк  өзінің  салымшыларына, 

салымдардың  сенімділігіне,  есеп-айырысудың  жылдам 

және  нақтылығына  батыс  банктерінің  деңгейіндегі 

сервиске кепілдеме бере алады.  

 

5.Тапсырма. 



«Мен 

болашақ 


банк 

қызметкерімін» 

тақырыбана  әңгме жазыңыз.  

 

 



15 – сабақ. 

 

Құнды қағаздар туралы не білесіз? 



 

1.

 



Тапсырма.  Мәтінді  оқып,  орыс  тіліне 

аударыңыз.  

 

Бүгінгі  таңда  нарықтық  қатынастар  тамырын 



тереңге  жайған  сайын  құнды  қағаздардың  маңызы  арта 

түсетіні  анық.  Алайда  көпшілік  қауым  құнды  қағаз  сатып 

алғанымен,  оны  қалай  пайдалану  керектігін  жете  біле 

бермеуі  де  мүмкін.  Құнды  қағаздармен  тиісінше  пайда 

табумен,  оны  шығарған  кәсіпорынның  экономикалық 

мәселелерін  ойдағыдай  шешуіне  үлес  қосарын?  Сонымен 



 

48 


бірге  өзінің    де  әлеуметтік  жағдайын  едәуір  жақсарта 

түсеріне көзі анық жете ме екен? 

 

Сұрақтарға  экономика  ғылымдарының  докторы, 



профессор Гүлжан Қарақұсова жауап береді: 

-

 



Құнды қағаз дегеніміз не? Кеңес Одағы кезіндегі 

құнды  қағаздардан  қазіргі  Қазақ-стандағы 

құнды  қағаздардың  айырмашылығы  қандай? 

Бұлар неліктен құнды қағаздар деп аталады? 

Құнды  қағаздарға  акция,  облигация,  мемлекеттік 

қазыналық  міндеттемелер,  вексельдер  жатады.  Бұл 

қағаздар  бұрынырақта  «бағалы  қағаздар»  деп  аталған. 

Бірақ «бағалы» деген сөзден гөрі «құнды» деп атағанымыз 

дұрысырақ,  неге  десеңіз,  бүгінгі  құнды  қағаздар  оның 

иесіне тек пайда, табыс әкеледі. 

 

«Құнды»  деген  сөздің  өзі  мейлі  қай  жағынан  алсақ 



та,  мағынасы  жағынан  біз  айтып  жүрген  акция, 

облигациялардың  анықтамасын  аша  түседі.  Құнды 

қағаздардың  үш  түрлі  құнды  қасиеттері  бар,  яғни  оны 

сатып алып отырып сіз: 

 

біріншіден, акция иемденушісі боласыз; 



 

екіншіден,  оны  шығарушы  кәсіпорынының  белгілі 

бір бөлігіне ие боласыз; 

 

үшіншіден,  акцияның  екі  бағасының  –  номиналды 



және  нарықтық  бағасының  айырымы  арқылы  пайда 

көресіз.  

 

Құнды  қағаздардың  екі  түрі  бар:  қарыз  түріндегі 



құнды қағаз және корпоративтік құнды қағаз.  Егер құнды 

қағазды мемлекет шығарған болса, ол мемлекеттік  

құнды қағаз – қатерсіз құнды қағаз болып табылады.  

-

 



Қазіргі  кезде    мемлекеттік  құнды  қағаздар 

айналыста бар ма? 

Айналыста мемлекеттік құнды қағаздар бар. 

-

 



Құнды қағаздарға қазіргі кезде сұраныстар бар ма? 

 

49 


Қазіргі құнды қағаздар нарығында екі түрлі құнды қағаздар 

айналыста бар: корпоративтік, мемлекеттік. 

-

 

Қазақстанда  құнды  қағаздар  нарығы  қашан  пайда 



болды? 

Қазақстанда  құнды  қағаздар  нарығы  1991  жылдан  бастап 

пайда 

бола 


бастады. 

Бұл 


мәселеде 

мемлекеттік 

кәсіпорындардың  жекешенлендірілуі  мен  акциолендірілуі 

шешуші роль атқарады. 

 

 

 



 

 

 



 

 

(«Заман-Қазақстан» газеті. 1996 ж.) 



 

айырмашылық – отличие, различие 

айырымы – остаток, разница 

анықтама – справка, определение 

иемденуші – владелец 

едәуір – довольно много, достаточно 

қаржыландыру – финансирование 

көпшілік – большая часть, большинство 

 

2. Тапсырма. Мәтін бойынша сөздікті жалғастырыңыз..  



 

3.Тапсырма. Мәтінді мағыналық  бөлімдерге бөле отырып, 

жоспар құрыңыз.  

 

4.Тапсырма. Мына сүхбатты жалғастырыңыз. 



 

-

 



Сәлеметсіз бе? 

-

 



Сәлеметсіз бе? 

-

 



Сіздердің  құнды  қағаздарыңыз  туралы  білгім  келіп 

еді. 


-

 

Әрине, білуге болады.  



-

 

Қандай құнды қағаздар сізді қызықтырады. 



-

 

...  



 

 

50 


5.  Тапсырма.  «Мен  болашақ  бизнесменмін»    тақырыбына 

шағын шығарма жазыңыз.  

 

 

16, 17    – сабақтар .  Жаттықтыру,  тіл дамыту.   



 

1.Тапсырма.  Өз  бетіңізбен  мәтінді  оқып,  мазмұнын 

түсінуге тырысыңыз.  

 

Жарнама  тілі хақында.  



 

Өмірдің  әрбір  саласында  адамдар  мүддесі  мен 

қызметіне,  әлеуметтік  жағдайына  байланысты  тіл  де 

ерекшелініп,  таңдалып  қолданылады.  Сол  сияқты  қазақ 

тілінің  де  жарнама  саласыдағы    қолданылу  сапасы    мен 

қоғамдық  қызметінің  көлемін  анықтау  –  бұл  зерттеудің 

маңызды бір бөлігі. 

Қазақ  тілінің  мемлекеттік  тіл  дәрежесін  толығымен 

атқаруы  үшін  оның  жарнама  саласында  кеңінен 

қолданылып, өрісін кеңейтуі өзекті мәселе екені белгілі. 

Қазақ  тілі  азды-көпті    кейінгі  жылдары  ғана 

жарнама 


саласында 

қолданыла 

бастады. 

Бірақ  


жарнамадағы  тіл  мәдениеті    көпшілік  көңілінен  шықпай 

жүргені  анық.  Мемлекеттік  тілде  берілген  көпшілік  

жарнама  талғамсыз,  қазақ  тіліне  қалай  болса,  солай 

аударылатынын  байқау  қиын  емес.  Оның  үстіне  кейбір 

коммерциялық  құрылымдардың    шетел  атрибутикасына 

тым әуестенуі, шет тілдеріндегі көрнекі ақпараттың жиілеп 

кетуіне  соқтыруда.  Мәселен,  Торговый  дом  «Butja»,  

«Adidas»,  «Anuar shop»,  «Raimbek Food»,  audio vidio CD,  

«Business Dos LTD»,  «Binqo» т.б.  Сол сияқты  даңғылдар 

мен  көшелерде  «Marlboro»,    «Rotmans»,  «Lucky  Strike»,  

«Camel»,    «Kent»  т.б.  кезестіруге  болады.  Жарнама  қазақ 


 

51 


тілінде  барлық  бұқаралық    ақпарат  құралдарында 

қолданылатын болды. 

Қазіргі  кезеңде  радиодан  жиі  еститініміз,  газеттен 

үнемі оқитынымыз, теледидардан минут сайын көретініміз  

-  жарнама.  Көшеге  шықсақ  айналаны  қоршайтын  тағы  да 

жарнама. 

Сөз  жоқ,  баспасөз,  теледидар,  радио  бүгінде  үлкен 

жарнама 


көзі 

болып 


отыр. 

Бұқаралық 

ақпарат  

құралдарының анықтамасы  бойынша, жарнама – тауар мен 

қызмет  көрсету  жөніндегі  ақпарат  түрінде  журналистика 

құрамына  кіреді.  Аудиторға  тауар  мен  қызмет  көрсету 

туралы  ақпарат  ұсынған  жарнамалар  оған  таңдау 

мүмкіндігін  береді.  Қазіргі  күнде  көрсетіліп  жүрген  

жарнамалар  аталған  анықтаманың,  оның  шарттарын 

мемлекет тарапынан қабылданған заңдарын орындай алмай 

жүр.  

Біздіңше,  қоғамға  рухани,  мәдени-материалдық 



пайда  тигізетін  жарнамалардың  ғана  ілінуі  керек  деп 

ойлаймыз,  атап  айтқанда,  отандық  өндірісті,  балет,  театр, 

концерттер  сияқты  мәдени  іс-шараларды  насихаттайтын 

жарнамалар  көбірек  керек.  Сонымен  қатар  балет,  театр, 

концерттер  туралы  жарнамалар  көпшілік  жағдайда  еш 

бояусыз  көлеңкеде  қалып  жүр.  Керісінше,  бояуы  қанық, 

әдемі,  бірнеше  тілде  қатар  жазылған,  бірден  көзге  түсетін 

жарнамалар көрнекі орындарда ілініп тұрады. 

Мұның  өзі  жарнама  саласында  қазақ  тілі  өз 

дәрежесінде  қолданылмай,  кедергілерге  ұшырап  отыр 

деген  сөз.  Сондықтан  мемлекеттік  тілдің  жарнама 

саласында  қолданылу  деңгейін  анықтап,  оның  ғылыми 

негізделген тетігін жасау қажет. 

Қазақ  тілінің  мемлекеттік  тіл  қызметін  өз 

дәрежесінде  атқарып,  оның  жарнама  саласында  еркін 

жұмасалуы  үшін  қазіргі  жағдайда  тіл  мамандары 

мемлекеттік  тілдің  жарнама  саласында  қолданылуы 


 

52 


жөніндегі  түрлі  сын-пікірлер,  айтыстарды  тоқтатып, 

жарнаманың  тіл  мәдениетіне  тиісті  көңіл  бөліп,  оның 

қалыптасуына  жағдай  жасалуы,  басшылыққа  алатын 

арнайы  заң  шығарылуы,  Қазақстанда  жарнама  мәселесі 

жуық арада  дұрыс шешімін таппайтыны сөзсіз. 

Қазақ  тілі  -  ресми  түрде  мемлекеттік  қамқорлыққа 

алынып,  мәртебе  берілген  тіл.  Сондықтан  ол  өміріміздің 

кез–келген    саласында  еркін  қолданылуы  керек.  Тіл 

заңының  1997  жылғы  нұсқасының  21-бабында  жарнамаға 

байланысты былай делінген:  

«  ...  хабарландырулар,  жарнамалар,  көрнекі  ақпарат 

мемлекеттік  тілде  жазылады».  Алайда  Қазақстанда 

жарияланып  жүрген  жарнамалардың  тіл  заңының  бұл 

тарауын  қаншалықты  орындап  басшылыққа  алып 

жүргендігін    арнайы  зерттеулер  жүргізбей-ақ  байқауға 

болады... 

 

 

(Р.Ш.Шабденова. 



«Жарнама 

тілі 


хақында» 

мақаласынан    үзінді.  «Қазақстаннның  болашағы  қазақ 

тілінде» 

ғылыми 


– 

практикалық 

кнференция 

материалдарынан.  Қарағанды. 2006) 

 

4.

 



Тапсырма.  Мәтін  бойынша  сөздік  жұмысын 

жасаңыз. 

 

5.

 



Тапсырма. Мәтінге сұрақтар дайындаңыз. 

 

6.



 

Тапсырма.  «Қазақ  тілі  экономика  саласында» 

тақырыбына мақала жазыңыз.  

 

 



 

18, 19 -сабақтар.   Экономикалық мәтіндермен жұмыс. 

 


 

53 


1.  Тапсырма.  Мәтінді    орыс  тіліне  аударыңыз.  Мақаладан 

үзінді.  

 

ЭКОНОМИКА ТІЛІ – ҚАЗІРГІ  ЗАМАНҒЫ ҚОЛДАНУ 

ТІЛІ

 

...  Әр  саланың  өкілдері  мен  мамандық  иелерін 



өздеріне  қажетті,  жиі  қолданыстағы  лексикасы  арқылы 

сөйлетуге  бейімдеу  керек.  Бейімдеуді  тілді  үйренушінің  

мамандығына,  қажеттіліктеріне,  сұраныстарына  қарай 

іріктеген  жөн.  Мамандық  тілінде  сөйлей  білу  қажеттілігін 

оқу  орнындарында  бастаған  жөн.  Бұл  орайда  берілетін 

мәтіндер  –  негізгі  құрал.  Осы  құрал  арқылы  сан  алуан 

терминдердің 

қазақша 


баламасын 

тіл 


үйренушіге 

меңгертуге болады.  

Мысалы: 

Е.А.Бөкетов 

атындағы 

Қарағанды 

мемлекеттік университетінің профессоры Х.М.Нұрмұқанов  

«Терминдер  төңірегіндегі толғаныс» мақаласында әріптесі 

Б.Қалиевтің    бір  мақаласында  процент    терминін 

біреулердің  соншама,  жүздеуік  деп  қазақшаласақ  дейтін 

ұсыныс  жасағанын  айта  келіп,  бұлай  айтуды  жөн 

көрмейтінін,  өз  көңіліне  өзбек  ағайындардың  пайызы 

ұнайтынын,  «жұрт  алғашқы  бетте  тосырқағанмен,  кейін 

үйреніп кетеді» деген болжамын да жария етіп еді. Бұнысы 

шындыққа  айналды:  процент  әлдеқалай  естіліп  қалатын 

болып,  пайыз  бел  алып  кетті..  Демек  процент-тен  жөнсіз 

безінгеннен  гөрі,  осылардай  жас  «шабуылшылардың» 

балама  табуға  болатындарына  балама  тауып,  аударуға 

болатындарын  аударып  қолданудың  жайын  ойластыру 

абзал болар еді» - дейді. 

 

Қазіргі  уақытта  экономикалық  тілдің  өмірімізге 



терең енуіне, көптеген сөздердің өмірде қолданыс табуына, 

өзінің септігін тигізіп отырған теледидарда берілетін «Тіл» 

бағдарламасының  еңбегі  өте  зор.  Бұнда  аударылатын 


 

54 


сөздер  әр  түрлі  мамандардың  сараптамасынан    өтіп, 

қолданысқа  жіберіліп  жатады.    Әсіресе,  бұл  аударма 

сөздердің  қолданысқа  жылдам  енуіне  жағдай  жасайды. 

Осындай 


мақсатта 

жүргізілетін 

бағдарламалардың 

ауқымын кеңейтсе нұр үстіне нұр болар еді деп ойлаймыз... 

  

Шабденова Р.Ш. Мақаладан үзінді. 



Ғылыми-практикалық конференция материалдары.  

 

2.Тапсырма. Мәтін бойынша сұрақ – жауап дайындаңыз. 



 

3.  Тапсырма.  Экономикалық  сөздерді  атаңыз,  олардың 

мағынасын түсіндіріңіз.  

 

4.Тапсырма.    Пікірталас  тақырыбы  бойынша  жұмыс 



жасаңыз. 

1)

 



Экономика – біздің тұрмысымыз. 

2)

 



Экономикада  да біртұтас идеология керек. 

 

5.Тапсырма.  «Экономика  тілі  –  қазіргі  заманғы  қолдану 



тілі»  тақырыбын жалғастырыңыз.  

 

 



 

20 –   сабақ.  

 

. «Экономика»  тақырыбы бойынша қорытындылау.   



 

1.Тапсырма. Мәтінді оқыңыз. Сұрақтарға жауап жазыңыз.  

 

«Заманына  қарай  –  адамы».  Экономиканы  білу  – 



пайда.  Заман  өзгеруде.  Әр  салада  істейтін  мамандар  тек 

тілді ғана меңгеріп қоймай, өзін мәдениеттімін деп санаған 

адам экономиканы жақсы білуі керек. Аристотельдің мына 


 

55 


бір  даналық  сөзін  еске  түсіріңіздер:  «Егер  әрбір  адамы 

экономиканы жақсы білсе, сол мемлекет күшті».  

 

1)

 



Орыс тіліне аударып көріңіз. 

2)

 



Экономика  дегеніміз  не?  Экономикаға  қатысты 

сөздер.  

3)

 

Экономика біздің өмірімізге қатысты ма? 



4)

 

Экономиканың қандай жолдары бар?  



5)

 

Экономика табиғатпен  салыстыруға бол ма? 



 

 

2.  Тапсырма.  Заманына  қарай  «Жүзден  жүйрік,  мыңнан 



тұлпар»  болу  керек.  Нарық  экономикасында  бәсекелестік 

дегеніміз не?  

 

1)

 



Бәсеке деген не? 

2)

 



Бәсекенің неше жағы бар? 

3)

 



Өркениетті  қоғамда  бәсеке қандай болу керек? 

4)

 



Әділетті, әділетсіз бәсеке деп қандай бәсекелерді 

айтамыз? 

5)

 

Мемлекетке қандай бәсекелестік тиімді? 



 

3.  Тапсырма.  Орыс  тілінде  тегін  айтылмайды  «Семь  раз 

отмерь,  один  раз  отрежь»,    «Бірігіп  пішкен  тон  келте 

болмас»,-  деп.      Бюджет.    Жанұялық  бюджет  деген  не?  

Бюджетке қатысты сөздер тобы білесіз бе?  

 

Бюджет  белгілі  бір  кезеңге  жасалып,  заң  түрінде 



бекітіледі.  Бюджет  кіріс  және  шығыс  бөлігінің  әр  түрлі 

құрылымынан  тұрады.    Қаржының  беріктілігі  мен 

тұрақтылығы 

мемлекеттік 

бюджеттің 

орындалуына 

байланысты.  Бюджеттің  шығысынан  кірісі  көп  болуы  – 

экономикалық  қажеттілік.  Тұтыну  бюджеті  –  кіріс  пен 

шығысты  қадағалау.  Жанұялық    бюджет  –  жанұя 


 

56 


мүшелерінің  табысынан  құралады.  Әр  адам    бюджетті 

есептей  білу  керек.  Мысалы:  Табыс:  50 000  теңге.  Негізгі 

шығыстар: тамақ, киім, жол ақшасы, коммуналдық қызмет 

ақшасы т.б.  

 

4. Тапсырма.  



Христиан билиясында «Дающая рука не оскудеет»  - деген 

мақал  бар.  Қазақ  тілінде  «Алаған  қолым  береген»  -деген 

бар. Табыс. Табыс қайдан түседі?  

 

1)



 

Табыс деген не? 

2)

 

Пайда деген не? 



3)

 

Қандай табыс болады? 



4)

 

Қандай пайда болады?  



5)

 

Табыс  пен  пайдаға  байланысты  мақал-мәтелдер 



білесіңдер ме? 

Табыс-өнеркәсіп  немесе  жеке  адамның    қызметтері  үшін 

берілетін  ақшалай  немесе  материалдық  ресурстар  болып 

табылады.  

Пайда  –  таза  табыс  түрі,    өндіріс  шығыны  мен  табыстың  

айырмашылығы. 

 

Қандай табыс? 



 

 

Қандай пайда?  



валюталық табыс 

 

 



күткен пайда 

жылдық табыс 

 

 

балансты пайда 



мемлекеттік табыс   

 

жоспарлы пайда 



ақшалай табыс 

 

 



жарияланған пайда 

ұлттық табыс  

 

 

салыққа дейінгі пайда 



реалды табыс  

 

 



салықтан кейінгі пайда 

 

Мақалдар 



 

Артық олжа – басқа еңбек 



 

 



Оңай олжа – тұрмас қолға 

 

57 


 

 



Шығасы шықпай, кіресі кірмейді 

 



 

Қайырсыз пайдадан – қайырлы залал 

 



 



Шөмелені  шөбім  бар  деме,  несиені  малым 

бар деме.  

 

5.  Тапсырма.  Экономика  саласында  жарнама  үлкен  орын 



алатынын білеміз. Жақсы жарнама – табыс көзі.  

 

1)

 



Жарнама деген не? 

2)

 



Қазіргі  жарнамалар көбінесе қай тілде беріледі?  

3)

 



Қазақ тілінде жарнамалар бар ма? Олардың 

жағдайы қандай? 

4)

 

Өз Банкіңді жарнамасы бар ма?  / Әр Банк өз 



жарнамасын көрсетеді/ 

 

6.Тапсырма. Сұрақтарға жауап жазыңыз.   



 

1)

 



Ақша деген не? 

2)

 



Ақша қандай қызмет атқарады? 

3)

 



Басқа елдердің ақшалары қалай аталады? 

4)

 



Ақша айналымы дегеніміз не? 

5)

 



Жаңа ақша туралы не айтасыз? 

 

7. Тапсырма.  Жазып алып, есте  сақтаңыз.  



 

Өзін  мәдениеттімін,  білімді  әрі  іскермін  деп 

ойлайтын  әрбір  азамат  экономика  мәселесін  бес 

саусағындай  білуі  керек.  Жеке  адамның,  семьяның,  бүкіл 

қоғамның барлық тірлігі экономикадан тұрады. Экономика 

–  бұл  адам  еңбегінің  нәтижесін  көрсететін  ұғым.  Ел 

басылары  мәдени  және  экономикалық    интеграция 


 

58 


шартына  қол  қойды.  Экономикалық  саясатты  дұрыс 

жүргізу  керек.  Экономикалық  білім,  экономикалық 

сауаттылық өте қажет. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

59 


Бақылау жұмыстары 

 

1-нұсқа 



 

1  Тапсырма.  Мақалдардың  мағынасын  түсіндіріп, 



жаттап алыңыз

1.

 



Ел іші – алтын бесік. 

2.

 



Жері байдың – елі бай. 

3.

 



Отан көркі – жерімен. 

4.

 



Өз елім - өлең төсегім. 

5.

 



Жерін сатып асаған, екі күн-ақ жасаған. 

 

 



2. Тапсырма. Мәтінді сөздікке сүйеніп аударыңыз. 

Экономист деген кім? 

Әлемнің  бірден-бір  елі  экономистсіз  жұмыс  істей 

алмайды.  Олар  қоғамның  экономикалық  дамуына 

талдау  жүргізеді  және  болашақ  дамуға  болжам 

жасайды.  Экономист  бағаның  құбылуы  мен  тарифтер, 

инфляция,  ауылшаруашылық  және  өнеркәсіп  өнімі, 

салықтар,  тауарларды  сырттан  әкелу  және  экспортқа 

шығару, ұлттық бюджет пен жалпыұлттық өнім сияқты 

салаларды  зерттейді.  Халық  шаруашылығының  әр 

саласы  –  жекеменшік  және  мемлекеттік  меншіктердегі 

кәсіпорын,  ұйым  немесе  компания  олардың  қызметіне 

зәру. 

Олар  елдің  дамуының  экономикалық  шарттарын, 



халықтың 

тұрмыс 


деңгейін, 

халықаралық 

экономикалық  жағдайды  және  әлемдік  рыноктарды, 

валюта  курсының  өзгеруін  зерттейді.  Осының  бәрін 

істейтін – экономистер.  

     


 

алдау – анализировать 

 

бағаның құбылуы – изменение цен 



 

60 


 

шарт –условие 

 

сыртан әкелу – импорт 



 

мөлшерін белгілейді- определяет объем 

 

 

3-тапсырма.  Мамандықтардың  атауларын  қазақ  тіліне 



аударыңыз. 

1.

 



Маркетинг 

2.

 



Экономика 

3.

 



Менеджмент 

4.

 



Государственное и местно управление 

5.

 



Финансы 

6.

 



Учет и аудит 

7.

 



Информационные 

системы 


(по 

отраслям 

и 

областям) 



8.

 

Оценка (по отраслям и областям) 



 

 

4-тапсырма.  Сөздерге  барыс,  табыс  септіктерінің 



жалғауларын жалғаңыз

Мамандық, нарық, экономика, саясат, жүйе, ғылым, 

ғимарат. 

 

 



5-тапсырма.  «Менің  сүйікті  мамандығым»  тақырыбына 

диалог құрыңыз. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

61 


2-нұсқа 

 

1. Тапсырма. Мақал-мәтелдерді жаттап алыңыз. 



1.

 

Ақша тиыннан құралады. 



2.

 

Кіріс шығыссыз болмайды. 



3.

 

Береген қолым алаған. 



 

 

2. Тапсырма. Мәтінді қазақ  тіліне аударыңыз 



 

«Казкоммерцбанктің»  тарихы 

 

Банк  1990  ж.12-шілдеде  «Медеу  банк»  деген  атаумен 



құрылды.  Қазақстан  тәуелсіздік  алғаннан  кейін,  «Медеу 

банкі»  басқа  атаумен  «Казкоммерцбанкә  АҚ  атанды.1991 

ж.21-қазанда  №48  лицензия  алды.  Банктің  Әділет 

министрлігі берген № 4466-1910-АҚ тіркеу туралы куәлігі 

бар. 

Банктің  басты  офисі  мына  мекен-жай  бойынша 



тіркелген: Алматы қаласы, Гагарин даңғылы. 

1994ж. 


Казкоммерцбанк 

«Астана 


Холдинг» 

коммерциялық банкпен бірікті. Бұл банкте 22 бөлімше, 51 

кассалық-  есеп  айырысу  орталығы,  12  дербес  қызмет 

көрсету орталығы бар. 

1995  ж.  Казкоммерцбанк  экономикалық  және  саяси 

мәні бар мұнайгаз процесіне белсене қатысты. 

1996  ж.  Казкоммерцбанк  стандартқа  сай  болу  

мақсатына қол жеткізді. 

1997  ж.Казкоммерцбанк  «твинниг»  бағдарламасын 

жүзеге асырды. 

1998 ж. ішкі және сыртқы еврооблигациялар шығарды. 

1997  ж.  Казкоммерцбанк  Ынтымақтастық  туралы 

Келісімге қол қойды. 

Банк басшылы: 



 

62 


4.

 

Директорлар кеңесінің төрағасы 



5.

 

Директорлар кеңесі 



6.

 

Банктің жалпы басқармасы. 



 

 

3. Тапсырма. Мәтін бойынша сөздік жазыңыз.  



 

 

4. Тапсырма. Сөйлемді талдаңыз 



Казкоммерцбанк  «твинниг»  бағдарламасын  жүзеге 

асырды. 


 

 

 



5.  Тапсырма.  «Мен    болашақ  экономиспін»,    «Мен 

болашақ  банк  қызметкерімін»,  «Мен  болашақ  салық 

қызметкерімін»  тақырыптары бойынша  шағын әңгіме 

жазыңыз.  /Тақырып  мамандағыңызға  байланысты  болу 

керек/  


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

63 


3-нұсқа 

 

1.Тапсырма.  Мына  сөздермен  сөйлем  құрап,  сөздерді 



құрамына қарай  (түбір-қосымша) талдаңыз. 

1.

 



Үйренді, өзі, Асан, жинауды, төсегін. 

2.

 



Сабақтан, ертең, келеді, Қайрат, кеш. 

3.

 



Рауан, үйренді, жазуды, дәптерге. 

4.

 



Ақылды, болды, Аян, алғыш, бала.  

 

 



2.Тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыз

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет